О проведении приписки к призывному участку граждан 1991 года рождения Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1991 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеу өткізу туралы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабындағы 1 тармақ 8) тармақшасына, 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» (одан әрі - Заң) Заңының 17,18 баптарына сәйкес, әскерге дейінгі шақырылатындарды әскери есебіне алу мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан аймағында тұратын 1991 жылы туған ер азаматтарды 2008 жылдың қаңтар-наурызында шақыру учаскесінде әскери есепке тіркелуі өткізілсін.
Тармақ 2
2. Селолық округ әкімдері:
Тармақша 1
1) Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің сұранысына сәйкес, шақыру учаскеде тіркеуге жататын жасөспірімдердің тізімдері аудан қорғаныс істері жөніндегі бөлімге берілсін;
Тармақша 2
2) Тіркеу өткізу үшін шақыру учаскеге азаматтардың дер кезінде келуі туралы оларға хабар жеткізілсін.
Тармақ 3
3. 2008 жылдың қаңтар-наурызында азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеу өткізілу кезеңге тіркеу өткізу жөнінде аудандық комиссия келесі құрамында құрылсын: комиссия төрағасы - Константинов Александр Николаевич аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы; комиссия төрағасының орынбасары - Шаяхметова Алмахан Ахметбекқызы аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы; комиссия мүшелері: Аманжолов Жанат Қашенұлы - тәрбиелеу және кадрлар жұмысы бойынша аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісу бойынша); Мұстафина Айман Қажантайқызы - медицина қызметкерлері құрамының жұмысын басқаратын аудандық емхана дәрігері - медициналық комиссия төрағасы (келісу бойынша); Қалькенова Сара Шабданқызы - аудан емхана психиатриялық кабинетінің мейірбикесі -комиссия хатшысы (келісу бойынша). Егерде комиссия мүшелерінен жайлы себептер бойынша болмағанда комиссия құрамына толықтыру енгізуге рұқсат етілсін Мұратбеков Рамазан Рашитулы - ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының орынбасары, төраға ретінде.
Тармақ 4
4. Аудандық емхананың бас дәрігері С. Н. Даироваға (келісу бойынша):
Тармақша 1
1) қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының мәлімдемесі бойынша тіркеуге жататын азаматтарды дәрігерлік куәландіру үшін дәрігерлер мамандарды атап берсін;
Тармақша 2
2) дәрігерлік комиссияны қажетті медициналық-санитарлық жабдықтармен және дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етсін
Тармақша 3
3) әскер қатарына шақырылғандардың дәрігерлік куәландыру бойынша тәжірибесі бар үш мейірбике бөлінсін.
Тармақ 5
5. Ауданның қаржы бөліміне шақыру учаскесіне әскери есепке тіркелуді өткізу үшін ақшалай қаражат бөлуді уақытында өндірсін.
Тармақ 6
6. Селолық округ әкімдеріне осы жұмысқа жауапты адаммен алыс жерде тұратын әскер қатарына шақырылғандарды тұратын орынынан шақыру учаскесіне дейін және қайта тұратын жеріне дейін жеткізуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. «Тимирязев ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме тіркеу уақытына екі адам санында техникалық қызметкерлермен жеке еңбекті шарттарды бекітсін де күші бар заңға сәйкес еңбекақы төленсін.
Тармақ 8
8. Осы каулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л. В. Ганжаға, Тимирязев ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы А.Н.Константиновқа жүктелсін.
Тармақ 9
9. Осы қаулы ресми жариялау күннен бастап қызметіне енеді.