О проведении приписки граждан 1990 года рождения к призывному участку Шахтинского городского отдела по делам обороны Күшін жойған
Басқа 0
Шахтинск қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскерге шақыру учаскесіне 1990 жылы туған азаматтарды тіркеуге өткізу туралы
«Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» «Қазақстан Республикасындағы жергілікті иеилекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шахтинск қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің әскерге шақыру учаскесіне 1990 жылы туған азаматтарды тіркеуді 2007 жылдың қаңтар-наурызында жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Әскерге шақыру учаскесіне ұйымдастырылған және сапалы түрде азаматтарды тіркеуді қамтамасыз ету үшін, тіркеу жөніндегі комиссиясының (бұдан әрі Комиссия) жеке құрамы белгіленсін:
Садыков Кенжебай Мафикович – «Қарағанды облысы Шахтинск қаласының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы;
Сатова Амина Құсайыновна – Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары, төраға орынбасары;
Комиссия мүшелері:
Омаров Габиден Мантенович – «Шахтинск қаласының ішкі істер бөлімі» Мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша);
Бойцова Людмила Александровна – көз дәрігері – медициналық комиссиясының төрайымы;
Шраменко Светлана Васильевна – комиисия хатшысы.
Медициналық комиссияның мүшелері:
Ли Ирина Алексеевна – психиатр-дәрігер;
Медведева Антонина Степановна – терапевт –дәрігер;
Нурмаганова Дамет Тыныбековна – невропатолог-дәрігер;
Гурова Светлана Федоровна – дерматолог-дәрігер;
Дауит Маратбек Жаксыбекович – отоларинголог-дәрігері;
Алиханов Данияр Салимзадович – хирург-дәрігер;
Чудакова Елена Анатольевна – тіс дәрігері.
Тармақ 3
3. Комиссия мүшелерінің біреуі басқа да себептермен болмаған немесе ауырған кезідне комиссияның резервтік құрамы бекітілсін:
Ахметов Ануар Тұрсынханович - «Шахтинск қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» Мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары, комиссия төрағасы (келісім бойынша);
Нурмаганова Сандугаш Оразхановна – «Шахтинск қаласының ішкі саясат бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің меңгерушісі, төраға орынбасары;
Комиссия мүшелері:
Жунусов Анарбек Ахметович – «Шахтинск қаласының ішкі істер бөлімі» Мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша);
Медведева Елена Анатольевна - көз дәрігері – медициналық комиссиясының төрайымы;
Фальковская Анна Викторовна – комиссия хатшысы.
Медициналық комиссияның мүшелері:
Цветкова Любовь Григорьевна – психиатр-дәрігер;
Ан Ирина Евгеньевна – отоларинголог- дәрігері;
Пасечник Светлана Михайловна-невропатолог- дәрігер;
Сулейменов Балкан Токаевич – хирург- дәрігер;
Мейрманова Гульмира Мешитбаевна – дерматовенеролог- дәрігер;
Ганиева Флюза Фаритовна – терапевт- дәрігер;
Камалов Арман Асганович – тіс дәрігері;
Тармақ 4
4. «Орталық қалалық ауруханасы» Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (И.Д.Бюрабеков) сапалы медициналық куәландыру беру үшін:
Тармақша 1
1) тіркеу кезеңінде медициналық бикелерді бөлсін – 6 адам;
Тармақша 2
2) қалалық әскерге шақыру пунктін қажетті құралдармен, жабдықтармен, дәрі-дәрмектермен жабдықтасын;
Тармақша 3
3) тіркеу кезеңінде анықталған ауруларды емдеу және стационарлық тексерісті жүргізу үшін қаланың емдеу мекемелерінде қажетті төсек резервін жасасын;
Тармақша 4
4) тіркеуге жататын, барлық жастардың электрокардиограмманы, клиникалық анализдерін тапсыруды, кеуде қуысын флюорографиядан өткізуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Шахтинск қаласының стоматологиялық емханасы» Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны (А.С. Себепов) тіркеуді өткізу кезеңінде емделуді қажет етедіндердің барлығына ауыз қуысының санасциясын қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. «Шахтинск қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» Мемлекеттік мекемесі (К.М. Садыков) (келісім бойынша) «Орталық қалалық аурухана» Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынмен (И.Д. Бюрабеков) бірлесіп тіркеуде медициналық қамтамасыз ету туралы шарт жасасын.
