Мақат ауданының 1991 жылы туылған азаматтарын 2008 жылы шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізу туралы
Атырау облысы әкімінің 2007 жылғы 7 желтоқсандағы №30 «Атырау облысының 1991 жылы туылған азаматтарын 2008 жылы шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізу туралы» шешімін орындау мақсатында ШЕШЕМІН:
Мақат ауданының 1991 жылы туылған азаматтарын 2008 жылы шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізу туралы от 27.12.2007 г. № 23 (Мақат ауданының 1991 жылы туылған азаматтарын 2008 жылы шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізу туралы)
1. Аудан көлемінде тұратын шақыру учасксіне тіркелетін он жеті жасқа толатын 1991 жылы туылған ер азаматтарды 2008 жылдың қаңтар-наурыз айларында Мақат аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне тіркеуге алу жүргізілсін.
2. Азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуге алуды жүргізу комиссиясы 1-қосымшаға сәйкес құрылсын.
3. Мақат аудандық орталық емханасына (Б.С.Оңдасынов) (келісім бойынша) 2-қосымшаға сәйкес аудандық шақыру учаскесінде тіркелуші азаматтарды медициналық куәландырудан өткізу үшін тәжірибелі дәрігер мамандар бөлу және медицина талаптарына сай тексеру ұсынылсын.
4. Білім беру ұйымдары және өзге де ұйымдардың басшылары жергілікті әскери басқару органдарына шақыру учаскесіне тіркелуге жататын әскер жасына дейінгілердің тізімін толықтай ұсынсын.
5. Азаматтарды әскери шақыру жасына дейінгілерді әскери есепке қоюға байланысты міндеттілерді орындау үшін, қажетті уақытқа жұмыс орны мен атқаратын қызметі сақтала отырып, жұмыстан (оқудан) босату ұсынылсын.
6. Поселке әкімдері мен білім беру ұйымдарының басшылары:
1) Аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне жасөспірімдердің шақыру учаскесіне уақытылы келуіне жауапты мамандар белгілеп, оларға тіркелушілерді ұйымдастырып әкелі және қажетті құжаттармен қамтамасыз етсін;
2) Жастардың жергілікті жерлерден шақыру учаскесіне уақытылы келіп және тұрғылықты жерлеріне жеткізілуі үшін сенімді жабдықталған көлікпен қамтамасыз етсін.
7. Аудандық ішкі істер бөліміне (Н.Ж.Көшенов) (келісім бойынша) шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қадағалау, әскери есепке отырудан жалтарған азаматтарға өз құзыреті шегінде шаралар қолдану ұсынылсын.
8. «Техникалық жабдықтау пункті» (Т.Қ.Неталиев) (келісім бойынша), «Мақатэнергожөндеу» (С.М.Борисшполь) (келісім бойынша), «Мақат стансасы» (А.А.Көбегенов) (келісім бойынша) мекемелеріне азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді ұжымдасқан және сапалы түрде жүргізуді қамтамасыз ету үшін қызмет көрсететін техникалық қызметкерлердің қажетті санын 3-қосымшаға сәйкес бөлу, осы міндеттерді атқару уақытында жұмыс орнын, атқаратын қызметін және жалақысын сақтау ұсынылсын.
9. «Доссормұнайгаз» өндіру басқармасына (М.Б.Қилыбаев) (келісім бойынша), «Мақат желілі-өндірістік» басқармасына (А.М.Қарабатыр) (келісім бойынша) азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу үшін Байшонас, Доссор, Ескене, Комсомол, Қошқар поселкелік әкімдерінің тапсырыстары бойынша тіркелушілерді аудандық шақыру учаскесіне тасымалдау үшін автокөліктермен қамтамасыз ету ұсынылсын.
10. Аудандық қаржы бөлімі (И.М.Мажекеев) тіркеуге алу шарасын өткізуге байланысты 2008 жылы шыққан шығындарды сметаға сай бөлсін.
11. Жастарды шақыру учаскесінде тіркеу және олардың санын анықтап әскер жасына дейінгі қызметке дайындау шараларының орындалу қорытындысы 2008 жылдың сәуір айында аудан әкімінің аппарат мәжілісінде тындалсын.
