О проведении приписки граждан 1990 года рождения к призывному участку государственного учреждения «Отдел по делам обороны Карасуского района Костанайской области» Қолданыста
Басқа 0
1990 жылғы туған азаматтарды «Қостанай облысы Қарасу ауданының корғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеуді өткізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңынын 17-бабы негізінде Қарасу ауданынын әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2007 жылдың қаңтарынан бастап наурызына дейін 1990 жылғы туған азаматтарды аудан аумағындағы тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын азаматтарды «Қостанай облысы Қарасу ауданының корғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесінде тіркеу жүргізілсін.
Тармақ 2
2. 1990 жылғы туған азаматтардың тіркеуін сапалы жүргізу және қамтамасыз ету үшін «Қостанай облысы Қарасу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесінде Қарасу және Октябрь ауылдарында тіркеу пунктері ұйымдастырылсын.
Тармақ 3
3. «Қостанай облысы Қарасу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне 1990 жылғы туган азаматтарды тіркеу жөніндегі аудандык комиссиясы 1-косымшаға және Қарасу және Октябрь ауылдарының шақыру пункттерінде медициналық комиссиялардың құрамдары 2-қосымшаға сәйкес құрылсын.
Тармақ 4
4. «Қарасу орталық аудандық ауруханасы» (Н.Ф. Шелудько) (келісім бойынша), «Октябрь ауылдық учаскелік ауруханасы» (С.М. Төкебаев) (келісім бойынша) мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындары:
Тармақша 1
1) «Қостанай облысы Қарасу ауданының корғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің өтінімі бойынша медициналық күәландыруды өткізу үшін дәрігер-мамандар мен медициналық бибилерді беруі;
Тармақша 2
2) шақыру учаскелерін қажетті дәрі-дәрмектермен, құралдармен және медициналык мүлікпен қамтамасыз етүі:
Тармақша 3
3) тіркеу жөніндегі аудандык комиссия жұмысының кестесіне сәйкес азаматтарды флюорографиялык және клиникалық тексеруді, медициналық куәландыруды откізуі;
Тармақша 4
4) науқас жас жігіттердің стационарлық тексеруін және емделуін өткізуді қамтамасыз етуі ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Ауылдар мен ауыл округтердің әкімдері, меншік нысанына қарамастан кәсіпорындар мен мекемелердің басшылары:
Тармақша 1
1) азаматтарды тіркеуді өту үшін комиссияға келуді камтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) комиссияны өту, стационарлық тексеру және емханалык анализдарды тапсыру уакытында жүмыстан немесе окудан тіркеуге жататын азаматтарды босатсын.
Тармақ 6
6. «Қостанай облысы Қарасу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі (И.Г. Шаманаев) (келісім бойынша) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес азаматтарды уакытында құлактандыру және «Қостанай облысы Қарасу ауданының корғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне шақыру медициналық комиссияны өтуге оларды жеткізу үшін шаруашылықтық субъектілермен көлік құралдарын беру және жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету туралы шарттар жасасу ұсынылсын.
Тармақ 7
7. «Қарасу ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Е.И. Бухаленко) (келісім бойынша) азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеумен байланысты іс-шараларды «Қостанай облысы Қарасу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шығындар сметасында көзделген қаржы бөлудің есебінен қаржыландыруды жүзеге асырсын.
Тармақ 8
8. Ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдері шақыру пунктіне азаматтарды жеткізу үшін қадағалайтын адамдарды беруге, тасымалдаған кезде төтенше жағдайларды болдырмау үшін шаралар қабылдауға міндеттелінсін.
Тармақ 9
9. «1989 жылғы туған азаматтарды «Қостанай облысы Қарасу ауданының корғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шакыру учаскесіне тіркеуді өткізу туралы» Қарасу ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 13 наурыздағы № 78 (мемлекеттік тіркеу нөмері 9-13-06 «Қарасу өнірі» аудандык газетінің 2006 жылғы 7 сәуірдегі № 11) қаулысының күші жойылды деп есептелсін.
