Об организации и обеспечении приписки граждан Республики Казахстан мужского пола, 1991 года рождения к призывному участку в 2008 году Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.01.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының 1991 жылы туған еркек жынысты азаматтарын 2008 жылы әскерге шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазакстан Республикасы Заңының 17-бабының 3-тармағына сәйкес «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасын басшылыққа алып ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. 2008 жылдың қаңтар-наурыз айларында Қазақстан Республикасының 1991 жылы туған еркек жынысты азаматтарын «Қостанай облысы Сарыкөл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің әскерге шақыру учаскесіне тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. Сарыкөл кентінде тіркеу пункті ұйымдастырылсын.
Тармақ 3
3. «Сарыкөл орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның бас дәрігеріне (келісім бойынша) «Қостанай облысы Сарыкөл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (келісім бойынша) бірлесіп тіркеу жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз етуге кепілдеме берілсін.
Тармақ 4
4. Ауылдық округтер және Сарыкөл кентінің әкімдері:
Тармақша 1
1) тіркеуді өту үшін комиссияға азаматтардың келуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне жеткізу үшін еріп жүретін тұлғаларды берсін, апарғанда жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін шараларды қолдансын.
Тармақ 5
5. «Сарыкөл ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуге байланысты іс-шараларының қаржыландырылуын «Қостанай облысы Сарыкөл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шығыс сметасында ескерілген қаржы бөлу есебінен жүзеге асырсын.
Тармақ 6
6. Осы шешім ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.