Ұлытау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскерге шақыру участкесіне 1991 жылдары туылған азаматтарды 2008 жылдың қантар - наурыз айларында тіркеу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ұлытау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскерге шақыру участкесіне 1991 жылдары туылған азаматтарды 2008 жылдың қантар - наурыз айларында тіркеу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет» туралы Заңының 17,44 бабына сәйкес, Ұлытау ауданы бойынша әскери есепке тіркеуді өткізу үшін аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2008 жылдың қаңтар - наурыз айларында тіркеу жасы он жетіге толған, Қазақстан Республикасының азаматтары аудандық қорғаныс істері жөніңдегі бөлімінің әскерге шақыру учаскесіне әскери есепке тіркелетін болсын.
Тармақ 2
2. Әскери есепке тіркеуді ұйымастырып, жүргізу үшін аудандық тіркеу комиссиясының құрамы бекітілсін (№ 1 қосымша).
Тармақ 3
3. Комиссия мүшелерінің түрлі себептермен тіркеу мерзімі кезінде болмай қалған жағдайда қосымша комиссияның құрамы бекітілсін (№ 2 қосымша).
Тармақ 4
4. Тіркеушілерді дәрігерлік сараптамадан өткізетін дәрігерлік комиссия құрамы бекітілсін (айырбастау құқығыңсыз) (№ 3 қосымша)
Тармақ 5
5. Аудандық қаржы бөліміне (Т. Шайхин): тіркеуге байланысты шараларды «Әскери қызметке шақыру және тіркеу жөніндегі шаралар» бағдарламасы бойынша берілген есепке сәйкес бюджетте көрсетілген қаржыны бөлу тапсырылсын.
Тармақ 6
6. Аудандық медицина бірлестігіне (Мазитов У.С. - келісім бойынша) тіркеу комиссиясының жұмысы уақытында дәрігерлік комиссия мүшелерінің негізгі жұмыс орындары мен жалақыларының сақталуын, дәрігерлік комиссияны дәрі-дәрмекпен, қажетті дәрігерлік құралдармен жабдықтау және емдеуді қажет ететін тіркелушілерді толық емделулерін қамтамасыз ету тапсырылсын.
Тармақ 7
7. Аудандық ішкі істер бөліміне (Дүйсебаев С. Ә - келісім бойынша):
Тармақша 1
1) әскері есепке тіркелуден бұлтарып жүрген 1991 жылы туылған азаматтарды іздестіріп, ұстап, оларды тіркеу учаскесіне жеткізу;
Тармақша 2
2) тіркелушілер арасында құқық бұзушылықты болдырмауды алдын алу жұмыстарың жүргізу үшін тіркеу мерзімі кезінде аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімге тұрақты 1 (бір) ішкі істер қызметкерін бөлу;
Тармақша 3
3) әскері есепке тіркелушірді аудандық тіркеу учаскесінен бекітілген кесте бойынша автокөлік жеткізу кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында 1 (бір) ішкі істер қызметкерін бөлу;
Тармақша 4
4) қылмыстық жауапа тартылғандар, қамаудағы немесе тергеуде жүрген тіркелушілер туралы деректерді аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімге жедел хабарлап отыру ұсынылсын.
Тармақ 8
8. Ауданның селолық әкімдеріне және (меншік нысанына қарамастан) барлық басқарма, мекеме, кәсіпорын басшыларына «Әскери міндеттілік және әскері қызмет» туралы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес мына іс-шараларды жүргізу тапсырылсын:
Тармақша 1
1) әскери есепке тіркелуші 1991 жылы туылған азаматтарға және шалғай жерлерде тұратын әскери есепке тіркелушілерге уақытында хабар беріп, олардың аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөліміне белгіленген мерзімде дер кезінде келіп, аудандық тіркеу комиссиясынан өтуін қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) іс сапарда жүрген, ауысыммен жұмыс істейтін және арнаулы оқу орындарында оқитындардын (студенттер) мекеме басшысына шығып, уақытша босатып, аудандық тіркеу комиссиясына келуіне жағдай жасау;
Тармақша 3
3) аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөліммен тығыз байланыста болып, 2008 жылы 1991 жылдары туылған азаматтарды қантар-наурыз айларында өтетін мемлекеттік ісшараның өтуіне ат салысу;
Тармақша 4
4) 1991 жылы туылған азаматтарды аудандық тіркеу комиссиясына бекітілген кесте бойынша автокөлікпен жеткізу кезінде олардың жеке бастарының қауіпсіздігін сақтау үшін кенттік, ауылдық округ әкімдеріне бекіту тапсырылсын.
