О проведении приписки граждан Республики Казахстан 1990 года рождения к призывному участку Узункольского района Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының 1990 жылы туған азаматтарын Ұзынкөл ауданының шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 31 бабының 1 тармағының 8) тармақшасына сәйкес және «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңының 16, 17, 18, 44 баптарын жүзеге асыру мақсатында, Ұзынкөл ауданының әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының 1990 жылы туған тіркелетін жылы 17 жасқа толатын азаматтар «Ұзынкөл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесінде тіркелуі 2007 жылғы қаңтар - наурызында жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының 1990 жылы туған азаматтарын тіркеу жүргізу жөніндегі комиссияның құрамы бекітілсін (1 қосымша).
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының 1990 жылы туған азаматтарын тіркеу жүргізу кестесі бекітілсін (2 қосымша).
Тармақ 4
4. «Ұзынкөл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына комиссия төрағасына (В.А. Антипов) (келісім бойынша) ұсынылсын:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының 1990 жылы туған азаматтарының Ұзынкөл ауданының шақыру учаскесіне тіркелуін ұйымдастырып, жүргізсін;
Тармақша 2
2) тіркеу жұмыстары аяқталған соң, жасалған шарттар мен шығарылған шығындар бойынша қызмет көрсеткендермен есеп айырысуды өткізу ұсынылсын;
Тармақша 3
3) Ұзынкөл ауданының шақыру учаскесіне Қазақстан Республикасының 1990 жылы туған азаматтарын тіркеу қорытындылары жайлы ақпаратты аудан әкіміне 2007 жылдың 1 сәуіріне дейін хабарласын.
Тармақ 5
5. «Ұзынкөл орталық аудандық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері (Қ.Қ. Ержанов) (келісім бойынша) тіркеу жүргізу жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету үшін мыналар ұсынылсын:
тіркеу жұмыстары жүргізілетін уақытқа көрсетілген дәрігер-мамандар мен төрт шақты медициналық қызметкерлерді негізгі жұмыстарынан босатып, жұмыс орындары мен жалақыларын сақтап бөліп берсін және «Ұзынкөл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің өкімділігіне жіберілсін;
Қазақстан Республикасының 1990 жылы туған тіркелетін жылы 17 жасқа толатын барлық азаматтардың кеуде клеткаларына, жүрек рентгенттерін жасау және керекті лабораториялық тексерулер жүргізсін;
«Ұзынкөл орталық аудандық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны шақырылатындарға тексеру жүргізу үшін 10 шақты кереует бөлсін. Тексеру немесе емдеу жұмыстарының қорытындыларын дер кезде «Ұзынкөл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне ресімделген акт түрінде хабарласын;
шақыру учаскесі қажетті дәрі-дәрмектермен және құрал-саймандармен қамтамасыз етілсін;
жарғы ретін демеу үшін офицерлер мен запас сержанттар қатарынан адам бөлсін және «Ұзынкөл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағына жұмыс орнының және еңбек ақысының сақталуы арқылы шақыру учаскесінде комендант жұмысы үшін жіберілсін.
Тармақ 6
6. Селолык округтердің, Ұзынкөл, Троебрат селосының әкімдері:
Тармақша 1
1) 1990 жылы туған тіркеуге жататын азаматтардың шақыру учаскесіне мектеп өкілдерімен қосақталып келуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) «Ұзынкөл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі жанындағы дәрігерлік анықтамалау және «Ұзынкөл орталық аудандык аурухана» мемлекеттік коммуналдык кәсіпорнына анализ тапсыру үшін тіркеуге шакырылған азаматтарды жеткізуді ұйымдастырып, қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) мектеп директорлары мен әскери дайындықты жүргізетін мүғалімдермен бірлесе отырып әр шақырылатын азаматтардың жинақталған жеке істерін келесі құжаттармен «Ұзынкөл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне тапсырсын:
Тармақша 1
1) шақырылатын азаматтың картасы;
Тармақша 2
2) жеке куәлігінің көшірмесі
Тармақша 3
3) білімі туралы құжаттың көшірмесі;
Тармақша 4
4) тіркеу салық нөмірінің көшірмесі
Тармақша 5
5) сараптау парағы;
Тармақша 6
6) отбасы жағдайы туралы анықтама;
Тармақша 7
7) оқу немесе жұмыс орнынан алынған анықтама;
Тармақша 8
8) оқу немесе жұмыс орнынан алынған мінездеме;
Егер шақырылатын азамат оку орнын бітіргеннен соң селолық округ аумағында тұрса және жұмыс істемесе, онда мінездеме әскери тіркеуді жүргізуге жауап беретін тұлғамен беріледі.
