О проведении приписки граждан 1991 года рождения к призывному участку в Щучинском районе в 2008 году Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Щучье ауданында 1991 жылы туған азаматтарды 2008 жылы шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабының 2 тармағына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17 бабының 3 тармағына сәйкес, азаматтарды әскери есепке алу мақсатында, аудан әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. «Щучинск қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі» мемлекеттік мекемесіне 2008 жылдың қаңтар - наурызында 1991 жылы туған, жасы тіркеу жылы он жеті жасқа толатын азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу ұсынылсын.
Тармақ 2
2. Щучинск қаласының, Бурабай кентінің және селолық округтердің әкімдері, меншік нысанына қарамастан кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің басшылары «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17 бабының 4 тармағын мағлұматқа алсын және «Щучинск қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі» мемлекеттік мекемесіне шақыру учаскесіне тіркеуге жататын шақыруға дейінгілердің тізімдерін берсін.
Тармақ 3
3. «Щучье ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы М.Б.Нұрпановаға тіркеу аяқталғанға дейінгі кезеңге қоғамдық жұмысқа жұмыссыздар арасынан сегіз техникалық қызметкер бөлсін.
Тармақ 4
4. Кәсіпорындар мен ұйымдардың басшыларына меншік нысанына қарамастан ұсынылсын: шақыруға дейінгілерді тіркеу комиссиясынан өту үшін қажет уақытқа жұмыстан немесе оқудан босату, шақыруға дейінгілерді іссапарлардан, демалыстан шақыртып алу және оларды хабарландыруды ұйымдастыру мен «Щучинск қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі» мемлекеттік мекемесіне уақытылы келуін қамтамасыз ету.
Тармақ 5
5. «Щучье аудандық ішкі істер бөлімі» ММ-нің бастығына Б.Р.Баймурзинға (келісім бойынша) шақыру учаскесінде тәртіпті және тіркеуден бұлтарған адамдарды іздестіруді қамтамасыз ету бойынша шаралар қолдану ұсынылсын.
Тармақ 6
6. «Щучинск қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі» мемлекеттік мекемесі Б. Қ. Тұлақовқа (келісім бойынша) азаматтарды тіркеу аяқталғаннан кейін 10 күндік мерзім ішінде өткізілген тіркеудің нәтижесі туралы ақпарат берсін.
Тармақ 7
7. Азаматтарды шақыру уаскесіне тіркеу бойынша іс-шараларды орындаумен байланысты шығындар аудандық бюджетте көзделген қаржы бөлу есебінен жүргізіледі.
Тармақ 8
8. Осы шешім Щучье ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 9
9. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Қ. Алтаеваға жүктелсін.