О проведении мероприятий по приписке граждан мужского пола 1991 года рождения к призывному участку управления по делам обороны города Темиртау в 2008 году Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.01.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2008 жылы Теміртау қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының шақыру учаскесінде 1991 жылы туған еркек жынысты азаматтарды тіркеу жөніндегі шараларды жүргізу туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17-бабына сәйкес «Қарағанды облысы Теміртау қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі 2008 жылдың қаңтар-наурызында шақыру учаскесінде 1991 жылы туған еркек жынысты азаматтарды тіркеуді жүргізеді. Бұл жұмыстың мақсаты: азаматтарды әскери есепке алу, олардың санын, әскери қызметке жарамдылық деңгейін, денсаулық жағдайын, жалпы білім деңгейін және мамандығын анықтау, әскерге шақырылушының алдын-ала қайда баратынын белгілеу, әскери-техникалық мамандықтар бойынша даярлау және әскери оқу орындарына түсу үшін кандидаттарды іріктеу. Тіркеуді уақытында және сапалы өткізу мақсатында, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 8) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қарағанды облысы Теміртау қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) 2008 жылдың қаңтар-наурызында Теміртау қаласы мен Ақтау кенті аумағында тұрақты және уақытша тұратын азаматтарды Теміртау қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасында тіркеуді жүргізсін.
Тармақ 2
2. Теміртау қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының шақыру учаскесінде 1991 жылы туған еркек жынысты азаматтарды тіркеу жөніндегі комиссияның дербес құрамы бекітілсін (1-қосымша).
Тармақ 3
3. Тіркеу жөніндегі комиссия жұмысын 2008 жылдың қаңтар-наурызында жүргізілсін.
Тармақ 4
4. Тіркеуге жататын азаматтарды медициналық куәландырудан өткізу үшін «Қарағанды облысы денсаулық сақтау департаменті» мемлекеттік мекемесінің Теміртау аймақтық өкілдігі (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мен денсаулық сақтау кәсіпорындарымен және мекемелерімен жасаған медициналық қызметке төлеу жөніндегі шарттарға сәйкес 2008 жылдың қаңтар-наурызында тіркеу жөніндегі медициналық комиссияны жүргізу үшін есепке сәйкес дәрігер-мамандар мен орта медициналық персонал бөлсін (2-қосымша);
Тармақша 2
2) «Қарағанды облысы Теміртау қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің өтініміне сәйкес медициналық комиссияны қажетті құрал-сайманмен, дәрі-дәрмектермен және мүліктермен қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) тіркеу жөніндегі комиссия жіберген 1991 жылы туған азаматтарды кезексіз тексеруден өткізуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі тіркеуді жүргізу кезеңіне 2008 жылдың қаңтар-наурызында 1991 жылы туған азаматтарды хабардар ету және жеке істерін ресімдеу үшін «Қарағанды облысы Теміртау қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесіне 15 техникалық жұмысшы бөлсін.
Тармақ 6
6. Азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу жөніндегі комиссия мүшелерінің, медициналық, техникалық қызметкерлердің, сондай-ақ қызмет көрсету персоналдарының шақыру учаскелерінде жұмыс істеу үшін іссапарларға жіберілгендердің осы міндеттерді атқару уақытында жұмыс орны, қызметі және жалақысы сақталынады.
Тармақ 7
7. Ұйымдар, мекемелер, оқу орындары басшыларына 1991 жылы туған азаматтарды іссапарлардан, демалыстардан шақырып алу, оларды хабардар ету және дер кезінде шақыру учаскесіне келуін ұйымдастыру ұсынылсын.
Тармақ 8
8. «Қарағанды облысы ішкі істер Департаментінің Теміртау қаласы ішкі істер басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) әскери міндетін атқарудан жалтарған адамдарды іздестіруді, ұстауды және жеткізуді қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 9
9. «Теміртау қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі тіркеуді жүргізу жөніндегі шараларды жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырсын.
