О проведении приписки граждан 1991 года рождения к призывному участку Аккайынского района Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аққайың ауданның шақыру учаскесіне 1991 жылы туған азаматтардың тіркеуін өткізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31 бабы 1 тармағының 8 тармақшасына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылдың 8 шілдедегі № 74 Заңының 17, 18 бабтарына, «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шакырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережеге сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕТІ:
Тармақ 1
1. Аудан аумағында 2008 жылдың қаңтар-наурызында 1991 туған жылы және одан үлкен жастағы, бұрын шақыру учаскесінде тіркелмеген азаматтарды тіркеу өткізілсін.
Тармақ 2
2. Қосымшаға сәйкес азаматтар тіркеуін өткізу жөніндегі аудандық комиссия құрамы бекітілсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Аққайың аудандық емхана» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бас дәрігері (келісім бойынша) Б.А.Мүстафина шақырылушыларды медициналық куәландыру үшін мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі бар дәрігер мамандарды және орта медициналық қызметшілердің қажетті санын бөлсін.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Аққайың аудандық орталық аурухана» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бас дәрігері (келісім бойынша) Б.З. Ыбыраев шақырылушыларды стационарлық тексеру үшін Аққайың аудандық орталық ауруханада 12 орын қарастырылсын, соның ішінде: терапевтік бөлімде - 9 орын, хирургия бөлімінде - 3.
Тармақ 5
5. «Ақкайың ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша) М.Б. Баймұқанов:
Тармақша 1
1) шақыру пунктіне үй жай бөлсін және оны қажетті жылыту тәртібімен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолдансын;
Тармақша 2
2) шақырылушылармен әскери-патриоттық тәрбие жөнінде жұмысты өткізу үшін шақыру учаскесінде үгіт пунктін ұйымдастырсын;
Тармақша 3
3) 1991 жылы туған және одан үлкен жастағы, бұрын шақыру учаскесінде тіркелмеген азаматтардың тіркеуін өткізу кестесін жасасын және округ әкімдерінің мәліметіне жеткізсін;
Тармақша 4
4) 2008 жылдың 10 сәуіріне дейін 1991 жылы туған және одан үлкен жастағы, бұрын шақыру учаскесінде тіркелмеген азаматтарды тіркеу қорытындысы туралы аудан әкіміне ақпаратты ұсынсын.
Тармақ 6
6. Селолық округ әкімдері:
Тармақша 1
1) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге шақыру учаскесіне тіркелуге жататын шақыру жасына дейінгілердің тізімін ұсынсын;
Тармақша 2
2) тіркелетін тұлғалардың жинау пунктіне белгіленген мерзімде келуін ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. «Аккайың аудандык қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Е.В. Гонтарь тіркеу жөніндегі іс-шаралардың қаржыландыруын жергілікті бюджеттің осы мақсаттарға қарастырылған қаржысы есебінен қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қ. Мүстафинға жүктелсін.
Тармақ 9
9. Осы қаулы Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында бірінші ресми жарияланған кезден күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Аққайың аудандық емхана» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бас дәрігері Б.А.Мұстафина Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Аққайың аудандық орталық аурухана» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бас дәрігері Б.З.Ыбыраев «Аққайың ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы М.Б.Баймұқанов
Басқа 16. Азаматтардың тіркеуін өткізу жөніндегі аудандық комиссияның ҚҰРАМЫ
Аққайың ауданы әкімдігінің 2007 жылғы «19» желтоқсандагы № 310 қаулысына қосымша Азаматтардың тіркеуін өткізу жөніндегі аудандық комиссияның ҚҰРАМЫ Баймұқанов Мереке Бүркенұлы – Аққайың ауданының қорғаныс icтep жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша) Жұманов Едіге Тоғыбайұлы - аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы, төрағаның орынбасары Жұмажанов Ертай Теміржанұлы – аудындық ішкі істер бөлімі бастығының тәрбие және кадр жұмысы бойынша орынбасары (келісім бойынша) Құнанбаева Қайныл Шәкімқызы – Аққайың аудандық емхананың терапевті, медициналық комиссияның төрайымы (келісім бойынша) Байбатырова Айнаш Нұрланқызы - Аққайың аудандық емхананың медбибісі, комиссияның хатшысы (келісім бойынша) Азаматтардың тіркеуін өткізу жөніндегі аудандық комиссияның резервтік құрамы Асқаров Мақсат Зейноллаұлы - әскери қызметшілерді келісім шарт бойынша жинау және шақыру бөлімшесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша) Норбаев Сұлтан Шаймұханұлы - балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры, төраға орынбасары (келісім бойынша) Комиссияның резервтік құрамының мүшелері Тасимов Руслан Анатольевич – аудандық ішкі істер бөлімінің қызметтік және әскери дайындық бойынша аға инспекторы (келісім бойынша) Куприянова Римма Ивановна - Аққайың аудандық емхананың терапевті, медициналық комиссияның төрайымы (келісім бойынша) Илишева Күлжан Нұрғалиқызы - Аққайың аудандық емхананың медбибісі, комиссияның хатшысы (келісім бойынша)