О проведении приписки граждан 1990 года рождения к призывному участку объединенного отдела по делам обороны города Балхаша Карагандинской области Күшін жойған
Басқа 0
1990 жылы туған азаматтарды Қарағанды облысы Балқаш қалалық қорғаныс істері жөніндегі біреккен бөлімі шақыру учаскесіне тіркеуді өткізу туралы
«Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Зыңының 17 бабына сәйкес, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Зыңының 31 бабтың 1 тармағының 8) тармақшасын басшылыққа алып Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Балқаш қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімі (Б.Ә.Бекмағамбетов) (келісім бойынша) 207 жылғы қаңтар-наурыз аралығында, тіркеу жылында жасары 17-ге келетін Қазақстан Республикасы азаматтарды мен бұрын шақыру учаскесіне тіркеуден өтпеген үлкен жастығы тұлғаларды шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастырылсын және өткізсін.
Тармақ 2
2. Балқащ қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімі шақыру участкесіне 1990 жылы туған азаматтарды әскери есепке қою, олардың санын, әскери қызметке жарамдылық дәрежесін айқындау, жалпы білім деңгейін, алған мамандығы мен даярлығы деңгейін белгілеу мақсатында тіркеу өткізілсін.
Тармақ 3
3. Қоңырыт, Гүлшат, Саяқ кенттерінің әкімдері, ұйымдардың, оқу орындарының, үйлердің пайдалануын жүзеге асырушы тұтынушы пәтер иелері кооперативтерінің басшылары, Балқаш қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөліміне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережесінің 2 қосымшасы бойынша 1990 жылы теған азаматтардың тізімін шақыру учаскесіне тіркеуді өткізу үшін тапсыру ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Білім беру ұйымдары мен басқа да ұйымдардың басшыларына әскерге шақыру жасына дейінгілерді медициналық комиссияға шақыру қағазын алған кезде медициналық куәландыруды өту және құжаттарды жинау үшін жұмыстан, оқудан босату ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Қарағанды облысының денсаулық сақтау департаменті Балқаш аумақтық бөлімінің өкілеттілігі (М.О. Жанов) (келісім бойынша) әскерге шақырушаларды сапалы медициналық куәландыру мақсатында:
Тармақша 1
1) қалалық шақыру комиссиясын медициналық құралдармен қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) шақыру жөніндегі қалалық медициналық комиссияның жолдауына сәйкес жасөспірімдерді станционарлық емдеу және медициналық тексеруден өткізу үшін емдеу-алдын алу мекемелерінде орын бөлу;
Тармақша 3
3) «Балқаш қаласының мамандандырылған № 1 қалалық емханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының (әрі қарай – «Балқаш қаласының мамандандырылған № 1 қалалық емханасы» КМҚК) базасындағы рентгенкабинеттер мен флюрографиялық қондырғыларының тіркеу мерзімінде үздіксіз жұмыс істеуін ұйымдастыру;
Тармақша 4
4) Балқаш қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөліміне жарақаттану, туберкулез, тері және жыныс, жүйке-психикалық және жұқпалы аурулар жөніндегі есепте тұрған жас өспірімдердің және әскерге шақырушылар тексерілуге және емделуге жіберілетін емдеу-алдын алу мекемелердің тізімдерін тапсыру;
Тармақша 5
5) медициналық комиссия құрамына (қосымшаға сәйкес) жоғары білікті дәрігер-мамандар мен орта медициналық қызметкерлер бөлу (Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімі мен «Балқаш қаласының қалалық мамандандырылған № 1 қалалық емханасы» КМҚК арасында жасалған шарт бойынша);
Тармақша 6
6) 2007 жылғы 31 желтоқсанға дейін Балқаш қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімінің жолдауы бойынша шақыру участкесіне тіркелшен жасөспірімдерді медициналық тексеру мен емдеуден өткізу;
Тармақша 7
7) 2007 жылғы қыркүйек-желтоқсан аралығында Балқаш қалалық істері жөніндегі біріккен бөлімімен бірге 1991-1992 жылдары туған жасөспірімдерді тіркеу әдісімен диспансерлеуді жүргізу ұсынылсын.
Тармақ 6
6. Тіркеу науқанды ұйымдастыру жәнә өткізу үшін келесі құрамдағы қалалық комиссия құрылсын:
Болат Әбдікешұлы Бекмағамбетов – комиссия төрағасы, Балқаш қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімінің бастығы
Владимир Станиславович Санин – комиссия төрағасының орынбасары, ішкі саясат бөлімінің бас маманы
Комиссия мүшелері:
Станислав Дмитриевич Боровицкий – Балқаш қаласының ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары
Валентина викторовна Голоенко – медицина комиссиясының төрайымы, «Балқаш қаласының мамандандырылған № 1 қалалық емханасы» КМҚК-ның хирургия бөлімінің меңгерушісі дәрігер-хирург
Жазгүл Канибекқызы Дуйшеева – комиссия хатшысы, «Балқаш қаласының мамандандырылған № 1 қалалық емханасы» КМҚК медбикесі.
