О проведении приписки граждан 1991 года рождения, а также граждан старших возрастов не прошедших ранее приписку на призывном участке отдела по делам обороны Сандыктауского района Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1991 жылы туған азаматтарға, сондай-ақ Сандықтау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесінде ертеректе есепке тұрмаған жасы үлкен азаматтарға тіркеу жүргізу туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 08 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабының негізінде, азаматтарды әскери есепке алу, олардың санын анықтау, әскери қызметке жарамдылығын және денсаулық жағдайын анықтау, жалпы білім деңгейін және мамандығын белгілеу, дене шынықтыру даярлығы деңгейін анықтау, әскерге шақырылушыларды алдын ала белгілеу, әскери-техникалық мамандықтар бойынша даярлау және әскери оқу орындарына түсу үшін үміткерлерді іріктеу мақсаттарында, Сандықтау ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. 1991 жылғы туған азаматтарға, сондай-ақ Сандықтау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесінде ертеректе есепке тұрмаған жасы үлкен азаматтарға тіркеу жүргізу 2008 жылдың қаңтар-наурыз айларында жұргізілсін.
Тармақ 2
2. Тіркеу жүргізу жөніндегі іс-шаралардың орындалуына байланысты, шығындар аудан бюджетінен көзделген ақша есебінен іске асырылсын.
Тармақ 3
3. Ауыл әкімі және селолық округтердің әкімдері, ұйымдар басшылары:
Тармақша 1
1) Сандықтау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне шақыру учаскесіне белгіленген нысан бойынша тіркеуден өтуге тиісті, азаматтарды тапсырсын;
Тармақша 2
2) тіркеуден өтуге тиісті азаматтарды дербес шақыру қағазында көрсетілген, күні мен дәл уақытында Сандықтау ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімінде міндетті түрде болуы үшін жұмыстан (оқудан) уақытша босатсын, іссапарларынан және демалыстардан шақыртсын.
Тармақ 4
4. Ауыл әкімі және селолық округ әкімдері тіркеуден өтетін азаматтардың Сандықтау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне міндетті түрде келуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. «Ақмола облысы Денсаулық сақтау департаментінің жанындағы Сандықтау аудандық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының басшысына (келісімі бойынша), азаматтарды медициналық тексеруден өткізу үшін ұсынсын:
Тармақша 1
1) азаматтарға медициналық куәландыру жүргізу үшін білікті маман дәрігерлердің, сондай-ақ орта медициналық қызметкерлердің қажетті санын бөлсін;
Тармақша 2
2) комиссияны қажетті жабдықтармен және құрал-саймандармен қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. «Ақмола облысы Денсаулық сақтау департаментінің Сандықтау орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік мекемесінің басшысына (келісімі бойынша), шақыру комиссиясының жолдамасы бойынша азаматтарды қосымша стационарлық тексеруден өткізу үшін керуеттің резерві болуын ұсынсын.
Тармақ 7
7. Сандықтау аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы (келісімі бойынша):
Тармақша 1
1) тіркеу кезінде шақыру учаскедеріне тіркеуден жалтарушы тұлғаларды іздестірсін және Сандықтау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне жеткізсін;
Тармақша 2
2) шақыру учаскесіне азаматтарды тіркеу жөніндегі комиссияның жұмыс уақытында шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіп сақталуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.С.Ізбасароваға жүктелсін.
Тармақ 9
9. Сандықтау ауданы әкімінің 2007 жылғы 19 қаңтардағы №1 «1990 жылы туған азаматтарға, сондай-ақ Сандықтау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру Учаскесінде ертеректе есепке тұрмаған жасы үлкен азаматтарға тіркеу жүргізу туралы» (Ақмола облысы Сандықтау ауданының Әділет басқармасында 09.02.2007 жылы №1-16-52 тіркелген, «Сандыктауские вести» аудандық газетінде 19.02.2007 жылы №15 жарияланған) шешімі күшін жойған деп танылсын.
Тармақ 10
10. Осы шешім мемлекеттік тіркелген сәттен бастап күшіне енеді 2008 жылдың 01 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.