Об организации и обеспечении приписки граждан мужского пола 1991 года рождения к призывному участку в 2008 году Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2008 жылы шақыру учаскесіне 1991 жылғы туған еркек жынысты азаматтардың тіркелуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы Казақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару туралы» Заңының 33- бабы, 1-тармағы, 13)тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Занының 17-бабына сәйкес ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. 2008 жылғы қаңтар-наурызда Арқалық қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1991 жылы туған, тіркеуге алынатын жылда 17 жасқа толатын Қазақстан Республикасының еркек жынысты азаматтарын тіркеу ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Ауылдар және ауылдық округтер әкімдері шакыру учаскесінде тіркеуден өткізу үшін жастардың ұйымшылдықпен уақытында келуіне бекітілген кесте бойынша шаралар қабылдасын.
Тармақ 3
3. «Арқалық қаласының ішкі істер басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша) тіркеу учаскесіне тіркеуге тұрудан бой тасалап жүрген адамдарды іздестіру және тіркеу учаскесіне жеткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға ұсыныс жасаймын.
Тармақ 4
4. «Арқалық қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша) 1991 жылы туған азаматтарды шакыру учаскесінде тіркеу жөніндегі медициналық қомиссияны қаржыландыруды, сондай-ақ қарастырылған қаржы бөлу шегінде қалалық бюджет есебінен емдеу-алдын алу мекемелерінде медициналық тексерулерді қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. «Қостанай облысы Арқалық қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығы (келісім бойынша), «Арқалык қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығымен (келісім бойынша) бірлесіп, әскери оку орындарына үміткерлерді іріктеу жұмыстары басталғаны туралы оқу орындарын хабардар етсін, бастапқы әскери дайындық окытушы-ұйымдастырушыларын әскери-оқу орындары жөніндегі анықтамалық материалдармен қамтамасыз етсін, олардың жұмысын ұйымдастырсын, әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеу жөніндегі жұмысың басталғаны туралы ақпарат құралдары арқылы ақпараттар беруге ұсыныс жасаймын. Тіркеу кезінде әрбір әскерге шақырылушымен әскери-оқу орнына түсуге арналған әскери-кәсіби бағдарлау мақсатындағы жекелей мәселелер өткізсін.
Тармақ 6
6. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау әкімнің орынбасары К. Шаяхметовке жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен он кунтізбелік күн өткен кейін күшіне енеді.