Тармақ 7
7. Балқаш қаласының еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Қ.Қ.Адамова) қалалық шақыру комиссиясының жұмысын қамтамасыз ету үшін, 1990 жылы туған жасөспірімдерді тіркеу мерзіміне Балқаш қалалық қорғаны істері жөніндегі біріккен бөлімі берген өтінімге сәйкес, ақылы қоғамдық жұмыстармен қамтылған жұмыссыздар есебінен техникалық қызметшілердің қажетті санын бөлсін.
Тармақ 8
8. Балқаш қаласының қаржы бөлімі (Ж.Қ. Томпиева) азаматтарды шақыру участкелеріне тіркейге байланысты шаралардың уақтылы қаржыландыру қамтамасыз етсін.
Тармақ 9
9. Балқаш қаласының ішкі істер бөлімі (Е.М.Киякин) (келісім бойынша) әскери міндеттерді орындаудан жалтарушы азаматтардың іздеу, ұстау, қажетті жағдайда алып келу жұмыстарын жүргізу ұсынылсын.
Тармақ 10
10. балқаш қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімі (Б.Ә. Бекмағамбетов) (келісім бойынша) 2007 жылғы 15 сәуірдге дейін қала әкіміне 1990 жылы туған азаматтарды шақыру участкелеріне тіркеу нәтижелері жөнінде ақпарат берсін.
Тармақ 11
11. Балқаш қаласы әкімдігінің 2055 жылғы 29 желтоқсандағы № 21/01 «1989 жылу туған азаматтарды Қарағанды облысы Балқаш қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөліміне шақыру учаскесіне тіркеуді өткізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіміне 2006 жылы 06 газетінің № 15, 2006 жылғы 22 ақпанда «Северное Прибалхашье» газетінің № 4 сандарында жарияланған) қаулысының күші жойылсын.
Тармақ 12
12. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Л.М.Түкбаеваға жүктілсін.
Тармақ 13
13. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он кү н өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Балқаш қаласының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің меңгерушісі
15.01.2007 жыл
________________ Қ. Адамова
Балқаш қалалық қорғаныс істері
Жөніндегі біріккен бөлімінің бастығы
15.01.2007 жыл
________________ Б. Бекмағамбетов
Қарағанды облысының денсаулық
сақтау департаментінің Балқаш аумақтық
бөлімінің өкілеттілігінің бастығы
15.01.2007 жыл
________________ М.Жанов
Балқаш қаласының ішкі істер
бөлімінің бастығы
15.01.2007 жыл
________________ Е. Киякин
Балқаш қаласының қаржы
бөлімінің меңгерушісі
15.01.2007 жыл
________________ Ж. Томпиева
Басқа 21. 1990 жылы туған азаматтарды Қарағанды облысы Балқаш қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімі шақыру участкесіне тіркеуді өткізу медициналық комиссиясының
ҚҰРАМЫ
Балқаш қаласы әкімдігінің
18 қаңтар 2007 жылғы № 03/28
қаулысына қосымша
1990 жылы туған азаматтарды Қарағанды облысы Балқаш қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімі шақыру участкесіне тіркеуді өткізу медициналық комиссиясының
ҚҰРАМЫ
Рет №
Дәрігер – мамандар
Негізгі құрам
Резервтік құрам
1
Медициналық комиссия төрағасы
Валентина Викторовна Голоненко
2
Комиссия хатшысы
Жазгүл Қаныбеққызы Дуйшеева
3
Хирург
Георгий Леонидович Водинский
Рәшида Қуатбекқызы Ибраева
4
Терапевт
Валентина Сергеевна Ушакова
Мағираш Қожкенқызы Тоғызбаева
5
Офтальмолог
Надежда Жумахметқызы Елубаевна
Сәуле Хайратқызы Тілеубекова
6
Отоларинголог
Дәрия Қақашқызы Серікова
7
Невропатолог
Броновицкая Лидия Степановна
Әлия Қажымұратқызы Молдабаева
8
Психиатр
Евгений Александрович Бурбель
Жанна Рамазанқызы Алғожина
9
Тіс дәрігері
Әнуарбек Шынарбекұлы Табиев
10
Дерматолог
Кәмшат Жақсылыққызы Дәкенова
Нариман Қаукенұлы Қасымов
11
Фтизиатор
Татьяна Түсіпханқызы Болгамбаева
12
Рентгенолог
Әнуар Өмірсерікұлы Түсипбеков
13
Лаборант
Сәулет Орынбекқызы Серікова
Айгүл Сергейқызы Кондратова
14
Медбике
Зәмзәгүл Мұстафина
Құралай Оспанқұлқызы Әлімжанова
15
Антропометрия медбикесі
Күлғайша Жаңабайқызы Жексембина
16
Медбике
Светлана Николаевна Холоденко
Наталья Петровна Ли
17
Медбике
Бақыт Мұхамеджанқызы Терлікбаева
18
Медбике
Марина Канцевич