Тармақ 7
7. «Ұзынкөл ауданының каржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығына (А.Е.Өтегенова) 12200500 «Жалпыға бірдей әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс-шаралар» бағдарламасымен көзделген қаражаттар шегінде Қазақстан Республикасының 1990 жылы туған азаматтарын Ұзынкөл ауданының шақыру учаскесіне тіркеумен байланысты іс-шаралардың қаржыландырылуын жүргізу ұсынылсын.
Тармақ 8
8. Тіркеу кезінде шақыру учаскесінің шақырылатындарды тізімге алумен байланысты жұмысын қамтамасыз ету үшін «Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (А.Б. Сұлтанова), «Ұзынкөл ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (С.Б. Дүйсекеева), Қазақстан Республикасы «Қазпочта» акционерлік қоғамы Қостанай облыстық филиалының Ұзынкөл аудандық почта байланысы торабының бастығына (Е.Ә. Жаналин) (келісім бойынша) екі техникалық қызметкер бөлу ұсынылсын.
Тармақ 9
9. «Қазақстан Республикасы ішкі істер Министірлігі Қостанай облысының ішкі істер Департаменті Ұзынкөл аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (М.С. Даиров) (келісім бойынша) мыналар ұсынылсын:
Тармақша 1
1) шақыру учаскесіне тіркелуден бас тартып жүргендерді іздестіру және шақыру учаскесіне әкелу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) тіркеу жүргізу мерзімінде шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етсін.
Тармақ 10
10. Қазақстан Республикасының 1990 жылы туған азаматтарын Ұзынкөл ауданының шақыру учаскесіне тіркеу жүргізудің орындалуына бақылау жасау Ұзынкөл ауданы әкімінің орынбасары М.В. Слесарьға жүктелсін.
Тармақ 11
11. Қазақстан Республикасының 1989 жылы туған азаматтарын Ұзынкөл ауданының әскерге шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 2006 жылғы 29 наурыздағы 9-19-18, «Нұрлы жол» 2006 жылғы 13 сәуірдегі № 15) Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 16 ақпандағы № 35 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 12
12. «Қазақстан Республикасының 1990 жылы туған азаматтарын Ұзынкөл ауданының шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу туралы» Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулысы Ұзынкөл аудандық әділет Басқармасында мемлекеттік тіркеуден өтпеуіне байланысты күші жойылсын.
Тармақ 13
13. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 30. Қазақстан Республикасының 1990 жылы туған азаматтарын тіркеу жүргізу жөніндегі комиссияның негізгі құрамы
Ұзынкөл ауданы әкімдігінің
2007 жылғы 28 қаңтардағы
№ 22 қаулысына 1 қосымша
Қазақстан Республикасының 1990 жылы туған азаматтарын тіркеу жүргізу жөніндегі комиссияның негізгі құрамы
АНТИПОВ Вячеслав Анатольевич - «Ұзынкөл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі, бастық, комиссия төрағасы (келісім бойынша)
АҒЫТАЕВ Нұрым Сабырұлы - «Ұзынкөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, жалпы бөлім бастығы, комиссия төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелері:
ХЛЕБНИКОВА Елена Викторовна - «Ұзынкөл орталық аудандық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, жеткіншектер кабинетінің медициналық бикесі (келісім бойынша)
НҰРМАҒАМБЕТОВ Қанат Абыройұлы - «Қазақстан Республикасы ішкі істер Министірлігі Қостанай облысының ішкі істер Департаменті Ұзынөл аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі, бастықтың орынбасары (келісім бойынша)
ЧИКИНАЕВ Құдайберген Шаймерденұлы - «Ұзынкөл орталық аудандық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, хирург (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасының 1990 жылы туған азаматтарын тіркеу жүргізу жөніндегі комиссияның резервтік құрамы
ЖАРКИН Серғазы Амангелдіұлы - «Ұзынкөл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі, бастық, комиссия төрағасы (келісім бойынша)
ДЕМИН Юрий Васильевич - «Ұзынкөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, азаматтық қорғаныс жұмысын жұмылдыру және төтенше жағдай жөніндегі бас маман, комиссия төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелері:
ҚАПАРОВ Нұрлан Бағыткерейұлы - «Қазақстан Республикасы ішкі істер Министірлігі Қостанай облысының ішкі істер Департаменті Ұзынкөл аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі, қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің бастығы (келісім бойынша)
ЗАБРОДИНА Тамара Ивановна - «Ұзынкөл орталық аудандық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, медициналық бикесі (келісім бойынша)
САУТОВ Марат Бауыржанұлы - «Ұзынкөл орталық аудандық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, хирург, медициналық комиссияның төрағасы (келісім бойынша)
Басқа 31