Қолданыстағы ред. 27.12.2006

1990 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді жүргізу туралы от 27.12.2006 г. № 15 (1990 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді жүргізу туралы)

0

1990 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді жүргізу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74-III «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 16,17,44-баптарына,Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 33-бабының 1-тармағы 13-тармақшасына сәйкес және 1990 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді жүргізу мақсатында ШЕШЕМІН:

1

1. 2007 жылдың қаңтар,наурыз айларында Махамбет ауданыдық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде 1990 жылы туылған және түрлі себеппен жасы 18-ден асқан, бұрын әскери есепке тіркелмеген аудан территориясында тұратын азаматтарды, шақыру учаскелеріне тіркеу жүргізілсін.

2

2. Азаматтарды шақыру учаскілеріне тіркеу жөніндегі аудандық комиссия құрылсын (1 қосымша). Комиссия жұмысы 2,3- қосымшаларға сәйкес жүзеге асырылсын.

3

3. Махамбет аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (келісім бойынша):

1

1) әскери есеп столы қызметкерлерімен бірлесіп, тіркелуге тиісті 1990 жылы туылған азаматтардың тізімін анықтау, шақыру, хабарлау, тіркеуден өткізуді ұйымдастыру шарасын алуды;

2

2) Алға, Алмалы, Ақтоғай, Ақжайық, Есбол, Жалғансай, Бақсай, Сарайшық, Сарытоғай, Чкалов селолық округтерін әскери есепке тіркелуші жастарды шақыру учаскесіне жеткізу және алдын-ала медициналық байқаущға апару үшін жеке көлік иесімен тасымалдауға шарт жасасуды қамтамасыз етсін.

4

4. Аудандық орталық ауруханаға (келісім бойыншы) азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу үшін, медициналық тексеруге жабдықталған құралдармен, аудандық білім бөлімі, обаға қарсы бөлімшесі(келоісім бойынша) және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі техникалық қызметкерлермен, аудандық телекоммуникация торабына (келісім бойынша) байланыс нүктесімен қамтамасыз етсін.

5

5. Аудандықаурухана әкімшілігі азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу кезінде медициналық байқау комиссиясына дейін азаматтардың қанының тобын, резус факторын,кеуде органдары(флюрографиялықзерттеу), электрокардиограмма, анализдерін анықтау жұмыстарын жүргізеді қамтамасыз етсін (2- қосымша).

6

6. Аудандық білім бөлімі әскери есепке тіркелетін жастарды ұйымдасқан түрде мектептердің бастапқы әскери пәнінің мұғалімі және сынып жетекшесінің басқаруымен жеке іс қағаздарына қажетті құжаттарды дайындап, шақыру учаскілері әкелуді ұйымдастыру міндеттелсін.
Селолық округ әкімдеріне, мекеме - кәсіпорын (келісім бойынша) басшыларына тіркелетін 1990 жылы туылған, әскери есепке тіркелмеген жастарды керекті құжаттарымен осы іске жауапты қызметкердің басқаруы арқылы шақыру учаскісіне жеткізуді қамтамасыз етсін.

7

7. махамбет аудандық ішкі істер бөлімі (келісім бойынша) заңдылыққа сәйкес шақыру учаскелеріндегі тәртіпті қамтамасыз ету, белгіленген мерзімде шақыру учаскесіне келмеген адамдарды шұғыл ісдестіру және қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жеткізу, сондай-ақ азаматтардың тіркеуден жалтару әрекетінің алдын алу мәселелері жөніндегі қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жеткізу, сондай – ақ азаматтардың тіркеуден жалтару әрекетінің алдын алу мәселелері жөніндегі қорғаныс істері жөніндегі бөліммен бірлесіп іс – қимыл көрсетуін ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.

8

8. Аудандық қаржы бөліміне жергілікті бюджет есебінен әскери есепке тіркелу шараларын өткізу үшін қажетті қаржы бөлу тапсырылсын.

