Об организации и обеспечении приписки граждан мужского пола 1991 года рождения к призывному участку в 2008 году Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.01.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2008 жылы шақыру учаскесіне 1991 жылы туған еркек жынысты азаттардың тіркеуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17-бабына сәйкес Таран ауданының әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. 2008 жылдың қаңтарынан бастап наурызына дейін «Таран ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне аудан аумағындағы 1991 жылғы туған еркек жынысты азаматтардың тіркеуі ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. Таран селосында шақыру пункттері ұйымдастырылсын.
Тармақ 3
3. «Таран аудандық орталық ауруханасы» (келісім бойынша) мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері «Таран ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесімен бірлесіп тіркеу жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз етуін ұсыныс етілсін.
Тармақ 4
4. Селолық округтердің, селолардың және кенттің әкімдеріне:
Тармақша 1
1) тіркеуді өту үшін комиссияға азаматтардың келуін қамтамасыз етсін:
Тармақша 2
2) азаматтарды шақыру учаскесіне жеткізу үшін ілесіп жүретін адамдарды болсын, тасымалдаған кезде жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін шаралар қолдансын.
Тармақ 5
5. «Таран ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі шақыру учаскелеріне азаматтардың тіркеуімен байланысты іс-шараларды қаржыландыруы «Таран ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шығыстар сметасында қарастырылған қаржы бөлу есебінен жүзеге асырсын.
Тармақ 6
6. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Р.М. Бермағамбетовке жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.