О проведении диспансеризации юношей 1991 – 1992 годов рождения Қолданыста
Басқа 0
1991 – 1992 жылы туған жасөспірімдерге диспансеризациялауын өткізу туралы
Қазақстан Республикасы «Әскери міндеттілік пен әскери қызмет туралы» Заңының 15 бабына сәйкес, шақыру жасына дейінгі жасөспірімдердің денсаулықтарын тексеру мақсатында, науқастардың арасында емдеу шараларын өткізуге байланысты ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. 2007 жылдың 22 желтоқсанына дейін ауданда шақыру жасына дейінгі жасөспірімдерді емдеу жұмыстары өткізілсін:
Тармақша 1
1) аудандық ауруханада, аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің
(бұдан әрі – ҚІБ) комиссиясының құрамымен, 1991 – 1992 жылы түған жасөспірімдермен дәрігерлік тексеру өткізілсін;
Тармақша 2
2) 1991 – 1992 жылы туған жасөспірімдермен өткізілетін барлық емдеу шаралары аудандық емдеу мекемелерінде өткізіліп, тексеру нәтижелеріне сәйкес медициналық құжаттарда нақтынасын.
Тармақ 2
2. Ауыл және ауылдық округтерінің әкімдері, мектептер мен кәсіптік мектеп директорлары, 1991 – 1992 жылы туған жасөспірімдердің тізімін аудандық ауруханаға 0273 М3 және аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің (бұдан әрі – ҚІБ) 1-МО үгілісімен берсін.
Тармақ 3
3. Білім бөліміне, мектеп пен кәсіптік мектеп директорлары, ұйымдардың қолдаумен кестеге сәйкес, емдік тексеру алғашқы әскери дайындығының ұйымдастырушы-оқытушының міндетті түрде басшылығымен жасөспірімдердің аудандық ауруханаға емдік тексеруге жеткізуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. «Ертіс ауданының емханасы» қазыналық коммунналдық мемлекеттік кәсіпорынның бас дәрігеріне, «Ертіс орталық аудандық аурухана» қазыналық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның бас дәрігеріне:
Тармақша 1
1) дәрігер мамандардың, орта дәрігерлік персоналдардың құрамын анықтап, жасөспірімдердің емдеу тексеруін өткізу үшін медициналық мүлік және жабдықтар бөлінсін;
Тармақша 2
2) тексеру мен емделуі қажет ететін жасөспірімдердің шығарып, емдік есепке алынсын;
Тармақша 3
3) тексеруді ұйымдастыру, емделу мн өткізу, науқастардың емделуін, жасөспірімдік дәрігерлердің жұмысы қамтамасыз етілсін, бұл жұмыста есепке алу мен беру құжаттамасы жүргізілсін.
Тармақ 5
5. Аудандық аурухананың бас дәрігеріне:
Тармақша 1
1) аудандық поликлиника мен аурухана бөлімшелерінде науқас жасөспірімдердің емделуін ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) жасөспірімдердің стационарлық зерттелуі мен емделуін қамтамасыз ету үшін қажетті керуеттер санын қарастыру.
Тармақ 6
6. Ауылдық дәрігерлік амбулаториялардың бас дәрігерлеріне:
Тармақша 1
1) амбулаторлық карталар (ф-25) және олардың жапсырмаларын (ф-25-у) дайындау;
Тармақша 2
2) белгіленген үлгі бойынша жасөспірімдердің емделуі мен медициналық зерттелуі туралы тоқсандық ақпарат, облыстық денсаулық сақтау департаментінің Ертіс ауданы боыйнша өкіліне тапсыру қамтамасыз етілсін.
Тармақ 7
7. Қаржы бөліміне 2006 жылғы 6 қантардағы № 14 «Бекітілген кепілдік медициналық көмектің көлемінің өзгерістер мен қосымша енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес 2007 жылдың қазан-желтоқсан айларында ауданда әскерге шақырылатын жасөспірімдерде емдік жұмыстарын өткізуге аудандық ауруханаға қажетті қаржы, аудан бюджетінен бөлінсін.
Тармақ 8
8. Осы шешім 2007 жылы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 9
9. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Н. Воронинге және ҚІБ бастығы А.К. Сарин (келісім бойынша) жүктелсін.
Келісілді
ҚІБ бастығы А. Сарин
2007 ж. 2 қыркүйек