О проведении приписки к призывному участку юношей 1990 года рождения Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1990 жылғы туған бозбалаларды әскерге шақырту учаскесінде есепке алу туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеткерлік пен әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 «Қазақстан Республикасының әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды есепке қою тәртібі Ережесін бекіті туралы» қаулысының 2 тарауына сәйкес, ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. 2007 жылдың қантар-наурыз айларында 1990 жылғы түған, есепке алу мерзімінде 17 жасқа толған бозбалаларды және бұрын әскерде болмаған, жастары асқандарды әскерге шақырту учаскесіне есепке алу жұмысын жүргізу.
Тармақ 2
2. Аудан ауыл округтері әкімдеріне: әскерге шақырушыларға уақтылы хабарлаумен қатар, Железин ауданы қорғаныс ісі жөніндегі Бөліміне жеткізуді қамтамасыз етсін; қорғаныс ісі жөніндегі Бөлімінің әскерге шақырушыларды есепке қою жұмысына көмек беру;
Тармақ 3
3. «Железин аудандық ауруханасы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық мекемесінің бас дәрігеріне (келісім бойынша): есепке тұратын ресурстарды медициналық анықтаудан өткізу үшін өз бұйрығымен дәрігерлер – білікті мамандар мен медициналық қызметкерлерді тағайындап, медициналық комиссия кезінде мамандардың ауысуына жол бермеу; есепке тұратын азаматтарды талапқа сай тексерілуден өтуі міндетті;
Тармақ 4
4. Облыстық денсаулық сақтау департаменті өкіліне (келісім бойынша): Железин ауданының әскерге шақырту учаскесіне есепке алуға 1990 жылғы туған толған бозбалаларды комиссиядан өткізу жұмысында дәрігерлік тексерілу мен диспансерлік бақылаудан өткен азаматтардың денсаулығын сипаттайтын медициналық, амбулаторлық карталарына қосымша парағымен қатысу үшін ауыл ауруханаларының аға дәрігерлерін жұмылдыру қажет;
Тармақ 5
5. Ауданның ішкі істер бөліміне (келісім бойынша) әскерге шақырту учаскесінде қоғамдық тәртіп орнатумен қатар, әскери тіркелу мен медициналық тексеруден өтуден бас тартушыларды іздеу және табу жүктеледі.
Тармақ 6
6. Ауданның қорғаныс ісі жөніндегі бөліміне (келісім бойынша): жастардың жергілікті тізімдемесі мен оқу орындарындағы тізімдемелерін, қалыс қалдырмау мақсатымен тіркеу басталғанша тексеріп алу жүктеледі; тіркеу басталмай тұрып талап естіледі: профилактикалық-емдеу мекемелерінен амбулаториялық аурудың медициналық картасымен жастардың оған қосымша парағы, диспансерлік есептегілердің тізімдемесі, дәрігерлік анықтау мен диспансерлік бақылаудың денсаулық жағдайын сипаттайтын ауру тарихынан көшірмесі.
Тармақ 7
7. Қосымшаға сәйкес, әскерге шақырту учаскесіне сепке алу комиссияларының негізгі және қосалқы құрамы бекітілсін.
Тармақ 8
8. Ауданның экономика және жоспарлау бөліміне (Доскереев Қ.Б.) 2007 жылғы аудан бюджетінен есепке алу науқанын өткізу үшін уақтылы қаржи бөлу тапсырылсын.
Тармақ 9
9. Железин ауданы әкімінің 2005 жылғы 26 желтоқсандағы № 28 «1989 жылғы туған бозбалаларды әскерге шақырту учаскесінде есепке алуды өткізу туралы» шешімі (МТН 12-6-16, 2006 жылғы 5 қантардан) күшін жойыды деп танылсын.
Тармақ 10
10. Осы шешімінің орындалуын бақылау аудан әкімі орынбасары А.Қ. Мардановаға жүктелсін. КЕЛІСІЛДІ Железин ауданы қорғаныс ісі бойынша Бөлім бастығы С. Сүлейменов 2006 ж. «25» желтоқсан КЕЛІСІЛДІ Железин ауданы ішкі істер Бөлімі бастығы Қ. Серікпаев 2006 ж. «25» желтоқсан КЕЛІСІЛДІ Облыстық денсаулық сақтау департаменті өкілі – Железин аудандық ауруханасының бас дәрігері Г. Оспанова 2006 ж. «25» желтоқсан
Басқа 11. Железин ауданының азаматтарды әскерге шақырту учаскесінде 1990 жылғы бозбалаларды есепке алу комиссиясының ҚҰРАМЫ
Железин ауданы әкімінің 2006 жылғы «25» желтоқсан № 13 шешіміне 1-қосымша Железин ауданының азаматтарды әскерге шақырту учаскесінде 1990 жылғы бозбалаларды есепке алу комиссиясының ҚҰРАМЫ Сүлейменов Сұңқар Айдарханұлы – ауданның қорғаныс істері бойынша Бөлім бастығы, комиссия төрағасы Марданова Айгүл Қамзақызы – аудан әкімі орынбасары, комиссия төрағасы орынбасары Махметова Марина - шақырту комиссиясы хатшысы