О проведении приписки граждан 1990 года рождения к призывному участку Қолданыста
Басқа 0
1990 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу туралы
«Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңы негізінде және 1990 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді жәнә оларды әскери есепке енгізуді ұйымшылдықпен өткізуді қамтамасыз ету мақсатымен Атбасар ауданының әкімі шешім етті:
Тармақ 1
1. Шақыру пункті «Атбасар қаласының Қорғаныс істері бойынша бірлескен бөлімі» мемлекеттік мекемесінде (алдағы ММ) ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. 1990 жылы туған азаматтарды шақыру пунктіне тіркеу 2007 жылдың қаңтар мен наурыз аралығында жүргізілсін.
Тармақ 3
3. «Атбасар қаласының Қорғаныс істері бойынша бірлескен бөлімі» ММ бастығы М.Е. Тұрмановқа (келісім бойынша) тіркелуге тиісті азаматтарды шақыру жүргізілсін.
Тармақ 4
4. «Атбасар орталық аудандық аурухана» ММ бас дәрігері Т.М. Махамбетоваға (келісім бойынша), «Атбасар аудандық емхана» ММ бас дәрігері С.А. Аужановаға (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) «Атбасар қаласының Қорғаныс істері бойынша бірлескен бөлімі» ММ бастығының өкімімен медициналық куәландыруды жүргізу үшін маман-дәрігерлер мен орташа медициналық қызметкерлердің қажетті саны бөлінсін;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 16 наурыздағы № 117, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің 2005 жылғы 4 наурыздағы № 100 Бірлескен бұйрығының № 7 қосымшасы бойынша «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарындағы әскери-дәрігерлік сараптама ережесін бекіту туралы» «Атбасар қаласынын Қорғаныс істері бойынша бірлесксн бөлімі» ММ өтінімі бойынша азаматтарды куәландыру үшін медициналық комиссияны медициналық және басқа қажетті мүліктермен жабдықтау қамтамасыз етілсін;
Тармақша 3
3) қосымша тексерілу (емделу) жүргізу үшін стационарлық емдеу-алдын алу мекемелерінде резервтің болуы және «Атбасар қаласының Қорғаныс істері бойынша бірлескен бөлімі» ММ белгіленген мерзімінде жүргізу;
Тармақша 4
4) ауданның емделу-алдын алу мекемелері арқылы барлық тіркеуге алынуға тиісті азаматтардың кеуде қуысындағы органдардың флюорографиялық (рентген көшірмесі) және басқа талдауларын зерттеу «Атбасар қаласының Қорғаныс істері бойынша бірлескен бөлімі» ММ жоспары мен есеп айырысуына сәйкес жүргізілу қамтамасыз етілсін.
Тармақ 5
5. Село, ауылдық және селолық округ әкімдеріне, қала мен аудандағы меншік нысанына қарамастан өз құзыры шегіндегі кәсіпорын, мекеме, ұйым, оқу мекемелерінің басшыларына жүктелсін:
Тармақша 1
1) тіркелуге тиісті азаматтарды «Атбасар қаласының Қорғаныс істері бойынша бірлескен бөлімі» ММ шақыру учаскесіне шақыру туралы құлақтандыру және уақытында келулері қамтамасыз етілсін;
Тармақша 2
2) шақыру учаскесіне тіркелуге тиісті азаматтарды әскери есепке қоюға байланысты қажетті міндеттерді орындау үшін уақытша жұмыстан (оқудан) босату.
Тармақ 6
6. Атбасар аудандық ішкі істер бөліміне (М.Ж. Әбікеевке) (келісім бойынша) әскери міндеттерді орындаудан бас тартқан тұлғаларды іздеу мен ұстауды өз құзыры шегінде жүзеге асырсын.
Тармақ 7
7. Көрсетілген шаралардың орындалуына байланысты шығындар аудандық бюджет қаржысы есебінен жүргізілсін.
Тармақ 8
8. «Атбасар қаласының Қорғаныс істері бойынша бірлескен бөлімі» ММ бастығы М.Е. Тұрмановқа 2007 жылдың 5 сәуіріне дейін азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуге алу қорытындысы туралы аудан әкіміне ақпарат беру.
Тармақ 9
9. Осы шешімнің орындалуын бақылау Атбасар ауданы әкімінің орынбасары Л.И. Боброваға жүктелсін.
Тармақ 10
10. Осы шешімнің күші 2007 жылдың 6 қаңтарында шыққан құқықтық қатынасқа таратылады.
Тармақ 11
11. Осы шешім әділет органында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.