Жаңаарқа ауданы аумағында тұратын 1991 жылы туған азаматтарды 2008 жылғы әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы Күшін жойған
Басқа 0
Жаңаарқа ауданы аумағында
тұратын 1991 жылы туған
азаматтарды 2008 жылғы әскерге
шақыру учаскесіне тіркеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», 2005 жылғы 8 шілдедегі №74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы №371 «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына сәйкес Жаңаарқа ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде 2008 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1991 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу жұмыстарын жүргізу мақсатында Жаңаарқа ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 1991 жылы туған азаматтарды Жаңаарқа ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің әскерге шақыру учаскесіне тіркеу жұмыстары 2008 жылдың 15 қаңтар айынан 31 наурыз айына дейінгі уақыт аралығында жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Жаңаарқа ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығына (С.Қасымовқа):
Тармақша 1
1) 2008 жылғы қаңтар-наурыз айларында 1991 жылы туған азаматтарды ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеу жұмыстары ұйымдастырылсын;
Тармақша 2
2) аудандағы ұйымдарда, мекемелерде, кәсіпорындарда жұмыс істейтін тіркеуге жататын азаматтардың тізімі, олардың Ф-2 құжаттары 2007 жылдың 20 желтоқсанына дейін сұратып алу тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Аудандық медицина бірлестігіне (Ж.Қожабековаға - келісімі бойынша):
Тармақша 1
1) Әскерге шақырылатын азаматтарды дәрігерлік зерттеуден өткізу мақсатында аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне қажетті санды дәрігерлер бөлу;
Тармақша 2
2) қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен белгіленген мерзімде аудандық медициналық мекемелерге қосымша бақылау жүргізу үшін төсек орнын қарастырып, тиісті актілерін толтыру;
Тармақша 3
3) аудандық медициналық мекемелер арқылы қаңтар айының 15-нен наурыз айының 31-не дейінгі уақыт аралығында қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің жоспары және есептеуі бойынша барлық тіркеуге жататын азаматтарды флюорографиялық зерттеуден өткізу мақсатында жылжымалы флюорографиялық көлік аппаратымен қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) тіркеу мерзімінде тістерін емдеуді қажет ететін азаматтарды сауықтандыру;
Тармақша 5
5) әскерге шақыру учаскесіне тіркелу кезінде, емделуді қажет ететін азаматтарды тізім бойынша аудандық медицина бірлестігі мекемесіне бекітіп, негізгі әскерге шақыру уақыты мерзіміне дейін емделуін қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Кент және селолық округтердің әкімдеріне, барлық ұйымдар, мекемелер, кәсіпорындар басшыларына, аудандық білім бөліміне, кәсіптік мектеп директорларына:
Тармақша 1
1) Атасу кентінде тіркеуге жататын азаматтарға шақыру қағазы беріліп, оларды қорғаныс істері жөніндегі бөлімге кесте бойынша белгіленген күндері әскерге шақыру учаскесіндегі комиссияға жеткізу;
Тармақша 2
2) кент және селолық округгеріндегі мектеп директорлары жергілікті жерлерінде тіркеуден өтетін азаматтарды кесте бойынша дәрігерлік сараптамадан өткізу үшін әр дәрігер мамандарына жұмыс бөлмелерін қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) азаматтарды шақыру пунктіне жіберу алдында қажетті құжаттардың толықтылығын тексеру;
Тармақша 4
4) тіркеуден өтетін азаматтарды кесте бойынша дәрігерлік сараптамадан өткізу үшін оқудан босату тапсырылсын.
Тармақ 5
5. Аудандық ішкі істер бөліміне (Ұ.Қасымов - келісімі бойынша) азаматтарды шақыру пунктіне тасымалдау кезінде төтенше жағдай болдырмау үшін тиісті шаралар қолдану ұсынылсын.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 44-і бабына сәйкес, азаматтардың тіркеу комиссиясына келуін ұйымдастыру және бақылау мақсатында төменде көрсетілген құрамында іздеу тобы қурылсын:
Әбдікешев Нұржан Нәрікбайұлы - іздеу тобының бастығы, қорғаныс
істер жөніндегі бөлімнің орынбасары
Зарубаев Равхат Рахатович - аудандық ішкі істер бөлімінің
қызметкері.
және осы Заңның 17 бабының 6 тармағына сәйкес азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеу комиссиясы келесі құрамда құрылсын:
Қасымов Сағадат Қуанышбекұлы - қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің
бастығы, комиссия төрағасы
Жандаулетов Марат Жандаулетұлы -Жанаарқа ауданы әкімінің
орынбасары, төраға орынбасары
Абжанов Жайма Үмбетжанұлы - аудандық ішкі істер бөлімі
бастығының орынбасары
Жакаева Манара Жарылғасынқызы - аудандық медицина бірлестігінің
медбикесі, комиссия хатшысы.
