1990 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алу және жастарды әскери қызметке шақыруға дайындау туралы Күшін жойған
Басқа 0
1990 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алу және жастарды әскери қызметке шақыруға дайындау туралы
Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабының 3 тармағы негізінде 1990 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алуды уақытылы және сапалы жүргізу, сондай-ақ жастарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, әскери қызметке шақыруға дайындық жұмыстарын жақсарту мақсатында аудан Әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2007 жылғы қаңтар - наурыз айларында 1990 жылы туылған, сондай-ақ бұдан бұрын тізімге алынбаған, жасы ұлғайған азаматтар әскерге шақыру учаскесінде тізімге алынсын.
2.Тіркеуге алу жөніндегі аудандық комиссия қосымшаға сәйкес құрылсын.
Осы мақсатта аудандық қорғаныс icтepi жөніндегі бөлім арнайы құрал- жабдықтармен, қажетті техникалық жұмысшылармен, қызмет етуші персоналмен және көлікпен қамтамасыз етілсін. Tipкeyгe алуды өткізу кезенінде техникалық жұмысшылардың, қызмет етуші персоналдың және көлік шығындары жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылсын.
Тармақ 3
3. Ақсу ауданы ішкі icтep бөлімі мекемесі (М. Қорғанбаев, келісім бойынша):
Тармақша 1
1)аудандық қорғаныс icтepi жөніндегі бөлімге жасөспірімдердің icтepi жөніндегі инспекцияда есепте тұрғандардың тізімін беру ұсынылсын;
Тармақша 2
2)аудандық корғаныс icтepi жөніндегі бөлімге әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге тұрудан жалтарып жүрген жастарды іздестіруде көмек көрсету және оларды жедел іздестіру мақсатында аудандық iшкі icтep бөлімі мен қорғаныс icтepi жөніндегі бөлімі өкілдерінен құрылған бақылау және іздестіру тобын құру сұралсын.
Тармақ 4
4. Ақсу ауданының орталық аудандық ауруханасы мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны (Ә.Жұмагелдин, келісім бойынша):
Тармақша 1
1)аудандық қорғаныс icтepi жөніндегі бөлімінде тipкeyгe алынушыларды
медициналық тексеруден өткізу кезінде жан-жақты көмек көрсету жөніндегі шараларды әзірлеу және бұл icкe тәжірибелі дәрігерлер мен қажетті орта буынды медициналық қызметкерлерді қатыстыру сұралсын;
Тармақша 2
2)аудандық корғаныс icтepi жөніндегі бөлімше 1990 жылы туылған
амбулаториялық есепте тұрған науқастанушылардың қажетті медициналық құжаттарын, сондай-ақ туберкулез, наркологиялық, тері-венерологиялық және психневрологиялық диспансерлерінде, жасөспірімдер қабинеттерінде, сонымен қатар жұқпалы науқастар ауруханасында есепте тұрған жастардың тізімін беру ұсынылсын;
Тармақша 3
3)тipкeyгe алуға дейін 1990 жылы туылған барлық жастарды қажетті
медициналық тексеруден өткізу сұралсын;
Тармақша 4
4)ауыратыны анықталтан жасөспірімдердің арасындағы сауықтыру
жұмыстарын тікелей медициналық тексеру кезінде бастау және олардың тізімін осы жасөспірімдердің тұрғылықты жерлеріндегі емхананың маман- дәрігерлерге тапсыру сұралсын.
5. Ақсу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесі (С.Қорғанбаев):
Тармақша 1
1) аудандық корғаныс icтepi жөніндегі бөліміне мүгедек деп танылған 1990 жылы туылған жастар туралы мәліметтер тапсырсын.
6. Ақсу аудандық білім бөлімі мемлекеттік мекемесі (Қ.Батырбаев):
Тармақша 1
1)тipкeугe алу кезінде орта білімі жоқ жастарды анықтау үшін аудандық қорғаныс icтepi жөніндегі бөліміне мұғалім-педагогтар бөліп, олардың оқуын ұйымдастырсын;
Тармақша 2
2)1990 жылы туылған жастар арасында әскери оқу орындарына түсетін кандидаттарды ipiктеп алу жұмысын жүргізсін.
7. Ақсу аудандық дене тәрбиесі және спорт бөлімі мемлекеттік мекемесі (А.Исаев):
Тармақша 1
1)кәсіпорындарда, ұйымдарда және оқу орындарында әскери қолданбалы спорт түрлерi бойынша жастардың дайындығын ұйымдастырсын;
Тармақша 2
2)тipкeyге алу кезінде шақырылушы жастар арасында әскери- патриоттық мәселелер бойынша тәрбиелік және түсініктеме жұмыстарын
ұйымдастырып, өткізсін.
Тармақ 8
8. Ақсу ауданының қорғаныс icтepi жөніндегі бөлімі мемлекеттік мекемесі (Е.Мейрембеков) осы қаулының орындалу барысы және азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тipкeyгe алу қорытындысы туралы аудан өкіміне 2007 жылдың 10 cәуірінe дейін ақпарат тапсырсын.
Тармақ 9
9. Аудандық әділет басқармасында 2006 жылғы 27 қаңтарда 2-4-23 нөммірімен мемлекеттік тіркеуден өткен, аудандық «Ақсу өңірі» газетінің 2006 жылғы 3 акпандағы № 6 санында жарияланған, аудан Әкімиятының «1989 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тізімге алу және жастарды әскери қызметке шақыруға дайындау туралы» 2006 жылғы 16 қаңтардағы № 27 қаулысының күші жойлыған болып танылсын.
Тармақ 10
10. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Кәрбозинге жүктелсін.
Тармақ 11
11. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күн өткеннен соң Қолданысқа енгізіледі.
Басқа 19
Аудан Әкімдігінің 2007 жылғы
«22» 01 «1990 жылы туылған
азаматтарды әскерге шақыру
учаскесінде тіркеуге алу және
жастарды әскери қызметке
шақыруға дайындау туталы»
№ 16 қаулысына қосымша
Tipкeyгe алу жөніндегі аудандық комиссияның құрамы
Лауазымы
Комиссия төрағасы Майор Мейрембеков Ерен Оқасұлы-
аудандық қорғаныс icтepi жөніндегі бөлімнің бастығы;
Комиссия төрағасының Кәрбозин Қайрат Жәнібекұлы-аудан әкімінің орынбасары;
орынбасары
Медициналық комиссиясының Мырзашев Иманғали Бөлегенұлы-аудандық орталық аурухананың
төрағасы бас дәрігерінің орынбасары;
Ішкі істер бөлімінің полиция подполковнигі Байжұманов Серік Өмірзақұлы-
өкілі аудандық ішкі істep бөлімі бастығының орынбасары
Хатшы Уразаева Гулмира-аудандық орталық ауруханасының мейірбиексі;
Дәрігерлер құрамы:
Хирург Құрақбаев Бекбай Құрақбайұлы
Терапевт Оралбекова Айгүл Оралтайқызы
Невропотолог-психолог Сейтққожанова Бағлан Тілеуқабылқызы
Көз дәрігері Иманғалиева Дәметкен Жұмажанқызы
Отоларинголог Иманғалиев Cepiк Иманғалиұлы
Тіс дәрігері Шаймерденова Ғалия Нұрғапанқызы
Тері ауыруы дәрігері- Жайнарбекова Алия Төлеуболаьқызы
дерматолог
Фтизиатр Мадалимова Майра Жұмашқызы