О проведении приписки граждан 1991 года рождения, а также граждан старших возрастов не прошедших ее ранее, к призывному участку отдела по делам обороны Жаксынского района Күшін жойған
Басқа 0
1991 жылы туған азаматтарды, сол сияқты алдында тіркеуден өтпеген жасы үлкен азаматтарды Жаксы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру учаскесінде тіркеу өткізу туралы
Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 08 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабына, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына сәйкес, 1991 жылы туға и азаматтарды және алдында есепке тұрмаған жасы үлкен азаматтарды әскери есепке алу үшін, дене шынығу дайындық деңгейін және алған мамандығын, жалпы білім деңгейін, әскери қызметке жарамдылығын, санын айқындау мақсатымен, аудан әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Аудандық әскерге шақыру учаскесі мына мекен жайда құрылсын: Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Жақсы ауылы, Совет көшесі 24 үй.
Тармақ 2
2. «1991 жылы туған азаматтарды, сол сияқты алдында тіркеуден ѳтпеген жасы үлкен азаматтарды Жақсы аудандық қорғаныс ісі жөніндегі бөлімнің шақыру учаскесінде тіркеу өткізу» аудандық комиссиясы қосымшадағы құрамға сәйкес құрылсын.
Тармақ 3
3. Аудандық әскерге шақыру учаскесіне азаматтарды тіркеу 2008 жылдың 15 қаңтары мен 30 наурызы аралығында жүргізілсін.
Тармақ 4
4. Ауыл және ауылдық округтердің әкімдеріне:
Тармақша 1
1) аудандық қорғаныс ісі жөніндегі бөлімге 2008 жылы әскерге шақыру учаскесіне тіркелетін 1991 жылы туған жігіттердің тізбесін тапсырсын;
Тармақша 2
2) әскерге шақыру учаскесіне тіркелу бойынша аудандық комиссияға 1991 жылы туған азаматтарды, сол сияқты алдында тіркеуден өтпеген жасы үлкен азаматтарды жеке шақыру қағаздарында белгіленген мерзімнде келуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік коммуналдық қазыналық мекеме Жақсы аудандық емханасына: (келісім бойынша)
Тармақша 1
1) азаматтарды тіркеу бойынша аудандық комиссияның қарамағына азаматтарды медициналық куәландіруін өткізу үшін қажетті тәжірибелі дәрігерлерді, мамандарды және орта медициналық қызметшілерді бөлсін;
Тармақша 2
2) тұрақты емдеу - сауықтыру мекемелерде азаматтарды тіркеу аудандық комиссиясының жіберуі бойынша азаматтардың денсаулық жағдайына қосымша зерттеу өткізу үшін резерв тѳсек-орындары болсын;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің 2005 жылғы 16 наурыздағы, Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің 2005 жылғы 4 наурыздағы «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарындағы әскери дәрігерлік сараптама ережесін бекіту туралы» бірлескен Бұйрығына сәйкес, азаматтарды медициналық куәландіру үшін азаматтарды тіркеу бойынша аудандық комиссияны қажетті медициналық және шаруашылық мүліктермен және құрал- саймандармен қамтамсыз етсін;
Тармақша 4
4) ауданның емдеу-сауықтыру мекемесі арқылы 2008 жылдың 11 қаңтары мен 31 наурызы аралығында 1991 жылы туған азаматтардың кеуделерін жарық сәулелерімен (рентгеноскопия) тексеріп, талдау жүргізуді қамтамасыз етсін.
Тармақша 5
5) әскерге шақыру учаскесіне азаматтар тіркелгеннен және аудандық қорғаныс ісі жөніндегі бөлімі емделуге мұқтаж әскерге шақырылған азаматтардың тізбесін тапсырғаннан кейін ауданның емдеу-сауықтыру мекемелеріне бекіту және емдеуді нақты әскери қызметке шақырылғанға дейін қамтамасыз етсін.
Тармақша 6
6) Кәсіпорын, мекеме және ұйым басшыларына меншік нысанына қарамастан және ауданның оқу орындарына әскерге шақыру учаскесіне тіркелетін азаматтарды тіркеу бойынша аудандық комиссияда тіркелу өту уақытында жұмыстан және оқудан босату ұсынылсын.
Тармақша 7
7) Аудандық ішкі істер бөлімі Жақсы ауданының қорғаныс істері жөніндегі келісім бойынша:
Тармақша 1
1) аудандық әскерге шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етсін;
әскери есепке тұруға келмеген тұлғаларды уақытында іздестірсін;
Тармақша 2
2) Аудандық қорғаныс істері жѳніндегі бөлім бастығына әскерге шақыру учаскесіне азаматтарды тіркеуден ѳткізу қорытындысы және барысы туралы аудан әкімдігіне жүйелі түрде ақпарат беріп отыру ұсынылсын.
Тармақ 8
8. Жақсы ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 21 желтоқсандағы №А-16/227 «1990 жылы туған азаматтарды, сол сияқты жасы үлкен азаматтарды Жақсы ауданының корғаныс істері жөніндегі болімінің шақыру учаскесінде тіркеуден өткізу» (әділет басқармасында 2007 жылдың 16 каңтарында тіркелген №1-13- 44) қаулысы күшін жойды деп танылсын.
Тармақ 10
10. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К.Б.Мугаловаға жүктелсін.
Тармақ 11
11. Осы шешім Жақсы ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен кейін және алғаш рет ресми жарияланған сәттен бастап қолданысқа енгізіледі.
Келісіледі:
МҚҚМ дәрігері
____________Н.Усина
____________2007 жыл
Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы
_____________А.Жапаров
«____»_______2007 жыл
Жақсы ауданы қорғаныс істер
жөніндегі бөлімінің бастығы
_____________Н.Мельников
«____»________2007 жыл
Басқа 20. 1991 жылы туған азаматтарды, сол сияқты алдында тіркеуден өтпеген жасы үлкен азаматтарды Жақсы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру учаскесінде тіркеу өткізу бойынша комиссиясының ҚҰРАМЫ
2007 жылғы «13» желтоқсан
№13 Нормативті құқықты
кесімге қосымша
1991 жылы туған азаматтарды, сол сияқты алдында тіркеуден өтпеген жасы үлкен азаматтарды Жақсы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру учаскесінде тіркеу өткізу бойынша комиссиясының ҚҰРАМЫ
Мельников Николай Ильич - Жақсы ауданыныңм қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы комиссия төрағасы (келісім бойынша)
Копеева Жанна Ерғазықызы - аудан әкімі апараты әкімшілік құқықтық бөлімінің жетекші маманы
Ахметов Қуанышпай Мұратұлы - Жақсы ауданы ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша)
Әбілдаева Гүлжан Тарғынқызы - хирург-дәрігер, дәрігерлік комиссияның төрайымы (келісім бойынша)
Титова Екатерина Николаевна - аудандық аурухананың медбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша)