О проведении приписки граждан 1990 года рождения к призывному участку Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.02.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1990 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тізімге алу туралы Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 33-бабы 1-тармағының 13-тармақшасына сәйкес, әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу үшін Егіндікөл ауданының әкімі ШЕІІІІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ауданның қорғаныс істері жөніндегі бірлескен бөлімінің бастығына (келісім бойынша) 2007 жылдың қаңтар-наурыз айларында аудан аймағында 1990 жылы туылған азаматтарды, сондай-ақ жасы үлкен бұрын тізімге алынбаған азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тізімге алу жүргізу тапсырылсын.
Тармақ 2
2. Қорғаныс істері жөніндегі бірлескен бөлімнің (бұдан әрі - ҚІЖББ) жанынан әскерге шақыру учаскесі құрылсын.
Тармақ 3
3. Ауыл және ауылдық округ әкімдері:
Тармақша 1
1) тізімге алынуға жататындарға шақыру қағаздарын тапсырсын;
Тармақша 2
2) әскерге шақыру учаскесіне келуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне жеткізу үшін шығарып салушылар және қажетті көлік бөлсін, адамдарды тасу кезінде қайғылы оқиғалардың алдын алу шаралары қолданылсын.
Тармақ 4
4. ҚІЖББ бірлесіп әркеттесіп 2007 жылғы 31 наурызға дейін әскерге шақырылушылардың алғашқы есебін жүргізу ұйымдастырылсын.
Тармақ 5
5. Кәсіпорындар мен ұйымдардың, білім беру мекемелерінің басшылары тізімге алынуға жататын азаматтарды комиссия өту, стационарлық тексеру, сондай-ақ амбулаториялық анализдер тапсыру кезеңіне жұмыстан және оқудан босатсын.
Тармақ 6
6. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығына (келісім бойынша) ҚІЖББ өзара әрекеттесіп, әскерге шақыру учаскесінде тәртіптің сакталуын және тізімге алынудан жалтарып жүрген тұлғаларды іздестіруді қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 7
7. Азаматтарды тізімге алу жөніндегі іс-шаралардың орындалуымен байланысты шығыстар аудандық бюджет есебінен жүзеге асырылсын.
Тармақ 8
8. ҚІЖББ бастығына (келісім бойынша) 1990 жылы туылған азаматтарды тізімге алу қорытындысы туралы ақпаратты тізімге алу аяқталғаннан соң, 10 күн мерзім ішінде аудан әкіміне тапсыру ұсынылсын.
Тармақ 9
9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.С. Ысқақоваға жүктелсін.
Тармақ 10
10. осы қаулы Егіндікөл ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді, «Шұғыла-Целинная нива» газетінде ресми жарияланған күннен бастап қолданыска енгізіледі.
Тармақ 11
11. Шешімнің әрекеті 2007 жылғы 1 каңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.