О проведении приписки граждан 1991 года рождения к призывному участку отдела по делам обороны города Сарани в 2008 году Қолданыста
Басқа 0
2008 жылы 1991 жылы туған
азаматтардың Саран қаласының
қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің
әскерге шақыру учаскесінің
есебіне алынуын өткізу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңын орындауға орай, 1991 жылы туған азаматтардың санын, әскери қызметке жарамдылығы дәрежесімен денсаулық жағдайын жалпы білімі мен мамандықты, дене-күш дайындығы деңгейін анықтай отырып, алдын ала әскерге шақырылатындарды тағайындау, әскери оқу орындарына түсу және әскери-техникалық мамандықтары бойынша үміткерлерді іріктеу үшін, Саран қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскерге шақыру учаскесінің есебіне алынуын сапалы және ұйымдастырылған түрде өткізу мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарын басшылыққа алып, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Саран қаласы, Жеңіс көшесі 26 үй мекен – жайы бойынша Саран қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде әскерге шақыру учаскесі құрылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабының 5 тармағына сәйкес және Саран қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскерге шақыру учаскесіне азаматтарды есепке алуды өткізу үшін төменде көрсетілген қалалық комиссияның дербес құрамы бекітілсін:
Комиссия төрағасы:
Үйсінбай Әлиұлы Қанафин Саран қаласының қорғаныс істері
жөніндегі бөлімінің бастығы
(келісімі бойынша)
Комиссия төрағасының орынбасары:
Зинаида Николаевна Алексеева «Саран қаласының ішкі саясат
бөлімі» мемлекеттік мекемесі
меңгерушісінің м.а.
Комиссия мүшелері:
Ерболат Тыныбекұлы Саран қаласының ішкі істер
Балабеков бөлімі бастығының орынбасары
(келісімі бойынша)
Галина Владимировна «Саран қаласының орталық
Белашова ауруханасы» коммуналдық
мемлекеттік қазыналық
кәсіпорнының емханалық жұмыс
жөніндегі меңгерушісі (келісімі
бойынша)
Владимир Герасимович Чен «Саран қаласының орталық
ауруханасы» коммуналдық
мемлекеттік қазыналық
кәсіпорнының отоларинголог -
дәрігері, медициналық персонал
жұмысын басшылық етуші,
медициналық комиссия төрағасы
(келісімі бойынша)
Хатшы:
Наталья Петровна Малюкова «Саран қаласының орталық
ауруханасы» коммуналдық
мемлекеттік қазыналық
кәсіпорнының медициналық
бикесі (келісімі бойынша)
Ауырып қалу немесе басқа да себепті жағдайлармен келмеген әскерге шақыру комиссия мүшелерінің орнына мына құрамнан резерв қарастырылсын:
Комиссия төрағасы:
Абай Кәріғұлұлы Құнанбаев Саран қаласының қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі бастығының
орынбасары (келісімі бойынша)
Комиссия төрағасының орынбасары:
Джайлыбекова Дина «Саран қаласының ішкі саясат
Қабдышқызы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
бас маманы
Комиссия мүшелері:
Қайыржан Мәкімұлы Бөпебаев «Саран қаласының орталық
ауруханасы» коммуналдық
мемлекеттік қазыналық
кәсіпорнының хирург - дәрігері,
медициналық персонал
жұмысына басшылық етуші,
резервтегі медициналық
комиссия төрағасы (келісімі
бойынша)
Інібек Молдабайұлы Қалиев Саран қаласының ішкі істер
бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік
бөлімшесі бастығының
орынбасары (келісімі бойынша)
Хатшы:
Галина Анатольевна Локшина «Саран қаласының орталық
ауруханасы» коммуналдық
мемлекеттік қазыналық
кәсіпорнының медициналық
бикесі (келісімі бойынша)
Тармақша 1
1) қалалық комиссия өз жұмысында Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 16, 17, 18 баптарын қатаң түрде басшылыққа алсын:
Тармақша 2
2) азаматтардың Саран қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскерге шақыру учаскесінің есебіне алынуын өткізу кестесі бекітілсін: 2008 жылы қаңтарда - наурызда;
Тармақша 3
3) комиссия төрағасы комиссия отырысын толық емес құрамда жүргізуге жол бермесін және Саран қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің азаматтарды әскерге шақыру учаскесінің есебіне алуды белгіленген мерзімде ұйымдастыру және өткізу бойынша Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңы талаптарының орындалуын қамтамасыз етсін;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 44 бабының 4 тармағына сәйкес комиссия мүшелері медициналық, техникалық қызметкерлерінің әскерге шақыру міндеттерін орындаған уақытына олардың жұмыс орны, атқаратын лауазымы және еңбекақысы сақталсын.
