1991 жылы туылған және бұрын есепке тіркелмеген ер азаматтарды 2008 жылдың қаңтар-наурыз айларында шақыру пунктінде тіркеу жүргізу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1991 жылы туылған және бұрын есепке тіркелмеген ер азаматтарды 2008 жылдың қаңтар-наурыз айларында шақыру пунктінде тіркеу жүргізу туралы 1991 жылы туылған және бұрын есепке тіркелмеген ер азаматтарды шақыру пунктінде тіркеуді өткізу мақсатында Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі №74-III «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабын және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 33 бабы 1 тармағы 13 тармақшасын басшылыққа ала отырып, ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. 2008 жылдың қаңтар-наурыз айларында тіркеуге жататын азаматтарды шақыру пунктінде тіркеуді сапалы өткізу үшін құрылған аудандық комиссия құрамы бекітілсін (1 қосымша).
Тармақ 2
2. Поселкелік, ауылдық және селолық округтердің әкімдеріне ауданның барлық елді мекендерінде тұратын 1991 жылы туылған және бұрын тіркелмеген ер азаматтарды аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру пунктінде тіркелуін қамтамасыз ету міндеттелсін.
Тармақ 3
3. Аудандық емхананың бас дәрігеріне (Анар Доспаева) қорғаныс істері жөніндегі бөлімге тіркеуге шақырылғандардың денсаулығын дәрігерлік тексеруден өткізу, негізгі және қосалқы құрамдар дәрігерлік комиссия құру (2 қосымша), оны қажетті маман медбикелермен толықтыру ұсынылсын (келісім бойынша).
Тармақ 4
4. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (Ханағат Маштахов) тіркеуге шақырылғандармен сапалы жұмыс жүргізуді қамтамасыз ету үшін тіркеу уақытында аылы қоғамдық жұмыс есебінен техникалық қызметкерлер бөлу (2008 жылдың қаңтар-наурыз айларында) тапсырылсы.
Тармақ 5
5. Аудандық ішкі істер бөліміне (Ізбасар Хамзин) тіркеуді өткізу уақытында шақыру пунктіне келмеген азаматтарды шұғыл іздестіру және қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жеткізу, сондай-ақ азаматтардың тіркеуден жалтару әрекетін болдырмау мәселелері жөнінде бірлескен жұмыстар жүргізу ұсынылсын (келісім бойынша).
Тармақ 6
6. Аудандық білім беру бөліміне (Әлифолла Балахметов) тіркеуге шақыру алатында шақырылғандармен әскери-патриоттық шаралар, насихат жұмыстарын жүргізу және тіркеуден өту кестесі бойынша оқу орындарындағы азаматтардың тіркеуден толық өтуін қадағалау міндеттелсін (3 қосымша).
Тармақ 7
7. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге (Жамбыл Сұлтанғалиев) тендерден өткен жолаушылар тасымалдаушы жеке кәсіпкермен келісім-шарт жасап, тіркеуге жататын азаматтарды селолық, ауылдық округтерден шақыру пунктіне жеткізу үшін автокөлік ұйымдастыру және тіркеудің өту қорытындысы жөнінде 2008 жылдың 5 сәуіріне дейін аудан әкіміне хабарлама дайындау ұсынылсын (келісім бойынша).
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалысын бақылап, қадағалау аудан әкімінің орынбасары Д.Мендігереевке жүктелсін.
Тармақ 9
9. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Келісілді: Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы Сұлтанғалиев Жамбыл «__»_____2007 жыл Аудандық емхананың бас дәрігері Доспаева Анар «__»_____2007 жыл Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Ізбасар Хамзин «__»_____2007 жыл
Басқа 10
Аудан әкімиятының 2007 жылғы «26» желтоқсандағы №95 шешіміне 1 қосымша 1991 жылы туылған ер азаматтарды шақыру пунктінде тіркеуді жүргізу үшін құрылған аудандық комиссияның құрамы Сұлтанғалиев Жамбыл аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, тіркеу комиссиясының төрағасы (келісім бойынша); Жумагалиева Жұлдыз аудандық сәулет және қалақұрылыс бөлімінің төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы, төрағаның орынбасары; Орынғалиева Роза медбике, комиссия хатшысы (келісім бойынша). Комиссия мүшелері: Әмиргалиев Арман аудандық ішкі істер бөлімі бастығының қызмет бабындағы орынбасары (келісім бойынша); Доспаева Анар Аудандық емхананың бас дәрігері, дәрігерлік комиссияның төрайымы (келісім бойынша).
Басқа 11
Аудан әкімиятының 2007 жылғы «26» желтоқсандағы №95 шешіміне 2 қосымша Дәрігерлік комиссия құрамы № Мамандығы Негізгі Қосалқы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 Хирург Терапевт Кардиолог Отоларинголог Окулист Невропатолог Психиатр Стоматолог Фтизиатр Рентгенолог Дерматолог медбике Медбике Медбике Медбике Ағзамов Аманжол Есқалиева Жанар Тұнғатарова Айман Доспаева Анар Құсайынова Анар Ермекқадиева Айжан Бакенова Ханбибі Жасақбаев Тамара Кетебаев Сапарғали Кетебаев Сапарғали Қаражанова Күляш Мұқаналиева Жаңылсын Шаханова Қадиша Хайруллина Сәнжан Ысқақова Дариға Сапиев Қаршыға Таудаев Қайыржан Агзамов Аманжол
Басқа 12
Аудан әкімінің 2007 жылғы «26» желтоқсанындағы №95 шешіміне 3 қосымша Аудан бойынша 1991 жылы туылған азаматтардың тіркеу комиссиясынан өту кестесі № Селолық округтар Саны Өтетін күндері 14.01 15.01 16.01 17.01 18.01 21.01 22.01 23.01 24.01 1 Қазақ орта мектебі 5 Х 2 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп 10 Х 3 М.Әуезов атындағы орта мектеп 15 Х 4 С.Сейфуллин атындағы орта мектеп 14 Х 5 №5 КТМ 50 Х 6 Б.Нсанбаев атындағы орта мектеп 31 Х 7 Абақанұлы атындағы орта мектеп 20 Х 8 Жамбыл атындағы орта мектеп 19 Х 9 Кулагино орта мектебі 10 Х 10 Гимназия 4 Х 11 Гребенщик орта мектебі 4 Х 12 Сиранов атындағы орта мектеп 17 Х 13 Аққала орта мектебі 3 Х 14 Махамбет атындағы орта мектеп 24 Х 15 Бөдене орта мектебі 21 Х 16 Мөнкеұлы атындағы орта мектеп 3 Х 17 Кешкі орта мектеп 5 Х Барлығы 255