О проведении приписки граждан 1990 года рождения к призывному участку Аулиекольского района Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.01.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әулиекөл ауданының әскерге шақыру учаскесіне 1990 жылы туған азаматтарды тіркеу жүргізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 каңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағы 8-тармақшасының және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17- бабының негізінде Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әскерге шақыру учаскесіне 1990 жылы туған азаматтарды тіркеу 2007 жылдың 2 қаңтарынан 31 наурызына шекті жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Тіркеу жөніндегі комиссияның жеке құрамы 1-қосымшаға сәйкес және тіркеу жөніндегі комиссияның жұмыс тәртібі 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. "Әулиекөл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығына тіркеу жүргізу кезеңінде әскерге шақырылушылардың жеке істерін ресімдеу үшін келісімшарт негізінде аудандық бюджет қаржысы есебінен ұсталатын екі техникалық қызметкер және кезекші автомобиль көлігін жүргізушісімен қабылдауға рұқсат етілсін. «Әулиекөл ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесімен бірлесіп оқу орындарына әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеуге нарядты жеткізсін, бастапқы әскери даярлық мүғалімдерін - ұйымдастырушыларды әскери-оқу орындары жөніндегі анықтамалық материалдармен қамтамасыз етсін, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы әскери-оқу орындарына үміткерлерді іріктеу жұмысының басталуы туралы хабарландыру берсін. Тіркеу уақытында әрбір әскер жасына дейінгімен әскери - оқу орындарына түсуге әскери - кәсіби бағдар беру мақсатында жеке әңгімелесу өткізсін.
Тармақ 4
4. «Қостанай облысы әкімиятының Қостанай облысы денсаулық сақтау Департаментінің «Әулиекөл аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері (Шульгин С.В. - келісім бойынша) тіркелуші азаматтардың денсаулығын тексеру үшін:
Тармақша 1
1) қажетті мөлшерде тәжірибелі дәрігерлер - маман, орта медицина қызметкерлерін бөліп, сонымен қатар оларды қажетті медициналық құралдармен қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) тексеруге жіберілген тізімге алынушы азаматтардың денсаулығын әрі қарай зерттеу үшін аудандық ауруханада қорда кемінде жиырма орын даяр болуы керек;
Тармақша 3
3) тізімге алынушы азаматтардың барлығына флюорографиялық, лабораториялық зерттеу өткізілсін.
Тармақ 5
5. «Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының Ішкі істер Департаменті Әулиекөл ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (Хұсайынов С.Е.-келісім бойынша) жасөспірімдерді әскерге шақыру учаскесіне тіркеу кезеңінде ұсынамын:
Тармақша 1
1) тізімге тіркелуден қашқан азаматтарды іздеуді және ұстауды жүзеге асырсын;
Тармақша 2
2) шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіпті сақтау үшін күн сайын сағат 9.00-18.00 дейінгі уақытқа бір полиция қызметкерін бөлсін.
Тармақ 6
6. Село, поселке, селолық округтер әкімдері тіркеуге шақырылған азаматтарды нұсқауда және жеке шақыру кағазында көрсетілген құжаттармен қамтамасыз етсін. Тіркелушілерді тіркеу пунктіне жеткізу үшін басшылыққа әскери-есеп стөлінің инспекторын және алғашқы әскери даярлық мұғалімін тағайындауы керек (2 қосымша).
Тармақ 7
7. «Әулиекөл ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (Төребаева З.Ш. - келісім бойынша) 1990 жылы туған азаматтарды тіркеу жүргізуді қамтамасыз ету үшін аудандық бюджет бекіткен, тіркеу жүргізу шығындарының сметасына сәйкес қажетті мөлшерде ақшалай қаржы бөлсін.
Тармақ 8
8. Әулиекөл ауданының әкімдігінің 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 14 «Әулиекөл ауданының әскерге шақыру учаскесіне 1989 жылы туған азаматтарды тіркеу жүргізу туралы» (тіркеу № 9-7-27, аудандық «Әулиекөл» газетінің 2006 жылғы 9 ақпандағы № 6 жарияланған) қаулысының күші жойылды деп есептелсін.
Тармақ 9
9. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қуанышбаев Болатхан Ахметүлына жүктелсін.
Тармақ 10
10. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн откен сон қолоданысқа енгізіледі.
Басқа 16. Тіркеу жөніндегі комиссияның дербес құрамы
Әкімдіктің 2007 жылғы 10 қаңтардағы № 5 қаулысына 1 қосымша Тіркеу жөніндегі комиссияның дербес құрамы Дисенов Виктор Романович - қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссияның төрағасы Қуанышбаев Болатхан Ахметұлы - аудан әкімінің орынбасары, төрағаның орынбасары Ивасютина Ольга Анатольевна - емхананың медбикесі, комисия хатшысы Волкова Марина Вацлавовна - медициналық комиссияның төрайымы, комиссия мүшесі Николаев Николай Семенович - аудандық ішкі істері бөлімі бастығының орынбасары, комиссия мүшесі
Басқа 17. Тіркеу жөніндегі комиссияның жұмыс тәртібі
Әкімдіктің 2007 жылғы 10 қаңтардағы № 5 қаулысына 2 қосымша Тіркеу жөніндегі комиссияның жұмыс тәртібі № р/т Округінің атауы Адам саны өтетін күндері 29 қаңтар 2007 жыл 30 қаңтар 2007 жыл 31 каңтар 2007 жыл 1 ақпан 2007 жыл 2 ақпан 2007 жыл 5 ақпан 2007 жыл 6 ақпан 2007 жыл 7 ақпан 2007 жыл 1. Аманқарағай 49 49 2. Әулиекөл 126 50 50 26 3. Диев 21 21 4. Қазанбасы 19 19 5. Қосағал ауылы 4 4 6. Құсмұрын 85 50 35 7. Москалев 6 6 8. Новонежин 13 13 9. Нововселов 3 3 10. Сұлукөл 14 14 11. Тимофеев 23 23 12. Чернигов 4 4 13. Чернышевский 2 2 14. Қ. Тұрғымбаев ауылы 5 5 15. Шағала 3 3 Барлығы: 377 49 50 50 49 49 45 50 35