Тармақ 10
10. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.К. Бекеновке жүктелсін.
Тармақ 11
11. Осы қаулы оны алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен сон колданыска енгізіледі.
Басқа 18. «Қостанай облысы Қарасу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне 1990 жылғы туған азаматтарды тіркеу жөніндегі аудандық комиссиясының
ҚҰРАМЫ
Әкімдіктің 2007 жылғы
22 қаңтардағы № 18 қаулысына
1-қосымша
«Қостанай облысы Қарасу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне 1990 жылғы туған азаматтарды тіркеу жөніндегі аудандық комиссиясының
ҚҰРАМЫ
Шаманаев Игорь Геннадьевич - «Қостанай облысы Карасу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша);
Бойко Юлия Николаевна - «Қарасу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ұйымдык-инспекторлық және кадрлармен жұмыс бөлімінің бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары.
Байжанов Жәнібек Бекқожаұлы - «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысы ішкі істер департамені Қарасу ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша);
Шелудько Николай Федорович - «Қарасу орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналык кәсіпорынының бас дәрігері, медициналық комиссиясының төрағасы (Қарасу ауылы) (келісім бойынша);
Журавлева Зоя Владимировна - Қостанай облысы Қарасу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі келісім-шарт бойынша әскери қызметшілерді теру және шақыру бөлімшесі бастығының көмекшісі, комиссия хатшысы (келісім бойынша).
Тортаев Ерлан Боқанұлы - «Қостанай облысы Қарасу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары, жұмылдыру даярлык және аумақтық қорғаныс бөлімшесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша);
Якимова Татьяна Ивановна - «Қарасу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-инспекторлық және кадрлармен жұмыс бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары.
Усенов Рүстем Сержанұлы - «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысы Ішкі істер департаменті Қарасу ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша);
Төкебаев Серікбай Махмұтұлы - «Октябрь ауылдык учаскелік ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының бас дәрігері, медициналық комиссиясының төрағасы (Октябрь ауылы) (келісім бойынша);
Қотырова Раушан Ғұсманқызы - «Қарасу орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдык қазыналык кәсіпорынының медициналық бибисі, комиссия хатшысы (келісім бойынша).
Басқа 19. Медициналық комиссиясының (Қарасу ауылы) ҚҰРАМЫ
Әкімдіктің 2007 жылғы
22 каңтардағы № 18 қаулысына
2-қосымша
Медициналық комиссиясының (Қарасу ауылы) ҚҰРАМЫ
Шелудько Николай Федорович - «Қарасу орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдык қазыналық кәсіпорының бас дәрігері, комиссия төрағасы
Бөкеева Гүлнар Сапаржанқызы - дәрігер-окулист
Жумырова Торғай Қаирқызы - дәрігер-терапевт
Кашеваров Николай Александрович - дәрігер-психиатр
Пышкин Геннадий Дмитриевич - дәрігер-невропатолог
Тикенов Айтпай Болатайұлы - дәрігер-стоматолог
Тирикулов Эрнар Мұратбаевич - дәрігер-хирург
Қостанай облысының денсаулық сақтау департаменті - дәрігер- дерматолог
Қостанай облысының денсаулық сақтау департаменті - дәрігер-отоларинголог
Медициналык комиссияның (Октябрь ауылы) ҚҰРАМЫ
Төкебаев Серікбай Махмутұлы - «Октябрь ауылдық учаскелік ауруханасы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорының бас дәрігері, комиссия төрағасы
Бокеева Гүлнар Сапаржанқызы - дәрігер-окулист
Григорьева Тамара Михайловна - дәрігер-невропатолог
Григорьева Тамара Михайловна - дәрігер - психиатр
Қабылов Жақсыбай Ансағанұлы - дәрігер-терапевт
Сейілов Қуат Омарұлы - дәрігер-хирург
Тикенов Айтпай Болатайұлы - дәрігер-стоматолог
Қостанай облысының денсаулық сақтау департаменті - дәрігер- дерматолог
Қостанай облысының денсаулық сақтау департаменті - дәрігер-отоларинголог