Қорғалжын ауданында 1991 жылы туған азаматтарды 2008 жылы шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу туралы Қолданыста
Басқа 0
Қорғалжын ауданында 1991 жылы туған азаматтарды 2008 жылы шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабының 2 тармағына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» заңының Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17 бабының 3 тармағына сәйкес, азаматтарды әскери есепке алу мақсатында аудан әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. «Қорғалжын ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне 2008 жылдың ақпан-наурызында 1991 жылы туған, он жеті жасқа толатын азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу ұсынылсын.
Тармақ 2
2. Қорғалжын ауданының және ауылдық округтердің, меншік нысанына қарамастан кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің басшылары «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» заңының Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 4 тармағын мағұлматқа алсын және «Қорғалжын ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне шақыру учаскесіне тіркеуге жататын шақыруға дейінгілердің тізімдерін берсін.
Тармақ 3
3. Кәсіпорындар мен ұйымдардың басшыларына меншік нысанына қарамастан ұсынылсын:
-шақыруға дейінгілерді тіркеу комиссиясына өту үшін қажет уақытқа жұмыстан немесе оқудан босату, шақыруға дейінгілерді іссапардан, «Қорғалжын ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне уақытылы келуін қамтамасыз ету.
Тармақ 4
4. «Қорғалжын ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы А.К Әбішевке (келісім бойынша) шақыру учаскесінде тәртіпті және тіркеуден бұлтарған адамдарды іздестіруді қамтамасыз ету бойынша шаралар қолдау ұсынылсын.
Тармақ 5
5. «Қорғалжын ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Т.О.Әшімов (келісім бойынша) азамттарды тіркеу аяқталғаннан кейін 10 күндік мерзім ішінде өткізілген тіркеудің нәтижиесі туралы ақпарат берсін.
Тармақ 6
6. Азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу бойынша іс-шараларды орындаумен байланысты шығындар аудандық бюджетте көзделген қаржы бөлу есебінен жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Осы шешім Қорғалжын ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және аудандық «Қорғалжын өңірі» газетінде ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 8
8. Осы шешімінің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Қ.Аққожинаға жүктелсін.
КЕЛІСІЛДІ:
Аудандық ішкі істер
бөлімінің бастығы А.Қ Әбішев
Аудандық Қорғаныс істері
жөніндегі бөлімінің бастығы Т.О.Әшімов