Зеленов ауданының шақыру учаскелеріне 1990 жылы туған азаматтарды тіркеуді жүргізу туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Зеленов ауданының шақыру учаскелеріне 1990 жылы туған азаматтарды тіркеуді жүргізу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31,37 баптарын және Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскелеріне Қазақстан Республикасының 1990 жылы туған азаматтарын тіркеу 2006 жылдың қаңтар – наурыз айлары ішінде жүргізілсін. 1. Тіркеуді жүргізу кезеңіне Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының жоғары әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеу өткізілсін.
Тармақ 2
2. № 1 қосымшаға сәйкес құрамда азаматтарды тіркеу және Қазақстан Республикасы мен Ресей федерациясының жоғары әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеу бойынша аудандық комиссия бекітілсін.
Тармақ 3
3. № 2 қосымшаға сәйкес құрамда азаматтарды тіркеу жүргізу кезеңіне және Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының жоғары әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеу үшін аудандық медициналық комиссия бекітілсін.
Тармақ 4
4. Ауыл округтерінің әкімдеріне, кәсіпорын және мекеме басшыларына азаматтардың Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне шақыру учаскелеріне тіркеуді өту үшін келуін қамтамасыз етуге қажетті шаралар алу ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Ауыл округтерінің әкімдері шақыру учаскелеріне жастарды алып баруға алғашқы әскери дайындықтың оқытушы-ұйымдастырушыларын тартсын.
Тармақ 6
6. Кәсіпорын және мекеме басшылары тіркеу және медициналық куәландыру бойынша комиссия жұмысына тартылған азаматтардың, сондай-ақ тіркеуге жататын жастардың жұмыс орны бойынша орташа жалақысы сақталатынын ескерсін. Шақыруға дейінгі азаматтар әскери есепке қоюға байланысты міндеттерді орындау үшін қажетті уақытқа жұмыстан (оқудан) босатылады.
Тармақ 7
7. Аумақтық медицина бірлестіктері директорларына (Е.В. Токсанов, А.Р. Тугушев) 1. Қорғаныс істері жөніндегі бөлімге көмек көрсету жөніндегі шаралар дайындасын, тәжірибелі маман – дәрігерлерді, орта медперсоналдың қажетті саның тартсын, шақыру пунктерін керекті медициналық – санитарлық жабдықтармен және құралдармен қамтамасыз етсін; 2. флюрографиялық тексеруді, ЭКГ – ні, анализді және алдын – ала егуді өткізуді қамтамасыз етсін; 3. тіркеуге жататын адамдарға медициналық құжаттамаларды және тубдиспансерде, тері-венерологиялық, психоневрологиялық диспансерлерде және жұқпалы ауруханада есепте тұратын адамдардың тізімін аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне тапсырсын; 4. қажетті жағдайларда шақырушыларды стационарлық тексеруден өткізуді қамтамасыз етсін, ол үшін қажетті мөлшерде мақсатты белгіленген төсек-орын бөлінуін қарастырсын; 5. шақырушылар арасында емдеу-сауықтыру жұмыстарын тіркеудің бастамасын жүргізсін, тіркеудің нәтижесінде анықталғандардың сауықтырулуын 2007жылдың 5 мамырына дейін аяқтасын.
Тармақ 8
8. Аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы (Аймурзин Б.С. және Приурал полиция бөлімі Айткалиев Ш.К.) тіркеу кезеңіне шақыру учаскелеріне тәртіпті қамтамасыз етсін; азаматтардың шақыру учаскелеріне келуін бақылауды іске асырсын, тіркеуден жалтару әрекеттерін тоқтатсын.
Тармақ 9
9. Аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (Габдушев М.Г.) аудандық білім беру бөлімімен (Өтешев М.С.) бірлесе отырып, жоғары сынып оқушылары арасында оларды әскери оқу орындарына жіберу үшін кандидаттарды анықтау және іріктеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізсін.
Тармақ 10
10. Аудандық білім беру бөлімі (Өтешев М.С.) алғашқы әскери дайындықтың нормативтік талаптарын орындау бойынша жастардың жүйелді дайындығын ұйымдастырсын.
Тармақ 11
11. 2006 жылдың 22 сәуірінде №16 «Ауыл тынысы» газетінде жарияланған аудан әкімінің «Зеленов ауданының шақыру учаскелеріне 1989 жылы туған азаматтарды тіркеуді жүргізу туралы» 2006 жылғы 15 наурыздағы №7, 2006 жылғы 13 сәуір тіркеу №7-7-26 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 12
12. Осы шешімнің орындалуын бақылау қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы М.Г. Габдушевқа жүктелсін.
Тармақ 13
13. Қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы (Габдушев М.Г.) тіркеудің нәтижелерін аудан әкімдігіне 2007 жылдың 5 сәуіріне тапсырсын.
Басқа 14. Азаматтардың тіркеу және Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының жоғары әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеу бойынша аудандық комиссия құрамы.
Аудан әкімінің 2006 жылғы 26 желтоқсандағы № 46 шешіміне № 1 қосымша Азаматтардың тіркеу және Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының жоғары әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеу бойынша аудандық комиссия құрамы. Мадияр Ғапарұлы Габдушев - комиссия төрағасы, Аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы Армат Амангелдіұлы Байғазиев - комиссия төрағасының орынбасары, аудандық ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Мұрат Отарбайұлы Кереев - комиссия мүшесі, АІІБ өкілі, Переметный селолы Ғабиден Қойшыбайұлы Қағазғалиев - комиссия мүшесі, АІІБ өкілі, Дариян селосы Вера Михайловна Савельева - медициналық комиссияның төрайымы, Переметный селосы Надия Абриковна Ахметова - медициналық комиссияның төрайымы, Дариян селосы Надежда Яковлевна Ищенко - комиссия хатшысы, Переметный селосы Қамия Төребекқызы Жулаева - комиссия хатшысы, Дариян селосы
Басқа 15. Азаматтарды тіркеу жүргізу кезеңіне және Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының жоғары әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеу үшін аудандық медициналық комиссия құрамы.
Аудан әкімінің 2006 жылғы 26 желтоқсандағы № 46 шешіміне № 2 қосымша Азаматтарды тіркеу жүргізу кезеңіне және Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының жоғары әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеу үшін аудандық медициналық комиссия құрамы. Дәрігер-хирург - Үркен Менжасарұлы Әдиетов Юрий Есенғазиұлы Саримов Дәрігер-невролог - Светлана Петровна Васенко Любовь Яковлевна Барахта Дәрігер-дерматолог - Наталья Алексеевна Кукленко Валентина Николаевна Кузнецова Дәрігер-терапевт - Елена Владимировна Калпакова Жаннат Сабырәліқызы Бисембаева Көз-дәрігер - Любовь Радионовна Чернышова Мәрия Файзұлқызы Өміралиева Тіс-дәрігер - Валентина Ивановна Есина Белугина Виктория Викторовна Дәрігер-отоларинтолог - Қойсым Ғилманқызы Аюпова Наталья Евгеньевна Карабасова Дәрігердің көмекшісі-психиатр - Галина Ивановна Саяпина Дәрігер-психиатр - Надежда Петровна Карабасова Дәрігер-фтизиатр - Қойсым Ғилманқызы Аюпова Өмірбек Төменбайұлы Матаев