Қаратал ауданы бойынша 1990 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алу және жастарды әскери қызметке шақыруға дайындау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 8- тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 - бабының 1,3 және 5 - тармақтарына сәйкес, 1990 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алуды сапалы жүргізу, сондай-ақ жастарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне әскери қызметке шақыруға дайындық жұмыстарын жақсарту мақсатында Қаратал ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қаратал ауданы бойынша 1990 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алу және жастарды әскери қызметке шақыруға дайындау туралы от 15.01.2007 г. № 7 (Қаратал ауданы бойынша 1990 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алу және жастарды әскери қызметке шақыруға дайындау туралы)
1. 2007 жылғы қаңтар-наурыз айларында 1990 жылы туылған, сондай-ақ бұдан бұрын тіркеуге алынбаған жасы ұлғайған азаматтар әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алынсын.
2. Tipкеуге алу жөніндегі тиісті комиссия 1 қосымшаға сәйкес құрылсын.
3. Осы мақсатта қорғаныс icтepi жөніндегі бөлімі арнайы құрал- жабдықтармен,іс-құжаттарын жүргізетін қажетті техникалық жұмысшылармен (2 қосымша), қызмет етуші персоналдармен қамтамасыз етілсін.
4. 1990 жылы туылған, сондай-ақ шақыру учаскесінде бұрын тіркеуге алынбаған жасы ұлғайған азаматтарды дер кезінде, толық және ұйымшылдықпен тіркеуге алу қамтамасыз етілсін.
5. «Қаратал ауданының ішкі icтep бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (Е. Сансызбаев) ұсынылсын:
1)2007 жылғы 17 қаңтарға дейін аудандық қорғаныс icтepi жөніндегі бөлімінде жасөспірімдердің icтepi жөніндегі инспекцияда есепте тұрған жастардың тізімін беру;
2)аудандық қорғаныс icтepi жөніндегі бөліміне әскерге шақыру учаскесінде тізімге тұрудан жалтарып журген жастарды іздестіруде көмек
көрсету, ол үшін аудандық ішкі iстep бөлімі мен қорғаныс icтepi жөніндегі бөлімі өкілдерінен іздестіруді бақылау және іздестіру тобын құру.
6. «Қаратал ауданының орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік
қазыналык кәсіпорнының бас дәрігеріне (Р. Тапенов) ұсынылсын:
1)аудандык қорғаныс icтepi жөніндегі бөлімі тізімге алушъшарды
медициналык тексеруден өткізу кезінде жан-жақты көмек көрсету жөніндегі шараларды әзірлеу, бұл icкe тәжірибелі дәрігерлер мен қажетті орта медициналық қызметкерлерді қатыстыру;
2)2007 жылғы 1 қаңтарға дейін аудандық қорғаныс iстepi жөніндегі бөліміне 1990 жылы туылған, амбулаториялық есепте тұрған науқастанушылардың қажетті медициналық құжаттарын, сондай-ақ туберкулез, наркологиялық, терівенерологиялық және психоневрологиялық диспансерінде, жасөпірімдер кабинеттерінде, сонымен қатар жұқпалы науқастар ауруханасында есепте тұрған жастардың тізімін тапсыру;
3)тіркеуге алуға дейін 1990 жылы туылған барлық жастарды қажетті медициналық тексеруден өткізу;
4)ауыратыны аныкталған жасөспірімдердің арасындағы сауықтыру
жұмыстарын тікелей медициналык тексеру кезінде бастау, олардың тізімін осы жасөспірімдердің тұрғылықты жерлеріндегі емхананың маман- дәрігерлеріне тапсыру.
7. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Ш. Қаймолдина):
аудандық қорғаныс icтepi жөніндегі бөлімге мүгедек деп танылатын 1990 жылы туылған жастар туралы мәліметтер тапсырсын;
8. «Қаратал ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы
(Н. Тортаев):
1)тіркеуге алу кезінде орта білімі жоқ жастарды анықтау үшін аудандық
қорғаныс icтepi жөніндегі бөліміне мұғалім бөліп, олардың оқуын ұйымдастырсын;
2)1990 жылы туылған жастар арасында әскери оқу орындарына түсетін қандидаттарды ipiктеп алу жұмысын жүргізсін;
9. Аудандық дене тәрбиесі және спорт бөлімі (Ж. Әлімбетов):
1)кәсіпорындарда, ұйымдарда және оқу орындарында әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша жастардың дайындығына бақылауды жүзеге асырсын;
2)тікеуге алу кезінде шақырылушы жастар арасында әскери-патриоттык мәселелер бойынша тәрбиелік және түсініктеме жұмыстарын ұйымдастырып, өткізсін;
10. «Қаратал ауданының қорғаныс icтepi жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (F. Жантурин) осы қаулының орындалу барысы және азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алу қорытындысы туралы Қаратал ауданы әкіміне 2007 жылдың 5 сәуіріне дейін ақпарат тапсыру ұсынылсын.
11. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К. Естібаеваға жүктелсін.
12. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қаратал ауданы әкімдігінің 2007 жылдың 15 қаңтарындағы № 7 «Қаратал ауданы бойынша 1990 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алу және жастарды әскери қызметке шақыруға дайындау туралы» қаулысына 1 қосымша
Аудандық тіркеу комиссиясының құрамы:
Ғалымжан Қуанышбайұлы Жантурин: "Қаратал ауданының қорғаныс істері жөніндегі
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы,
комиссия төрағасы.
Күлзада Көбесқызы Естібаева: аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының
орынбасары.
Комиссия мүшелері:
Талап Мелсұлы Омаров: "Қаратал ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің орынбасары.
Расиль Сәбірұлы Гайсин: "Қаратал ауданының орталық аудандық ауруханасы"
мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының дәрігері,
медициналық комиссияның төрағасы.
Гүлфия Молшылыққызы Нүсіпова: "Қаратал ауданының орталық аудандық ауруханасы"
мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының медбикесі,
тіркеу жөніндегі комиссияның хатшысы.