мүшелері:
Майшин Талғат - дәрігер-хирург
Сейфуғалина Еркін - медбибі-окулист
Оралбаева Аян - дәрігер-неврапотолог
Оралбаева Аян - дәрігер- психиатр
Бурштейн Борис Ефимович - дәрігер- стоматолог
Мәдиев Жұлдыз - дәрігер- отоларинголог
Толеубаев Амангельды - дәрігер- дерматолог
Қалжанова Замзагуль - дәрігер- терапевт
Асқарова Рыскүл - медбибі
Тармақ 7
7. Азаматтарды дәрігерлік байқаудан өткізу үшін тіркеу кезінде 2008 жылдың 15 қантарынан бастап 31 наурызға дейін аралықта қорғаныс істер бөліміне төменгі көрсетілген ұйымдардан техникалық қызметкерлер бөлінсін.
Аудандық білім бөлімі (Е.Қуанышбеков) -1 адам
«Теміржолды қалпына келтіру поезы» мекемесі - 1 адам
Тармақ 8
8. Аудандық білім бөліміне (Е.Қуанышбековке) жастарды әскерге шақыру алдында дене шынықтару және патриоттық тәрбиелеу, оларды қажетті әскери білім және тәжірибелік дағды алуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 9
9. Аудандық қаржы бөліміне (А.Жылқыбаевқа):
Тармақша 1
1) Азаматтарды әскери қызметке тіркеу және шақыру жөніндегі іс-шаралардың негізінде дәрігерлік сараптамадан өтуіне;
Тармақша 2
2) кент және селолық округтеріндегі тіркеуден өтетін азаматтарды дәрігерлік сараптамадан өткізу үшін автокөлікпен баруға;
Тармақша 3
3) дәрігерлік комиссия құрамына және кенсе тауарларына жеткілікті қаржы бөлу жүктелсін.
Тармақ 10
10. Азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеуге байланысты әзірленген мәдени-көпшілік шаралары бекітілсін (қосымшада көрсетілген).
Тармақ 11
11. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы С.Қасымовқа:
- Жаңаарқа ayданы аумағында тұратын 1991 жылы туған азаматтарды әскерге шақыру учаскесіндегі қорытындылары туралы ақпаратты аудан әкіміне 2008 жылдың 15 сәуіріне дейін ұсынсын.
Тармақ 12
12. Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 7 желтоқсан 2006 жылғы «Жаңарқа ауданы аумағында тұратын 1990 жылы туған азаматтарды 2007 жылы әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы» № 506 қаулысының (Қарағанды облысы Әділет департаменті Жаңаарқа ауданы әділет басқармасында 09 қаңтар 2007 жылы №8-12-27 тіркелген, 20 қантар 2007 жылғы №4-5 (9190) «Жаңаарқа» газетінде ресми түрде нормативтік кұқықтық акт ретінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 13
13. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М.Жандаулетовке жүктелсін.
Тармақ 14
14. Осы қаулы ресми жарияланғаннан соң 10 күннен кейін заң күшіне енеді.
КЕЛІСІЛДІ:
«Аудандық білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Е.З.Қуанышбеков
12.12.2007ж.
КЕЛІСІЛДІ:
«Аудандық қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
С.Қ.Қасымов
12.12.2007ж.
КЕЛІСІЛДІ:
Аудандық ішкі істер
бөлімінің бастығы
Ү.Қасымов
(келісімі бойынша)
12.12.2007ж.
КЕЛІСІЛДІ:
«Аудандық қаржы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
А.Жылқыбаев
12.12.2007ж.
Басқа 29. Азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеуге байланысты әзірленген мәдени-көпшілік шаралары
12 желтоқсан 2007 жылғы
нормативтік-құқықтық сипаттағы
№ 830 қаулысына қосымша
Азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеуге байланысты әзірленген мәдени-көпшілік шаралары
Рет
саны
Атқарылатын іс-шаралар
өткізілетін мерзім
Жауапты адамдар
1.
Азаматтарды тіркеу негізінде тәртіптің сақталуы жөніндегі тәрбие жұмыстарын жүргізу
Сағат
9.00-17.00 дейін
Шарт бойынша әскери қызмет және әскерге шақыру бөлімшесінің бастығы -А.Биғарашев
2.
«Отанды қорғау - Қазақстан Республикасы азаматтарының міндеті» деген тақырыпта әңгіме өткізу
Сағат
10.00-10.50 дейін
С.Қасымов -аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің бастығы
3.
Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастары жөнінде әнгіме өткізу
Сағат
11.00-11.50 дейін
М.Жандаулетов -аудан әкімінің орынбасары
4.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері мәнінде
түсінік беру
Сағат
12.00-12.50 дейін
Шарт бойынша әскери қызмет және әскерге шақыру бөлімшесінің бастығы -А.Биғарашев
5.
Түскі үзіліс
Сағат
13.00-14.00 дейін
6.
Медициналық сараптама өткізу және әскери училищеге түсу үшін қандай құжаттар керектігі туралы әнгіме өткізу
Сағат
14.00-16.50 дейін
Дәрігерлер құрамы, аудандық қорғаныс істер бөлімінің бастығы
7.
Бір күндік жұмыстың қорытындысы және азаматтарға тіркеу куәлігін тапсыру
Сағат
17.00-18.00 дейін
Шарт бойынша әскери қызмет және әскерге шақыру бөлімшесінің бастығы -А.Биғарашев