Жәнібек ауданы аумағындағы әскерге шақыру учаскесіне 1990 жылы тұған азаматтардың тіркелімін өткізу туралы Күшін жойған
Басқа 0
Жәнібек ауданы аумағындағы әскерге шақыру учаскесіне 1990 жылы тұған азаматтардың тіркелімін өткізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңдарының негізінде ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Жәнібек аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (Н.Кенжеғалиев) жасы 17-ге толатын, сондай-ақ одан жоғары, бұрын тіркелімнен өтпеген азаматтарды 2007 жылдың қаңтар-наурыз айларында әскерге шақыру учаскесінде тіркеуден өткізсін.
Тармақ 2
2. Әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге жататын азаматтардың санын, әскери қызметке жарамдылығын анықтау, медициналық куәландыру үшір қосымшаған сай аудандық комиссия құрылсын.
Тармақ 3
3. Жәнібек аудандық аумақтық медициналық бірлестігіне (Т.Мұсағалиев) мыналар ұсынылсын:
Тармақша 1
1) тіркеуден өтетін азаматтарды медициналық тексеруден өткізу үшін қажетті жоғары білімді тәжірибелі маман дәрігерлерді бөліп, шақыру пунктін медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету шараларын алу;
Тармақша 2
2) әскерге шақыру учаскесіне тіркелуге тиісті азаматтарды флюрографиядан өткізуді қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) қан тобының ерекшелік сипатын анықтау үшін тіркелім кезеңінде жұмыс істеуге лаборант бөлу;
Тармақша 4
4) тіркелім өткен соң, тиісті азаматтарды емдеу мен сауықтыру жөнінде шұғыл нақты шаралар алу.
Тармақ 4
4. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің өтініші бойынша тапсырламарды орындау үшін Жәнібек ауылдық округі әкімі (Р.Өтемісов) 3 техникалық қызметкерлер бөлетін болсын;
Тармақ 5
5. Тіркелім кезеңінде әскерге шақыру учаскесінде реттілік пен тәртіп орнату, азаматтардың шақыру учаскесіне келуін бақылау жасап, олардың тіркелімнен жалтару әрекеттеріне жол бермеу аудандық ішкі істер бөліміне (Н.Наурзалиев) міндеттелсін;
Тармақ 6
6. Ауылдық округтер әкімдеріне, мемлекеттік мекемелер басшыларына:
Тармақша 1
1) әскерге шақыру учаскесіне азаматтардың тіркелуін қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміндегі шақыру учаскесіне тіркелуге жататын әрбір азамат мінездемесін, отбасылық мүліктік жағдайы туралы анықтамасын жеткізу;
Тармақша 3
3) тіркелімге жататын азаматтарды толық қамтылуын ұйымдастыру және тіркелімді өткізу үшін жауапты лауазымды адамды белгілеу, ауа-райы жағдайын есепке ала отырып, адам тасуға жабдықталған қажетті көлік бөлу ұсынылсын.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Е.Тарғыновқа жүктелсін.
Тармақ 8
8. Бұл шешім мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енгізіледі.
Келісілді:
Аудандық қорғаныс істері
Жөніндегі бөлімінің бастығы Н.Ө.Кенжеғалиев
Келісілді:
Аудандық аумақтық
Медициналық
Бірлестігінің бас дәрігері Т.Қ.Мұсағалиев
Келісілді:
Аудандық ішкі істер бөлімінің
Бастығы Н.М.Наурзалиев
Келісілді:
Жәнібек ауылдық округінің
әкімі Р.А.Өтемісов
Басқа 16. Әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге жататын азаматтардың санын, әскери қызметке жарамдылығын анықтайтын, медициналық куәландыратын аудандық комиссияның құрамы
Аудан әкімінің
2007 жылғы 8 қаңтардағы
№1 шешіміне қосымша
Әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге жататын азаматтардың санын, әскери қызметке жарамдылығын анықтайтын, медициналық куәландыратын аудандық комиссияның құрамы
Кенжеғалиев Нұрболат Өтепұлы - аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы;
Өтешев Тимур Ерденбекұлы - аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің меңгерушісі, комиссия төрағасының орынбасары;
Шукенова Бәлия Сағынғалиқызы - аудандық аумақтық медициналық бірлестігінің медбикесі, комиссия хатшысы.
Төлеуов Берік Төлепұлы - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша);
Өтегенов Амангелді Бұхарұлы - аудандық аумақтық медициналық бірлестігінің дәрігері (келісім бойынша).