Тармақ 7
7. Долинка, Новодолинский, Долинка кентінің әкімдері (Б.К. Егишев, З.С. Жапарова, А.Е. Клюев) Комиссияға жасөспірімдердің ұйымдастырылған түрде келуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. «Шахтинск қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» Мемлекеттік мекемесімен бірлесіп (К.М. Садыков) (келісім бойынша) «Шахтинск қаласының білім беру бөлімі» Мемлекеттік мекемесімен (Б.А. Дюсамбаев), бірлесіп 2007 жылдың 10 қаңтарына дейін жасөспірімдерді әскери-патриоттық тәрбиелеу және дене шынығуын дайындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін.
Тармақ 9
9. «Шахтинск қаласының ішкі істер бөлімі» Мемлекеттік мекемесі (К.Э. Кожанов) (келісім бойынша) ұсынылсын:
Тармақша 1
1) комиссияның жұмыс күндерінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін қалалық әскерге шақыру учаскесіне байланыс құралдарымен және автокөлікпен қамтамасыз етілген полиция нарядын тағайындасын;
Тармақша 2
2) тіркеуден жалтарған тұлғаларға іздеу салсын, ұстасын және жеткізсін;
Тармақша 3
3) «Шахтинск қаласының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» Мемлекеттік мекемесіне қылмыстық жазасын өтеп жатқан, тергеуде жүрген және бұрын сотталған тұлғалар туралы ақпарат берсін.
Тармақ 10
10. «Шахтинск қаласының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» Мемлекеттік мекемесі (Л.В. Инюшкина) комиссиясының жұмыс уақытында әскерге шақыру учаскесіне электр қуатының және судың тоқтамай берілуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 11
11. «Шахтинск қаласының қаржы бөлімі» Мемлекеттік мекемесі (А.Б. Меллятов) медициналық куәландырумен, клиникалық анализдерді тапсырумен, электокардиограмма, флюорографияны, Шахан, Долинка, Новодолинский кенттерінен жасөспірімдерді жеткізудегі көлік шығындармен, мәдени-бұқаралық шаралармен байланысты іс-шараларды жергілікті бюджет қаржысынан қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 12
12. Қала әкімінің орынбасары А.К. Сатоваға әскерге шақыру учаскесіне азаматтарды тіркеуге алу және ұйымдастыру мәселесі жөнінде үйлестіру кеңесін өткізсін.
Тармақ 13
13. Әскерге шақыру учаскесіне 1990 жылы туған азаматтарды тіркеуге алу қорытындысы туралы ақпарат қала әкімінің аппаратына 2007 жылдың 10 сәуіріне дейінгі мерзімде ұсынылсын.
Тармақ 14
14. Қала әкімдігінің 2005 жылғы 29 желтоқсанындағы №20/18 «Шахтинск қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскерге шақыру учаскесіне 1990 жылы туған азаматтарды тіркеуге өткізу туралы» қаулысы (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміндегі тіркеу нөмірі №8-8-19) күшін жойған деп танылсын.
Тармақ 15
15. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары А.К. Сатоваға жүктелсін.
Тармақ 16
16. Осы қаулы ресми жарияланған кұнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Келісілген:
«Шахтинск қалалық ішкі істер
бөлімі» Мемлекеттік мекемесі бастығығының м.а.
Камильхан Эраханович Кожанов
2006 жылғы 25 желтоқсан
«Шахтинск қалалық қорғаныс
істері жөніндегі бөлім»
Мемлекеттік мекемесінің бастығы
Кенжебай Мафикович Садыков
2006 жылғы 25 желтоқсан