О проведении приписки граждан, 1990 года рождения к призывному участку отдела по делам обороны Абайского района Карагандинской области Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.01.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қарағанды облысы Абай ауданының Қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1990 жылы туған азаматтарды тізімге алуды жүргізу туралы Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери міндеттілік туралы» Занының 17 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы Ережені бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Абай ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2007 жылдың қаңтар - наурызында Қарағанды облысы Абай аудан қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің шақыру учакесіне 1990 жылы туғандарды тізімге алу жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Шақыру учаскелерінде азаматтарды тізімге алу уақтылы, сапалы өтуі үшін мына құрамдағы комиссия құрылсын:
Тармақша 1
1) Қайрат Балташұлы Әбишев - Абай ауданы қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы;
Тармақша 2
2) Нұрлан Маусымбекұлы Тлесов - Абай ауданы ішкі саясат бөлімінің бастығы, шакыру комиссиясы төрағасының орынбасары; Комиссия мүшелері:
Тармақша 3
3) Людмила Матфеевна Дроздецкая - Абай қаласының орталық қалалық ауруханасының медбикесі, комиссия хатшысы;
Тармақша 4
4) Олег Васильевич Зубков - Абай қаласының орталық қалалық ауруханасының оташы - дәргері;
Тармақша 5
5) Ержан Махметұлы Саукомбеков - Абай ауданы ішкі істер Басқармасы бастығының орынбасары.
Тармақ 3
3. Аудандық қорғаныс істері бөлімінің бастығы (Қайрат Балташұлы Әбішев) 2007 жылдың 24 қаңтарынан 31 наурыз аралығында 1990 жылы туған және Абай ауданы аймағында уақытша және тұрақты мекен жайда тұратын бұрын тізімге алынбаған жоғарғы жастағы азаматтарды тізімге алуды сапалы өткізіуді ұйымдастырсын.
Тармақ 4
4. Абай қалалық орталық аурухана мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорын директоры (Ақылбек Бектұрсынұлы Төлекин) тізімге алу бойынша медициналық куәләндырудан өткізу үшін:
Тармақша 1
1) 8 адамнан тұратын жоғары тәжірибелі дәрігер – мамандар, сонымен қатар 5 адамнан тұратын қызмет көрсету деңгейі орташа жұмыскерлер бөлсін.
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы қорғаныс Министрінің «Қазақстан Республикасындағы Қарулы Күштеріндегі, басқа да әскери бөлімдердегі және әскери кұрам бөлімдеріндегі экспертиз Ережесін бекіту туралы» бұйрығының № 7 қосымшасының келісімімен Медициналық комиссия жұмысы дәрі – дәрмектермен, құрал – саймандармен, медициналық шаруашылық мүліктерімен қамтамасыз етілсін.
Тармақша 3
3) Емделуге және стационарлы тексерілуге мұқтаж еткендерге уақтылы көмек көрсету, қажет болған жағдайда госпиталдау, осы мақсатта қажетті мөлшерде жатанын бос – төсек орындар бөлінсін.
Тармақ 5
5. Абай қаласы қалалық орталық аурухана мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорын директоры (Ақылбек Бектұрсынұлы Төлекин), Абай аудандық медициналық бірлестік мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорын директоры (Наталья Григорьевна Белан) 2007 жылдың қаңтар айында 1990 жылы туған азаматтарды тізімге алу барысында кеуде қуыстарын флюорографиясын, жүрек электрокардиограммасын, қан, зәр, микрореакцияға анализ, туберкулезге байқаулар өткізсін.
Тармақ 6
6. Кәсіпорын, ұйым, мекеме, оқу мекемелерінің басшыларына, ауыл және кент әкімдеріне аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлім бастығының бұйрығымен орнатылған 1990 жылы туған жасөспірімдерді мерзімдік тізімге алудан өткізу үшін шақыру учаскесіне келуді ұйымдастыру, оларға уақтылы хабар беруді қамтамасыз ету шарлары қабылдансын.
Тармақ 7
7. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы (Любовь Константиновна Әубәкірова) шақыру учаскесінде тізімге алыуды жүргізу кезінде ақпараттық және мәдени - бұқаралық жұмыс жоспарын әзірлесін.
Тармақ 8
8. Аудандық қаржы бөлімінің бастығы (Садық Әбдуалиұлы Садық) Қазақстан Респубикасының «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заңымен сәйкес, шақыру учаскесіндегі азаматтарды тізімге алуға байланысты бюджетте қарастырылған қаражат шегіне «Жалпы әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс -шаралар» бағдарламасы бойынша іс шараларын қаржыландру жүргізілсін.
Тармақ 9
9. Еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы (Серік Әйткенұлы Ақсанов) Қазақстан Респубикасының «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заңымен сәйкес тізімге алу кезеңінде 8 адамнан тұратын техникалық адамдар бөлсін (2 ерлер және 6 әйелдер).
Тармақ 10
10. Шақыру учаскесіне тізімге алынуға келмеген азаматтарды іздестіру үшін құрамына қорғаныс істер бөлімінің жауапты орынаушысы Марат Антонович Оспанов және Абай ауданы ішкі Басқармасының өкілі Төлеген Тоқсанбайұлы Құрмашев енгізіліп, іздестіру тобы құрылсын.
Тармақ 11
11. Қорғаныс істер жөніңдегі бөлімнің бастығына (Қайрат Балташұлы Әбішев) 1990 жылғы туған азаматтарды тізімге алуды өткізу қортыныдысы бойынша ақпарат берсін.
Тармақ 12
12. Абай ауданы әкімігінің 2006 жылғы 3 наурыздағы №07/29 «Қарағанды облысы Абай ауданының Қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1989 жылы туған азаматтарды тізімге алуды жүргізу туралы» қаулысының күші жойылған деп саналсын.
Тармақ 13
13. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күнінен соң күнтізбелік күндер ағымында күшіне енеді.
Тармақ 14
14. Осы қаулының орыналуын бақылау Абай ауданы әкімінің орынбасары Ібірахым Ісләмұлы Ісләмовқа жүктелсін. «КЕЛІСІЛДІ» Абай ауданы қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің бастығы Қайрат Балташұлы Әбішев 2007.04.01 «Абай ауданының аудандық медицина бірлестігі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын директоры Наталья Григорьевна Белан 2007.04.01 Абай ауанының ішкі істер Басқармасының бастығы Төлеген Әукенұлы Оспанов 2007.04.01 «Абай қаласының орталық қалалық аурухана» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын директоры Ақылбек Бектұрсынұлы Төлекин 2007.04.01