О проведении приписки граждан 1991 года рождения к призывному участку отдела по делам обороны Нуринского района в 2008 году Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1991 жылы туған азаматтарды аудандык қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесінде 2008 жылы тіркеуді өткізу туралы. Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабына сәйкес және 1991 жылы туған азаматтарды Ңұра аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеу жургізуді сапалы ұйымдасқан түрде өткізу үшін аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 1991 жылы туған азаматтардын тіркеуі 2008 жылдың қаңтар-наурызында өткізілсін.
Тармақ 2
2. Қосымшаға сәйкес аудандық тіркеу комиссиясының құрамы бекітілсін.
Тармақ 3
3. Аудандық медициналық бірлестігі (Еспаев Бөкеш Орақұлы - келісім бойынша):
Тармақша 1
1) 1991 жылы туған азаматтардың медициналық комиссиядан өту кестесін құрсын;
Тармақша 2
2) тіркеу мәліметтерін есепке алу, емдеуге жіберілетін азаматтардың тізімін есепке алу кітабын дайындасын;
Тармақша 3
3) шақыру учаскесіндегі медициналық комиссияны қажетті мамандармен және медбикелермен, медициналық дәрі-дермек, құрал-жабдық және мүлікпен қамтамасыз етсін;
Тармақша 4
4) тіркеуге жататын азаматтарды лабораториялық, флюрографиялық зерттеуден өткізуді қамтамсыз етсін;
Тармақша 5
5) стационар да зерртеуден өту және емдеу үшін қажет орын бөлуді қарастырсын.
Тармақ 4
4. Аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімнің бастығы (Жолболдин Қайролла Шәріпұлы - келісім бойынша):
Тармақша 1
1) маман дәрігерлермен, медбикелермен машық сабақтарын өткізсін;
Тармақша 2
2) аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінде тіркеуді өткізетін орын дайындасын;
Тармақша 3
3) 1991 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеудің қорытындылары туралы ақпаратты аудан әкіміне 2008 жылдың 1 сәуіріне дейін ұсынсын.
Тармақ 5
5. Нұра аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы (Канафин Асхат Нұрмұханұлы - келісім бойынша):
Тармақша 1
1) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруге және ұстауға өз құзыреті шегінде жүзеге асырсын;
Тармақша 2
2) қорғаныс істер бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеуге жататын азаматтарды ере жүруін және қауіпсіздігін қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Нұра ауданының қаржы бөлімі (Баранов Николай Анатольевич) аталмыш шараларды өткізу үшін бюджеттен қаржы бөлсін.
Тармақ 7
7. Нұра ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Жүпенова Гүлнар Тақуқызы) мүгедек деп танылған барлық тіркеуге жататын азаматтар туралы мәліметтерді аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөліміне хабарласын.
Тармақ 8
8. Ауыл және кент әкімдері тіркеуге жататын азаматтарға шақырылғаны туралы хабардар етсін және олардың шақыру учаскесіне келуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 9
9. Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 26 желтоқсандағы «1990 жылы туған азаматтарды аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесінде 2007 жылы тіркеуді өткізу туралы» (Қарағанды облысы Әділет департаментінде 2007 жылдың 2 ақпанында тіркелген, тіркеу № 8-14-44) № 18/09 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 10
10. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Зара Ахметжанқызы Даутоваға жүктелсін.
Тармақ 11
11. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ Аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің бастығы Қ.Ш.Жолболдин 10.12.2007 жыл КЕЛІСІЛДІ Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы А.Н.Канафин 10.12.2007 жыл КЕЛІСІЛДІ Аудандық медициналық бірлестігінің директоры Б.О.Еспаев 10.12.2007 жыл
Басқа 22. Аудандық тіркеу комиссияның құрамы:
Қосымша Аудан әкімдігінің 2007 жылғы «10» желтоқсандағы № 20/10 қаулысымен БЕКІТІЛГЕН Аудандық тіркеу комиссияның құрамы:
Тармақ 1
1. Жолболдин Қайролла Шәріпұлы - комиссия террасы, аудандық корғаныс істер жөніндегі бөлімінің бастығы (келісім бойынша)
Тармақ 2
2. Даутов Олжас Маратұлы - комиссия төрағасының орынбасары, аудан әкімі аппаратының жетекші маманы
Тармақ 3
3. Сатемирова Бақыткүл Баймұратқызы - комиссия хатшысы, аудандық медициналық бірлестігінің жұмыскері (келісім бойынша)
Тармақ 4
4. Протасенко Константин Викторович - Нұра ауданының ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша)
Тармақ 5
5. Гизатуллина Лилия Фанаулиловна - аудандық медициналық бірлестігінің терапевт-дәрігері (келісім бойынша)