Об организации и обеспечении приписки граждан Республики Казахстан мужского пола, 1991 года рождения к призывному участку в 2008 году Қолданыста
Басқа 0
1991 жылы туған еркек жынысты Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылы шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери кызмет туралы» Заңының 17-бабының 3-тармағына сәйкес «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасын басшылыққа ала отырып Федоров ауданының әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. 2008 жылғы қаңтар-наурызда «Қостанай облысы Федоров ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне 1991 жылы туған Қазақстан Республикасының еркек жынысты азаматтарды аудан аумағында тіркеуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
Тармақ 2
2. Федоров селосында тіркелу орнын ұйымдастырсын.
Тармақ 3
3. «Федоров аудандық орталық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның бас дәрігері «Қостанай облысы Федоров ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесімен бірге (келісім бойынша) тіркелу жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Федоров селосының және селолық округтер әкімдеріне:
Тармақша 1
1) тіркелу үшін комиссияға азаматтардың келуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) шақыру учаскесіне азаматтарды жеткізу үшін жеткізу кезінде қолайсыз жағдайлардан сақтану үшін адамдарды жіберсін.
Тармақ 5
5. «Федоров ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі шақыру учаскесіне азаматтарды тіркеу жүргізумен байланысты іс-шараларды қаржыландыру «Қостанай облысы Федоров ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шығындар сметасында көзделген қаржылар есебінен жүзеге асырсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн мерзімі өткен соң қолданысқа енгізіледі.