Тармақ 9
9. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (Ахметбеков А.): «Әскери міндеттілік және әскері қызмет» туралы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, тіркеу комиссиясының жұмысы уақытында аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөліміне техникалық жұмыстар үшін ресми тіркелген жұмыссыдар арасынан уақытша 3 (үш) жұмыскер бөліну тапсырылсын.
Тармақ 10
10. Ауданның жергілікті атқарушы органдар басшыларына «Әскери міндеттілік және әскері қызмет» туралы Қазақстан Республикасы Занына 44 бабының 3,4 тармақшаларына сәйкес, аудандық тіркеу комиссиясының жұмыс уақытында аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімді № 4 қосымшаға сәйкес, 1 (бір) қызметкерден және қызметтік автокөлігімен қамтамасыз ету тапсырылсын.
Тармақ 11
11. Аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөліміне (Жарылғапов М - келісім бойынша):
Тармақша 1
1) 1991 жылы туылған азаматтар арасында саяси-құқықтық және тәрбие жұмыстарын жүргізу мақсатында қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің тіркеу учаскесін тиісті ақпарат құралдарымен жабдықтау;
Тармақша 2
2) Тіркеу аяқталғаннан кейін оның кортындысы туралы аудан әкімі аппаратына 2008 жылдың 30 наурызына дейін жазбаша ақпарат беру ұсынылсын;
Тармақша 3
3) Тіркеу комиссиясының жұмысын толық қамтамасыз ету, ұйымдастыру барысында аудан мекемелері және кәсіпорындар басшыларының қатысуымен комиссия отырыстарын өткізіп отыру ұсынылсын.
Тармақ 12
12. Осы қаулының орындалуын бақылау әкімнің орынбасары М. Қожахметовке жүктелсін. К Е Л І С І Л Г Е Н : Аудандық жұмысын қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі Ахметбеков Абзал Мажитұлы 20.12.2007 жыл Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Дүйсебаев Сүлеймен Әбенұлы 14.12.2007 жыл Ұлытау ауылдық округ әкімі Даутбаев Мақсұт Жалеұлы 20. 12. 2007 жыл Аудандық мәдинет және тілдерді дамыту бөлім бастығы Еділбаев Мұханбетанжан 20. 12. 2007 жыл Аудандық корғаныс істер жөніндегі бөлім бастығы Жарылғапов Мұхтар Жүсіпұлы 20 желтоқсан 2007 жыл Аудандық медицина бірлестігінің директоры Мазитов Урал Сафиуллаұлы 20 желтоқсан 2007 жыл Аудандық білім бөлімі бастығының міндетін атқарушы Оразалин Марат Толеуұлы 20 желтоқсан 2007 жыл Аудандық қаржы бөлімінің менгерушісі Шайхин Тасболат Зайырұлы 20 желтоқсан 2007 жыл
Басқа 24. АУДАНДЫҚ ШАҚЫРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ
2007 жылғы 24 желтоқсан № 17/ 224 аудан әкідігінің қаулысына № 1 қосымша АУДАНДЫҚ ШАҚЫРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ Жарылғапов Мұхтар Жүсіпұлы - аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлім бастығы, тіркеу комиссиясының төрағасы Кенгірбаева Айжан Тимофейқызы - аудан әкімі аппаратының ішке саясат бөлімінің бас маманы, комиссияся төрағасының орынбасары Комиссия мүшелері: Әйтенов Бағдат Қойшығарыұлы - аудандық ішке істер бөлімінің бастығының орынбасары Жанбыршиева Замира Жақсыбыйқызы - аудандық медицина бірлестігінің дәрігері медициналық комиссиясының төрағасы Сұлтанова Гүлнар - аудандық медицина бірлестігінің медбикесі комиссия хатшысы