Тармақ 10
10. «Теміртау қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 1991 жылы туған еркек жынысты азаматтарды хабардар ету және олардың дер кезінде шақыру учаскелеріне келулеріне бақылау жасасын.
Тармақ 11
11. «Қарағанды облысы Теміртау қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) «Қарағанды облысы ішкі істер Департаментінің Теміртау қаласы ішкі істер басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) 1991 жылы туған азаматтарды медициналық куәландырудан өткізу үшін шақыру учаскесіне апару кезінде жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жеткізу ұсынылсын.
Тармақ 12
12. «Қарағанды облысы Теміртау қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі тіркеудің қорытындысы туралы ақпаратты Теміртау қаласының әкіміне 2008 жылдың 10 сәуірінде ұсынсын.
Тармақ 13
13. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Татьяна Михайловна Куриннаяға жүктелсін.
Тармақ 14
14. Осы қаулы алғаш рет ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң күшіне енеді. КЕЛІСІЛДІ «Қарағанды облысы Теміртау қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы __________________________Б.Әбдібаев « 28 » желтоқсан 2007 ж. КЕЛІСІЛДІ «Қарағанды облысы ішкі істер департаментінің Теміртау қаласының ішкі істер басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы __________________________М.Жаппаров « 29 » желтоқсан 2007 ж. КЕЛІСІЛДІ «Қарағанды облысы денсаулық сақтау департаменті» мемлекеттік мекемесінің Теміртау аймақтық өкілдік бөлімінің бастығы __________________________С.Кенжебаев « 29 » желтоқсан 2007 ж.
Басқа 18
Теміртау қаласы әкімдігінің «3» қаңтар 2008 жылғы № 1/1 қаулысына 1-қосымша 2007 жылы Теміртау қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының шақыру учаскесінде 1990 жылы туған еркек жынысты азаматтарды тіркеу жөніндегі комиссияның құрамы Бақыт Құдайбергенұлы Әбдібаев «Қарағанды облысы Теміртау қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы, полковник, комиссия төрағасы (келісім бойынша) Захида Бамат-Гиреевна Парижева «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту мониторингі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары Төлеутай Дәрменұлы Кенжекеев «Қарағанды облысы ішкі істер департаментінің Теміртау қаласы ішкі істер басқармасы» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі (келісім бойынша) Таисия Николаевна Петрухина «№2 Емхана» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның дәрігер-терапевті, медициналық комиссияның төрағасы (келісім бойынша) Нонна Николаевна Заброда «№2 Емхана» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның мейірбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша) Қарағанды облысы Теміртау қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы полковник Бақыт Құдайбергенұлы Әбдібаевтың болмаған кезінде тіркеу комиссиясының төрағасы міндетін атқару «Қарағанды облысы Теміртау қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары, жұмылдыруға дайындық және аумақтық қорғаныс бөлімінің бастығы Талғат Болатұлы Орманбетовке жүктеледі.
Басқа 19
Теміртау қаласы әкімдігінің «3» қаңтар 2008 жылғы № 1/1 қаулысына 2-қосымша 2008 жылы қаңтар-наурызда медициналық тіркеу жөніндегі комиссияны жүргізу үшін бөлінетін дәрігер-мамандар мен орта медициналық персоналдардың есебі Медициналық мекеменің атауы Медициналық қызметкерлердің мамандығы Медициналық қызметкерлердің саны «№ 2 Емхана» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын Окулист 1 Отоларинголог 1 Терапевт 1 Мейірбике 3 «№ 3 қалалық аурухана» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын Хирург 1 «Ботан» мемлекеттік емес мекеме Стоматолог 1 «Теміртау қаласы жұқпалы аурлар ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын Мейірбике 1 Қарағанды облысы әкім жанындағы «Теміртау қаласының тері-жұқпалы аурулар диспансері» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын Дерматовенеролог 1 «Психиатриялық диспансер» мемлекеттік мекемесі Психиатр 1 Мейірбике 1 «№ 1 Емхана» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын Невропотолог 1 Мейірбике 1