О проведении приписки граждан Республики Казахстан 1991 года рождения к призывному участку отдела по делам обороны Павлодарского района в январе – марте 2008 года Қолданыста
Басқа 0
1991 жылы туған Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың қаңтар – наурызында Павлодар ауданы қорғаныс істері Бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеуін өткізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндет пен әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабының 3 тармағына және Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы «Қазақстан Республикасында әскерге міндеттер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» № 371 қаулысына сәйкес ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. 2008 жылдың қаңтар – наурызында 1991 жылы туған Қазақстан Республикасының азаматтарын, сондай-ақ бұрын тіркеуден өтпеген ересек жастағы азаматтарды Павлодар ауданы қорғаныс істері Бөлімінің әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу жұмыстары ұйымдастырылсын және жүргізілсін.
Тармақ 2
2. 1991 туған азаматтардың Павлодар ауданы қорғаныс істері Бөлімінің шақыру учаскелеріне тіркеуі, оларды әскери есепке қою, санын, әскери қызметке жарайтын дәрежесін анықтау, иеленген мамандығы мен дене дайындығын белгілеу мақсатында өткізілсін.
Тармақ 3
3. 1991 жылы туған азаматтарды Павлодар ауданы қорғаныс істері Бөлімнің шақыру учаскесіне тіркеу өткізу жөніндегі аудандық комиссияның құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 4
4. Ауылдық округ және ауыл әкімдері:
Тармақша 1
1) 2008 жылдың қаңтар – наурыз айларында кестеге сәйкес жас жігіттердің әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу жұмыстарын уақтылы қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндет пен әскери қызмет туралы» Заңының 44 бабына сәйкес медициналық қаралудан үшін, Шақыру комиссияның кестесіне сәйкес, Әскери қызметке шақырылған жас жігіттерді автокөлікпен жеткізілуін ұйымдастырсын.
Тармақ 5
5. Осы шешім ресми жарияланғаннан бастап он календарлық күннен күшіне енеді.
Тармақ 6
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Ш. Шәмкеноваға жүктелсін.
«КЕЛІСІЛДІ»
Павлодар ауданы
Қорғаныс істер Бөлімінің
бастығы Н. Шамкенов
2008 жылғы «11» қаңтар
Павлодар аудандық
ішкі істер бөлімінің бастығы
Н. Каббасов
2008 жылғы «11» қаңтар
Павлодар аудандық
емханасы бас дәрігерінің
міндетін атқарушы
Д. Кузембаева
2008 жылғы «11» қаңтар
Басқа 9. 1991 жылы туған азаматтарды Павлодар ауданы қорғаныс істері Бөлімнің шақыру учаскесіне тіркеу өткізу жөніндегі аудандық комиссиясының
ҚҰРАМЫ
Павлодар ауданы әкімінің
2008 жылғы 14 қаңтардағы № 1/ш
«1991 жылы туған Қазақстан
Республикасының азаматтарын
2001 жылдың қаңтар – наурызында
Павлодар ауданы қорғаныс істері
Бөлімнің шақыру учаскесіне тіркеу
өткізу туралы» шешіміне
қосымша
1991 жылы туған азаматтарды Павлодар ауданы қорғаныс істері Бөлімнің шақыру учаскесіне тіркеу өткізу жөніндегі аудандық комиссиясының
ҚҰРАМЫ
Шәмкенов - Павлодар ауданы қорғаныс істері
Нұрболат Ахметбекұлы жөніндегі Бөлімнің бастығы,
комиссияның төрағасы (келісім
бойынша)
Шәмкенова - аудан әкімнің орынбасары, комиссия
Роза Шәмкенқызы төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелері:
Смағұлов - аудандық ішкі істер бөлімі
Сағадат Балғабайұлы бастығының орынбасары (келісім
бойынша)
Күзембаева - аудандық емхананың бас дәрігері?
Дәметкен Дүйсенбекқызы медициналық комиссияның төрағасы
Құрманова - медбике, комиссия хатшысы
Гүлнәр Серікқызы