Басқа 25. АУДАНДЫҚ ШАҚЫРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚОСЫМША ҚҰРАМЫ
2007 жылғы 24 желтоқсан № 17/ 224 аудан әкімдігінің қаулысына № 2 қосымша АУДАНДЫҚ ШАҚЫРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚОСЫМША ҚҰРАМЫ Елеуов Болатбек Әлсерікұлы - аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің келісім шарт бойынша әскери қызметшілерді іріктеу және әскери шақыру бөлімшесінің бастығы, тіркеу комиссиясының төрағасы Өткелбаев Ерлан Серікұлы - аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадрлармен жұмысбөлімінің менгерушісі, тіркеу комиссияся төрағасының орынбасары Комиссия мүшелері: Далабаев Қайрат Нариманұлы - ауданддық ішке істер бөлім бастығының орынбасары Омаров Әбдіқадыр Төлешұлы - аудандық медицина бірлестігінің терапевт дәрігері Нұржігітова Әнуза Айтжанқызы - аудандық медицина бірлестігінің медбикесі, комиссия хатшысы
Басқа 26. ДӘРІГЕРЛІҚ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ
2007 жылғы 24 желтоқсан №17/ 224 аудан әкімдігінің қаулысына № 3 қосымша ДӘРІГЕРЛІҚ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ Жаңбыршиева Замира Жақсыбайқызы - аудандық медицина бірлестігінің тері дәрігері, дәрігерлік тері дәрігері, дәрігерлік Омаров Әбдіқадыр Төлешұлы - аудандық медицина бірлестігінің терапевт дәрігері Ильясов Ерден Әріпұлы - аудандық медицина бірлестігінің оташы дәрігері Жаншураев Әділбек Өтегенұлы - Жезқазган қаласының орталық емханасының құлақ-мұрын дәрігері Наурызбаева Ақзейнеп Оразбекқызы - аудандық медицина бірлестігінің жүйке аурулар дәрігері Сайдуалиев Саят Бекішұлы - аудандық медицина бірлестігінің тіс дәрігері Мүбаракова Гүлсінай Теміркұлқызы - Жезқазган қаласының орталық емханасының көз дәрігері Сұлтанова Гүлнар - аудандық медицина бірлестігінің оташы бөлімшесінің медбикесі Сейтмағанбетова Сауле - аудандық медицина бірлестігінің медбикесі
Басқа 27. 2008 жылдың қантар - наурыз айларында өткізілетін тіркеу шарасына 1 (бір) қызметкерден және қызметтік автокөлігімен бөлінетін мекемелер тізімі
2007 жылғы 24 желтоқсан № 17/ 224 аудан әкімдігінің қаулысына № 4 қосымша 2008 жылдың қантар - наурыз айларында өткізілетін тіркеу шарасына 1 (бір) қызметкерден және қызметтік автокөлігімен бөлінетін мекемелер тізімі № р/с Мекемелер атауы қызметкер саны орындалу мерзімі Жауапты қызметкер 1. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 1 07.01- 25.03.2008 А.Ахметбеков 2. Аудандық білім бөлімі 1 07.01- 25.03.2008 М.Оразалин 3. Аудандық қаржы бөлімі 1 07.01-25.03.2008 Т.Шайхин 4. Аудандық мәдинет үйі 1 07.01-25.03.2008 М.Еділбаев 5. Ұлытау ауылдық округ әкім аппараты 1 07.01-25.03.2008 М.Дәуітбаев № р/с Мекемелер атауы қызметтік автокөлік саны орындалу мерзімі Жауапты қызметкер 1. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 1 07.01- 30.01.2008 А.Ахметбеков 2. Аудандық білім бөлімі 1 15.03- 30.03.2008 М.Оразалин 3. Аудандық қаржы бөлімі 1 07.01-30.01.2008 Т.Шайхин 4. Аудандық мәдинет және тілдерді дамыту бөлімі 1 30.01-15.02.2008 М.Еділбаев 5. Ұлытау ауылдық округ әкім аппараты 1 15.02-15.03.2008 М.Дәуітбаев