О проведении приписки граждан 1990 года рождения, а также граждан старших возрастов не прошедших ранее приписку на призывном участке отдела по делам обороны Сандыктауского района Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.01.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1990 жылы туған азаматтарға, сондай-ақ Сандықтау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесінде ертеректе есепке тұрмаған жасы үлкен азаматтарға тіркеу жүргізу туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 08 шілдедегі №74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабының негізінде, азаматтарды әскери есепке алу, олардың санын анықтау, әскери қызметке жарамдылығын және денсаулық жағдайын анықтау, жалпы білім деңгейін және мамандығын белгілеу, дене шынықтыру даярлығы деңгейін анықтау, әскерге шақырылушыларды алдын ала белгілеу, әскери-техникалық мамандықтар бойынша даярлау және әскери оқу орындарына түсу үшін кандидаттарды іріктеу мақсаттарында, Сандықтау ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. 1990 жылы туған азаматтарға, сондай-ақ Сандықтау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесінде ертеректе есепке тұрмаған жасы үлкен азаматтарға тіркеу жүргізу 2007 жылдың қаңтар-наурыз айларында жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Тіркеу жүргізу жөніндегі іс-шаралардың орындалуына байланысты, шығындар аудан бюджетінен көзделген ақша есебінен іске асырылсын.
Тармақ 3
3. Ауыл әкімі және селолық округ әкімдері, ұйымдар басшылары, тіркеуден өтетін, азаматтарды Сандықтау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің дербес шақыру қағазында көрсетілген, күні мен дәл уақытында міндетті түрде болуы үшін жұмыстан (оқудан) уақытша босатсын, іссапарларынан және демалыстарынан шақыртсын.
Тармақ 4
4. Ауыл әкімі және селолық округ әкімдері тіркеуден өтетін азаматтардың Сандықтау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне міндетті түрде келуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. «Ақмола облысы Денсаулық сақтау департаментінің Сандықтау аудандық ауруханасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы (келісімі бойынша), азаматтарды медициналық тексеруден өткізу үшін:
Тармақша 1
1) азаматтарға медициналық куәландыру жүргізу үшін білікті маман дәрігерлердің, сондай-ақ орта медициналық қызметкерлердің қажетті санын бөлсін;
Тармақша 2
2) азаматтарға қосымша стационарлық тексеру жүргізу үшін шақыру комиссиясының жолдамасы бойынша қажетті мөлшерде төсектер болсын;
Тармақша 3
3) комиссияны қажетті жабдықтармен және құрал-саймандармен қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Сандықтау аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы (келісімі бойынша):
Тармақша 1
1) тіркеу кезінде шақыру учаскелеріне тіркеуден жалтарушы тұлғаларды іздестірсін және Сандықтау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне жеткізсін;
Тармақша 2
2) шақыру учаскесіне азаматтарды тіркеу жөніндегі комиссияның жұмыс уақытында шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіп сақталуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.С.Ізбасароваға жүктелсін.
Тармақ 8
8. Шешім Сандықтау ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген сәттен күшіне енеді және 2007 жылдың 01 қаңтарынан пайда болған құқық қатынастарына таратылады.
Тармақ 9
9. Шешім ресми жарияланған күннен бастап іске қосылады.