9

9. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Арстановқа жүктелсін.
Аудандық қорғаныс істері
жөніндегі бөлім бастығы майор
Б. Қартқожақов
Аудандық орталық аурухананың
бас дәрігірі А. Жұмыров
Аудандық ішкі істері бөлімінің
бастығы полиция капитаны
Р. Мырзабаев
Аудандық ішкі істер бөлімі
бастығының орынбасары
Б. Әміржанов
Аудандық обаға қарсы
күрес мекемесінің бастығы
Ғ.Қарғаев
Аудандық телекоммуникация
торабының бастығы М. Ожаев
Аудандық емхана дәрігірі Ж. Рахметова
Аудандық емхананың медбикесі
Ғ. Есенғалиева

12

Аудан әкімінің
2006 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 15 шешіміне 1-қосымша
аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге 1990 жылы туылған жастарды тіркеу кезіндегі комиссияның құрамы:
Қартқожақов Бекболат Жұмабайұлы
Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша);
Құрманбаев Асқар Рахымұлы
Ауданы әкімі аппаратының
ұйымдастыру-кадр және мемлекеттік-құқықтық жұмыстары бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары;
Комиссия мүшелері
Әміржанов Болатбек Орынғалиұлы
Аудандық ішкі істер бөлімі бастығының
орынбасары (келісім бойынша);
Рахметова Жанна Камалқызы
Аудандық емхана дәрігері, шақыру
комиссиясының аға дәрігері (келісім бойынша)
Есенғалиева Ғалия Кабдрахманқызы
Аудандық емхананың медбикесі, шақыру комиссиясының хатшысы (келісім бойынша)

13

Аудан әкімінің
2006 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 15 шешіміне 2-қосымша
Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге 1990 жылы туылған жастарды тіркеу кезіндегі флюрография және анализ тапсыру кестесі
р/с
Мектеп
атауы
31.01.2007
01.02.2007
02.02.2007
05.02.2007
06.02.2007
07.02.2007
1
Шонаев
Х
2
Ағелеуов
Х
3
Төленов атындағы мектеп-гимназия
Х
4
Қалыбеков
Х
5
Таңдай
Х
6
Қызылүй
Х
7
Жалғансай
Х
8
Ақтоғай
Х
9
Алға
Х
10
Қарашаұлы
Х
11
Есбол
Х
12
Қосарал
Х
13
КТМ -7
X
14
Чкалов
X
15
Алмалы
X

14

Аудан әкімінің
2006 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 15 шешіміне 3-қосымша
Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге 1990 жылы туылған жастарды тіркеу кезіндегі дәрігерлік байқаудан өткізу кестесі
Р/с
Мек­теп­тер ата­уы
09.02.2007
12.02.2007
13.02.2007
14.02.2007
15.02.2007
16.02.2007
19.02.2007
1
Шо­на­ев
Х
2
Ағе­ле­уов
Х
3
Төленов атындағы мектеп-гимназия
Х
4
Қа­лы­бе­ков
Х
5
Таң­дай
Х
6
Қы­зы­лүй
Х
7
Жал­ған­сай
Х
8
Ақ­то­ғай
Х
9
Алға
Х
10
Қа­ра­ша­ұ­лы
Х
11
Ес­бол
Х
12
Қо­са­рал
Х
13
КТМ-7
Х
14
Чка­лов
Х
15
Ал­ма­лы
Х

15

Аудан әкімінің
2006 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 15 шешіміне 3-қосымша
Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге 1990 жылы туылған жастарды тіркеу кезінде бөлінетін техникалық қызметкерлер саны
Р/с
Кәсіпорын, мекемелер атауы
Саны
Уақыты
1
Аудандық білім бөлімі
1
15.02.2007-01.03.2007
2
Обаға қарсы күрес бөлімшесі
1
15.02.2007-01.03.2007
3
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
2
15.02.2007-01.03.2007