О проведении приписки граждан Республики Казахстан 1991 года рождения к призывному участку района Магжана Жумабаева в 2008 году Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының 1991 жылы туған азаматтарын 2008 жылы Мағжан Жұмабаев аудандық шақыру учаскесіне тіркеу жүргізу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы «Жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2008 жылдың қаңтар-наурыз айларында Мағжан Жұмабаев аудандық шақырту учаскесіне 1991 жылы туған және одан жасы үлкен, бұрын тіркелмегендердің тіркелуі жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Азаматтарды Мағжан Жұмабаев ауданының шақырту учаскесіне тіркеу үшін қосымшаға сәйкес комиссия құрылсын.
Тармақ 3
3. Тіркеу комиссиясының мүшелері комиссиядағы міндеттерін орындаған кезде олардың жұмыс орны, лауазымы және еңбекақысы сақталады.
Тармақ 4
4. Селолық округтердің әкімдері, әскер жасына дейінгі азаматтарға шакыру учаскесіне тіркелуге келу туралы, Мағжан Жұмабаев ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі белгілеген мерзімде хабарлауды ұйымдастырсын.
Тармақ 5
5. Селолық округтердің әкімдері әскер жасына дейінгі азаматтардың шақыру учаскесіне және тұратын жеріне дейін келіп қайтуын, әскери есеп жургізуге жауапы тұлғалардың жетекшілігімен жеткізілуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Аудандық орталық емхананың бас дәрігері Г.Т. Сағындықоваға 1 (келісім бойынша) медициналық комиссия жұмысына тәжірибелі мамандарды тарту ұсынылсын. Медициналық жабдықтар жөнделсін және флюрографиялық, рентгендік, лабораториалық зерттеулер, жүректің электрокардиограммасын жасауға шығын материалдарының қажетті саны қамтамасыз етілсін. Тіркелетін әр азаматтың амбулаторлық картасы және оған Ф-025-І/Ү қосымша бетінің болуы қадағаласын.
Тармақ 7
7. «Магжан Жұмабаев ауданының әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі тіркеу жүргізу уақытында:
жоспарланған шығын, сметасына сәйкес медициналық мекемемен жүргізілген медициналық куәлендіру үшін қызметтерді төлеуді;
алыс елді мекендерде тұратын әскер жасына дейінгі азаматтарға шақыру учаскесіне тіркелуге келу және медициналық куәлендіруді, тіркеу бойынша комиссияны өту үшін ПАЗ 672 автобусын;
техникалық кызметкерлердің және қызмет көрсету персоналының қажетті санын қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. Аудандық қаржы бөлімінің бастығы М.И. Омарова бөлінген қаражат шегінде тіркеу науқанын қаржыландыруды өз уақытында қамтамасыз етсін.
Тармақ 9
9. Осы шешімнің орындалуын бакылау аудан әкімініц орынбасары Р.Е. Калиевке жүктелсін.
Тармақ 10
10. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күннен 10 күн өткен соң қолданыска енеді.
КЕЛІСІЛДІ:
Корғаныс істері жөніндегі
бөлімнің бастығы
Д.Ғабдуллин
10.12.2007 ж.
Аудандық ішкі істер
бөлімінің бастығы
Ж.Мұқатанов
10.12.2007 ж.
Аудандық емхананың
бас дәрігері
Г.Сагандыкова
10.12.2007 ж.
Басқа 11. Тіркеу жүргізу үшін аудандық комиссиясының құрамы
Аудан әкімдігінің 2007 жылғы
«10» желтоқсан № 422
«Қазақстан Республикасының 1991 жылы
туған азаматтарын 2008 жылы
Мағжан Жұмабаев аудандық шақыру
учаскесіне тіркеу жүргізу туралы»
қаулысына қосымша
Тіркеу жүргізу үшін аудандық комиссиясының құрамы
Габдуллин Дулат Бекейұлы - аудандық қорганыс істері жөніндегі бөлімнің
бастығы, комиссия төрағасы /келісім бойынша/
БражникГалина Николаевна - аудан әкім аппаратының бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары
Нұрпейісов Манарбек Хайыртайұлы - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының
орынбасары /келісім бойынша/
Учайкина Галина Васильевна - аудандық емхананың бас дәрігерінің орынбасары,
медициналық комиссияның төрағасы /келісім бойынша/
Өтеуленова Зәуреш Қапарқызы – емхананың бас мед.бикесі, комиссия хатшысы /келісім бойынша/
Егоров Александр Петрович - шақыру және шарт бойынша әскери кызметшілерді жинау жөніндегі бөлімнің бастығы, комиссия төрағасы /келісім бойынша/
Герасимова Ироида Ивановна – ауданның ішкі саясат бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары
Белокурова Татьяна Петровна - аудандық емхананың терапевт дәрігері /келісім бойынша/
Панаев Токтар Қапанайұлы - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары, поллиция майоры /келісім бойынша/
Кудрявцева Валентина Николаевна - аудандық орталық аурухананың физиокабинетінің мед.бикесі комиссия хатшысы /келісім бойынша/