Тармақ 3
3. Саран қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Ү.Ә.Қанафин (келісімі бойынша):
Тармақша 1
1) 2008 жылы қаңтарда – наурызда Саран қаласының әскерге шақыру учаскесіне 1991 жылы туған Қазақстан Республикасының азаматтарын шақыруды жүргізсін және олардың есепке алынуын жүзеге асырсын;
Тармақша 2
2) Саран қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің әскерге шақыру учаскесінің есебіне алуды өткізуге қалалық бюджеттен бөлінген қаржыны тиімді пайдалану мақсатында, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңымен белгіленген тәртіп бойынша медициналық куәландыру өткізу үшін алыс жерде тұратын азаматтарды жеткізуді қамтамасыз ету үшін автомобиль көлігі қызметін көрсетуге мемлекеттік сатып алулар өткізсін;
Тармақша 3
3) есепке алуды өткізу және өткізіліп жатқан медициналық куәландыру кезінде әскерге шақыру учаскесінің есебіне алынуға жататын азаматтар арасында арам және жұқпалы аурулардың пайда болуын және олардың таратылуын болдырмау мақсатында, әскерге шақыру учаскесінде және барлық дәрігерлік кабинеттерде санитарлы-індет нормалары мен ережелерінің қатаң сақталуын қамтамасыз етсін;
Тармақша 4
4) әскери міндеттілік және әскери қызмет саласында әкімшілік құқық бұзушылық істеген азаматтарды, ұйымдардың басшыларын Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген тәртіпте әкімшілік жауапкершілікке тартсын;
Тармақша 5
5) Саран қаласының әкіміне 2008 жылдың сәуірінде 1991 жылы туған азаматтарды Саран қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскерге шақыру учаскесінің есебіне алу қорытындылары туралы ақпарат тапсырсын.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңына сәйкес «Саран қаласының орталық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры Қ.Қ.Сатова (келісімі бойынша):
Тармақша 1
1) әскерге шақыру учаскесінің есебіне алуды өткізу бойынша комиссияға есепке алынуға жататын азаматтарды медициналық куәландыру өткізу үшін жұмыс тәжірибесі бар қажетті маман-дәрігерлер: хирург, терапевт, невропатолог, психиатр, окулист, отоларинголог, дерматовенеролог, стоматолог, орта медициналық персоналдар санын бөлсін;
Тармақша 2
2) Саран қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығының есебіне және жоспарына сәйкес Саран қаласы және Ақтас кентінің емделу мекемелері арқылы барлық есепке алынуға жататын азаматтардың флюорография, электрокардиограмма, анализдерін тапсыруын қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) әскерге шақыру учаскесінің есебіне алуды өткізу аяқталғаннан кейін және Саран қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығының ұсынысымен емделуді қажет ететін әскерге шақыртылғандар тізімі бойынша оларды емделу мекемелеріне бекітсін және емдеумен қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Ақтас кентінің әкімі, меншіктік нысана түріне қарамастан қала ұйымдарының басшылары:
Тармақша 1
1) Саран қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығымен белгілеген мерзімде әскерге шақыру учаскесіне есепке алынуға жататын әскер жасына дейінгі азаматтардың тізімін тапсырсын;
Тармақша 2
2) іссапарға, демалысқа кеткен, есепке алынуға жататын азаматтардың барлығын қайта шақыртсын және оларға хабар беруді ұйымдастырсын, олардың Саран қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне уақытында келуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) әскер жасына дейінгілерді әскери есепке қоюға байланысты міндеттер атқаруға қажетті уақытта жұмыс орны, лауазымы сақтала отырып, азаматтар жұмыстан (оқудан) босатылады.
Тармақ 6
6. «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің меңгерушісі К.О.Тұңғышбаева Саран қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығының тапсырысы бойынша есепке алуды өткізу кезеңіне техникалық жұмыстарды атқару үшін жұмыссыз азаматтар санынан 5 қоғамдық жұмыскер бөлсін;
Тармақ 7
7. Саран қаласының ішкі істер бөлімінің бастығы Е.Б.Рахымбергеновке (келісімі бойынша):
Тармақша 1
1) есепке алынудан өтуден бас тартқан азаматтардың ұсталуын, олардың іздестірілуін жүргізсін;
Тармақша 2
2) азаматтардың әскерге шақыру учаскелеріне есепке алынуын өткізу бойынша комиссия жұмысы кезеңінде әскерге шақыру пунктінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін, ол үшін есепке алу кезеңіне бір қызметкер бөлсін.
Тармақ 8
8. «Саран қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің меңгерушісі Р.Б.Малшыбекова Саран қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің тапсырған құжаттары бойынша 2008 жылға арналған қаржыландырудың жиынтық жоспарына сәйкес есепке алу компаниясының уақтылы қаржыландырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 9
9. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін өз күшіне енеді және қалалық «Ваша газета» газетінде ресми түрде жарияланған күннен кейінгі 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
Тармақ 10
10. Осы қаулының қабылдануына байланысты, нормативтік құқықтық тіркеу мемлекеттік Реестрінде (№ 31633) тіркелген және «Ваша газета» газетінде 2007 жылғы 10 ақпандағы 6 нөмірінде ресми түрде жарияланған, Саран қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 28 желтоқсандағы осындай «1990 жылы туған азаматтардың Саран қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің әскерге шақыру учаскесінің есебіне алынуын өткізу туралы» № 494 қаулысы өз күшін жойды деп танылсын.
Тармақ 11
11. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Л.Н.Кимге жүктелсін.
«КЕЛІСІЛГЕН»
№
р/н
Датасы
Нормативтік құқықтық акт
Лауазымы
Қолы, мөр
1.
Ескертусіз келісілген
Саран қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы - Үйсінбай Әлиұлы Қанафин
2.
Ескертусіз келісілген
«Орталық қалалық аурухана» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры -Қалима Құсайынқызы Сатова
3
Ескертусіз келісілген
Саран қаласының ішкі істер бөлімінің бастығы -Ерлан Балтабайұлы Рахымбергенов