О проведении приписки граждан 1991 года рождения к призывному участку в Енбекшильдерском районе в 2008 году Қолданыста
Басқа 0
Еңбекшілдер ауданында 1991 жылы туған азаматтарды 2008 жылы шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабының 2 тармағына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17 бабының 3 тармағына сәйкес, азаматтарды әскери есепке алу мақсатында, аудан әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. «Еңбекшілдер ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне 2008 жылдың қаңтар-наурызында 1991 жылы туған, он жеті жасқа толатын азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу ұсынылсын.
Тармақ 2
2. Степняк қаласының және ауылдық округтердің әкімдері, меншік нысанына қарамастан кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің басшылары «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17 бабының 4 тармағын мағлұматқа алсын және «Еңбекшілдер ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне шақыру учаскесіне тіркеуге жататын шақыруға дейінгілердің тізімдерін берсін.
Тармақ 3
3. «Еңбекшілдер ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Т.Е.Әбуоваға тіркеу аяқталғанға дейінгі кезеңге қоғамдық жұмысқа жұмыссыздар арасынан екі техникалық қызметкер бөлсін.
Тармақ 4
4. Кәсіпорындар мен ұйымдардың басшыларына меншік нысанына қарамастан ұсынылсын:
- шақыруға дейінгілерді тіркеу комиссиясына өту үшін қажет уақытқа жұмыстан немесе оқудан босату, шақыруға дейінгілерді іссапарлардан, демалыстан шақыртып алу және оларды хабарландыруды ұйымдастыру мен «Еңбекшілдер ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне уақыттылы келуін қамтамасыз ету.
Тармақ 5
5. «Еңбекшілдер ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Қ.Б.Сатыбаевқа (келісімі бойынша) шақыру учаскесінде тәртіпті және тіркеуден бұлтарған адамдарды іздестіруді қамтамасыз ету бойынша шаралар қолдау ұсынылсын.
Тармақ 6
6. «Еңбекшілдер ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы С.К.Балғожинов (келісімі бойынша) азаматтарды тіркеу аяқталғаннан кейін 10 күндік мерзім ішінде өткізілген тіркеудің нәтижесі туралы ақпарат берсін.
Тармақ 7
7. Азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу бойынша іс-шараларды орындаумен байланысты шығындар аудандық бюджетте көзделген қаржы бөлу есебінен жүргізіледі.
Тармақ 8
8. 2007 жылдың 08 қаңтарында аудандық әділет басқармасында № 1-10-49 тіркелген Еңбекшілдер ауданы әкімінің 2006 жылы 25 желтоқсандағы «Еңбекшілдер ауданында тұратын 1990 жылы туған азаматтарды қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы» № 14 шешімі, 2007 жылдың 04 маусымында әділет басқармасында № 1-10-56 тіркеуден өткен, аудан әкімінің 2007 жылғы 02 мамырдағы № 9 «Еңбекшілдер ауданы әкімінің 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 14 шешіміне өзгертулер мен қосымшалар енгізу туралы» шешімі өз күшін жойсын.
Тармақ 9
9. Осы шешім Еңбекшілдер ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және аудандық «Жаңа дәуір», «Сельская новь» газетінде ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 10
10. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ш.С.Омаровқа жүктелсін.