12. Мақат аудандық Қорғаныс стері жөніндегі бөліміне (А.Кенжеғұлов) (келісім бойынша) 1991 жылы туылған азаматтарды тіркеуге алу барысы жөнінде жүйелі түрде хабардар ету ұсынылсын.
13. «Мақат ауданының 1990 жылы туған азаматтарын 2007 жылы шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізу туралы» аудан әкімінің 2006 жылғы 22 желтоқсандағы №23 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4-7-50 нөмірімен тіркелген, 2007 жылғы 19 қаңтардағы №03 «Мақат-тынысы» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
14. Осы шешімнің орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Әбділдиевке жүктелсін.
15. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Мақат аудандық Қорғаныс
істері жөніндегі бөлім бастығы
А.Кенжеғұлов
27.12.2007 жыл
Мақат стансасының
бастығы А.Көбегенов
27.12.2007 жыл
Мақат желілі-өндірістік
басқармасының бастығы
А.Қарабатыр
27.12.2007 жыл
Мақат аудандық орталық
емхананың бас дәрігері
Б.Оңдасынов
27.12.2007 жыл
Мақатэнергожөндеу
мекемесінің бастығы
С.Борисшполь
27.12.2007 жыл
Техникалық жабдықтау
пункті бастығы Т.Неталиев
27.12.2007 жыл
Доссормұнайгаз өндіру
басқармасының бастығы
М.Қилыбаеы
27.12.2007 жыл
Аудан әкімінің 2007 жылғы
«27» желтоқсандағы
№23 шешіміне 1-қосымша
Азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуге алуды жүргізу комиссиясы
Мақат аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, комиссия төрағасы:
Кенжеғұлов Аманжол
Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық және әскери жұмылдыру бөлімінің меңгерішісі, комиссия төрағасының орынбасары:
Қартабаев Ерлан Сисенғалиұлы
Аудандық емхана меңгерушісі, медициналық комиссияның төрайымы:
Нәсіпқалиева Даря Нәсіпқалиқызы
Аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары, комиссия мүшесі:
Матжанов Сәрсенбай Матжанұлы
Мейірбике, комиссия хатшысы:
Рахманова Қамқа
Аудан әкімінің 2007 жылғы
«27» желтоқсандағы
№23 шешіміне 2-қосымша
Аудандық шақыру учаскесінде тіркелуші азаматтарды медициналық куәландырудан өткізу үшін тәжірибелі дәрігер мамандар
№
р/с
Тегі, аты-жөні
Қандай мамандық бойынша
1
2
3
1
Нәсіпқалиева Дария Нәсіпқалиқызы
Дәрігер-терапевт
2
Смайлов Кеңес Шымырбайұлы
Дәрігер-хирург
3
Ізтілеуов Жақсыберген Ахатұлы
Құлақ дәрігері
4
Ерғожиева Әлия Шойынбайқызы
Тіс дәрігері
5
Умарова Гүлзира Қалиханқызы
Көз дәрігері
6
Шабдирова Ғалия Нәсіпқалиқызы
Психиатр, неврапотолог дәрігері
7
Жұманалиева Шахизат Мукарамқызы
фтизиатр
8
Шонаев Жалғас Мағауұлы
ренгенолог
9
Емшібике
3-адам
Аудан әкімінің 2007 жылғы
«27» желтоқсандағы
№23 шешіміне 3-қосымша
Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді ұжымдасқан және сапалы түрде жүргізуді қамтамасыз ету үшін қызмет көрсететін техникалық қызметкерлердің қажетті саны
№
р/с
Мекеменің атауы
Техникалық қызметкерлер саны
Босатылатын мерзімі
1
Техникалық жабдықтау пункті
2 (екі)
Қаңтар 2008 жыл
Наурыз 2008 жыл
2
Мақат стансасы
2 (екі)
Қаңтар 2008 жыл
Наурыз 2008 жыл
3
Мақатэнергожөндеу
2 (екі)
Қаңтар 2008 жыл
Наурыз 2008 жыл