«Об организации и проведении медицинского освидетельствования юношей 1991-1992 годов рождения на территории Ерейментауского района» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.09.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Ерейментау ауданы аумағында 1991-1992 жылдары туған жасөспірімдерді медициналық куәландыруды ұйымдастыру және өткізу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» және 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңдарына сәйкес, әскерге шақыру жасына дейінгі жастарды тереңірек дәрігерлік тексеруден өткізуді ұйымдастыру және дәрігерлік емдеуді қажет ететін жастарға көмек көрсету мақсаттарында аудан әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Ақмола облысының денсаулық сақтау Департаментінің Ерейментау аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік мекемесіне (А.Д.Хасенов, келісім бойынша) және «Ақмола облысының денсаулық сақтау Департаменті жанындағы Ерейментау аудандық емханасы» мемлекеттік қазыналы-коммуналды кәсіпорнына (Б.М.Мирманов, келісім бойынша) ұсынылады:
Тармақша 1
1) 2007 жылдың қыркүйек пен қазан айларында қала мен аудан аумағында 1991-1992 жылдары туған жасөспірімдерді толық маман-дәрігерлерден құрылған медициналық куәландыру ұйымдастырылып өткізілсін;
Тармақша 2
2) медициналық куәландыруды өткізу мақсатында дәрігерлік пункт мына мекенжайда ұйымдастырылсын: Ерейментау қаласы, Құнанбаев көшесі, 131-ші үй;
Тармақша 3
3) аудандық дәрігерлік комиссиясы терапевт, хирург, невропатолог, отоларинголог, окулист, стоматолог, психиатр, дерматолог маман-дәрігерлермен жабдықталсын. Жастарды диспансерлік тексеруден өткізу үшін қажет дәрі-дәрмектермен және флюоролық үлгілермен қажет мөлшерде қамтамасыз етілсін;
Тармақша 4
4) жасөспірімдер арасында емдеу-сауықтыру жұмыстарын жақсартуға қол жеткізсін және «Ақмола облысының денсаулық сақтау Департаменті жанындағы Ерейментау аудандық емханасы» мемлекеттік қазыналы-коммуналды кәсіпорны жасөспірімдерге қызмет көрсету жұмыстарының тиімділігін арттырсын.
Тармақ 2
2. «Ерейментау аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығына (Г.Б.Сарсенбаева), мекемелердің, ұйымдардың, кәсіпорындардың басшыларына ұйымдастыру-құқықтық нысанына қарамастан ұсынылсын:
Тармақша 1
1) «Ақмола облысының Ерейментау аудандық қорғаныс істері бойынша бөлімі» мемлекеттік мекемесіне, «Ақмола облысының денсаулық сактау Департаменті жанындағы Ерейментау аудандық емханасы» мемлекеттік қазыналы-коммуналды кәсіпорнының денсаулық сақтау бөлімінің жасөспірімдер бөлімшесіне 1991-1992 жылдары туған жасөспірімдердің тізімін белгіленген түрде табыс етсін;
Тармақша 2
2) медициналық тексеру уақытында жасөспірімдерді оқудан және жұмыстан босатып, оларды дәрігерлік тексеруге оқу орындары мен кәсіпорындар өкілдерінің жетекшілігімен міндетті түрде жеткізілуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Ауданның, Ерейментау қаласының, ауылдық округтар мен ауылдардың әкімдері, әскерге шақырылушы жасөспірімдердің дәрігерлік куәландыруға толығымен келуін және оларды әскери-есепке жауапты мамандар ертіп әкелулерін қамтамасыз етулері тиіс. Жазатайым оқиғаларды болдырмауға жағдайлар жасалсын.
Тармақ 4
4. 2007 жылдың 8 қаңтарында Ерейментау ауданының әділет Басқармасында № 1-9-73 тіркелген және 2007 жылдың 17 каңтарында № 6 «Ереймен» газетінде жарияланған 2006 жылдың 26 желтоқсанындағы № 15 Ерейментау ауданының әкімінің «Ерейментау ауданы аумағында 1990-1991 жылдары туған жасөспірімдерді медициналық куәландыруды ұйымдастыру және өткізу туралы» шешімі күші жойылған деп танылсын.
Тармақ 5
5. Нақты шешім Ерейментау ауданының әділет Басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен және кезекті басылымдарда ресми жарияланғаннан кейін күшіне енеді.
Тармақ 6
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Н.Дүйсембаеваға жүктелсін.