Об организации и проведении медицинских освидетельствований юношей 1991-1992 годов рождения на территории Атбасарского района Күшін жойған
Басқа 0
Атбасар ауданының төңірегіндегі 1991-1992 жылдары туған жасөспірімдерге медициналық куәландыруын ұйымдастыру және өткізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» заңына сәйкес, әскерге шақыруға дейінгі жастағы жасөспірімдерді тереңдетілген медициналық куәландырудан ұйымшылдықпен өткізу, емдеуді қажет ететін жасөспірімдерге медициналық көмек көрсету мақсатында Атбасар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Атбасар ауданының төңірегінде 1991-1992 жылдары туған жасөспірімдерді «Атбасар аудандық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық мекеме (бұдан әрі МКҚМ) базасында дәрігер мамандардың толық құрамымен медициналық куәландырудан өткізу 2007 жылдың қазан-қараша айларында ұйымдастырылсын және жүргізілсін.
Тармақ 2
2. «Атбасар аудандық емханасы» МКҚМ бас дәрігеріне (Панасюра С.А.) (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) медициналық куәландырудан өткізу кестесін құру және бекіту;
Тармақша 2
2) ауданның медициналық комиссиясын дәрігер-мамандармен жабдықтау: хирург, терапиялық, жүйке ауруларының, психиатр, көз дәрігері, құлақ, мұрын, тамақ дәрігері, дерматолог-венеролог, тіс дәрігері;
Тармақша 3
3) «Атбасар аудандық емханасы» МКҚМ жасөспірімдер кабинетін жасөспірімдерге медициналық куәландыруды жүргізу үшін дәрі-дәрмектермен, аспаптармен және қажетті материалдармен қамтамасыз етілсін.
Тармақ 3
3. «Атбасар ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі ММ) (Сексенбаева Ж.Б.), құқық-ұйымдастыру түріне тәуелсіз ұйым, мекеме, кәсіпорын басшыларына 1991-1992 жылдары туған жасөспірімдердің белгіленген түрдегі тізімін МКҚМ «Атбасар аудандык емханасы», ММ «Атбасар қаласынын Қорғаныс істері жөніндегі бірлескен бөліміне» ұсыну. Медициналык куәландыру кезінде жасөспірімдерді оқудан және жұмыстан босату және оқу орындары, кәсіпорындардын өкілдерімен міндетті түрде МКҚМ «Атбасар аудандық емханасының» кестесі бойынша медициналық куәландыруға әкелуді қамтамасыз етілсін.
Тармақ 4
4. 2006 жылдың 13 казанындағы № а-10/204 «Атбасар ауданынын территориясындағы 1990-1991 жылы туған жасөспірімдерді медициналық куәландырудан өткізуді ұйымдастыру туралы» Атбасар ауданы әкімдігінің қаулысы 2006 жылдың 17 қарашасында әділет органында тіркелген, № 1-5-61 («Атбасар» және «Простор» газеттері 2006 жылдың 24 қарашасы), қаулы күшін жойды деп табу.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау жұмысы аудан әкімінін орынбасары Л.И. Боброваға жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы әділет органында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жариялануға жатады.