Об организации и обеспечении приписки граждан мужского пола 1991 года рождения к призывному участку в 2008 году Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2008 жылы шақыру учаскесіне 1991 жылғы туған еркек жынысты азаматтардың тіркеуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17-бабына сәйкес Қарасу ауданының әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. 2008 жылдың қаңтарынан бастап наурызына дейін «Қостанай облысы Қарасу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне аудан аумағындағы 1991 жылғы туған еркек жынысты азаматтардың тіркеуі ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. Қарасу және Октябрь ауылдарында шақыру пункттері ұйымдастырылсын.
Тармақ 3
3. «Қарасу орталық аудандық ауруханасы» (келісім бойынша), «Қостанай облысы әкімдігі Қостанай облысы Денсаулық сақтау департаменті «Октябрь ауылдық учаскелік ауруханасы» (келісім бойынша) мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарының бас дәрігерлері «Қостанай облысы Қарасу ауданының корғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесімен бірлесіп тіркеу жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз етуін ұсыныс етілісін.
Тармақ 4
4. Ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдері:
Тармақша 1
1) тіркеуді өту үшін комиссияға азаматтардың келуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) азаматтарды шақыру учаскесіне жеткізу үшін ілесіп жүретін адамдарды бөлсін, тасымалдаған кезде жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін шаралар қолдансын.
Тармақ 5
5. «Қарасу ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі шақыру учаскелеріне азаматтардың тіркеуімен байланысты іс-шараларды қаржыландыруы «Қостанай облысы Қарасу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шығыстар сметасында қарастырылған қаржы бөлу есебінен жүзеге асырсын.
Тармақ 6
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Қ. Бекеновке жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы шешім оны алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.