О проведении приписки граждан 1991 года рождения, проживающих в городе Степногорске, поселках Аксу, Бестобе, Заводской и Карабулакском сельском округе к призывному участку государственного учреждения «Отдел по делам обороны города Степногорск» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.01.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Степногорск қаласы, Ақсу, Бестөбе, Заводской кенттерінде және Қарабұлақ ауылдық аймақта тұратын 1991 жылы туылған азаматтарды «Степногорск қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне шақыру учаскесіне тіркеу жүргізу туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 33 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі жөніндегі ережені бекіту туралы» қаулысына сәйкес және 1991 жылда туылған азаматтардың тіркелуін өткізу мақсатында Степногорск қаласы әкімінің ШЕШІМІ:
Тармақ 1
1. Шақыру пункт Степногорск қаласы, 1 шағынаудан, 2 үй, «Степногорск қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мекен-жайы бойынша ғимаратында ұйымдастырылсын (онан әрі - Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі).
Тармақ 2
2. Тіркеу жөніндегі қоса беріліп отырған комиссия бекітілсін.
Тармақ 3
3. Степногорск қаласының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 2008 жылдың қаңтар - наурыз айларында 1991 жылы туылған азаматтардың тіркелуі жүргізілсін.
Тармақ 4
4. Степногорск қаласының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы (майор Т.С. Қатышев, келісім бойынша) тіркеуге тиісті азаматтарды шақырсын.
Тармақ 5
5. «Степногорск қалалық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының бас дәрігеріне (Дүйсенов Л.Қ., келісім бойынша):
Тармақша 1
1) шақыруға дейінгілерді медициналық куәландырудан өткізу үшін тіркеу жөніндегі комиссияның қарамағына дәрігерлер - мамандар мен орта медициналық қызметкерлердің қажетті санын бөлсін;
Тармақша 2
2) тіркеу кезінде шақыруға дейінгілердің тіс емдеуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. «Степногорск аймақтық исихиатриялық ауруханасы» мемлекеттік мекемесінің бас дәрігері (Сармұрзинов Б.Т., келісім бойынша) шақыруға дейінгілерді медициналық куәландырудан өткізу үшін тіркеу жөніндегі комиссияның қарамағына психиатр - дәрігер берсін.
Тармақ 7
7. Меншік түріне қарамастан қала мен кенттер кәсіпорындарының, мекемелерінің, ұйымдарының, оқу орындарының басшыларына ұсыну:
Тармақша 1
1) Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне комиссиядан өту үшін азаматтардың тіркеу участкесіне келіп комиссиядан өтуі қамтамасыз етілсін, сондай-ақ іссапарларда жүрген азаматтар шақырып алынсын және комиссиядан өтуі міндеттелсін;
Тармақша 2
2) тіркеуге жататын азаматтарды медициналық тексеру, сондай-ақ амбулаторлық анализдерді тапсыру үшін оқу мен жұмыстан босатсын.
Тармақ 8
8. Ақсу, Бестөбе, Заводской кенттерінің, Қарабұлақ ауылдық округінің әкімдері:
Тармақша 1
1) тіркеуге тиісті барлық азаматтарға жеке шақыру қағаздарын тапсырып және олардың шақыру комиссиясына Степногорск қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі белгіленген күндерде келуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) азаматтарды шақыру пунктіне жеткізу үшін алып барушылармен және қажетті көлікпен қамтамасыз етсін, сондай-ақ азаматтарды жол апаттарынан сақтандыру үшін барлық шаралар қолдансын;
Тармақша 3
3) азаматтарды шақыру пунктіне жіберу алдында, оларда шақыру қағаздарында көрсетілген құжаттардың түгел болуын тексерсін.
Тармақ 9
9. Шақыру өткізуіне байланысты шығындардың қаржыландыруы Степногорск қаласының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің өтінімі бойынша қалалық бюджетте қарастырылған қаражаттар есебінен жүзеге асырылсын.
Тармақ 10
10. Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі азаматтарды тіркеу жөніндегі комиссияның жұмыс кезеңіне шақыру учаскесін техникалық қызметкерлермен қамтамасыз етсін.
Тармақ 11
11. «Ақмола облысы ішкі істер Департаментінің Степногорск қаласының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (Қаппасовқа Е.Т., келісім бойынша):
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдесіндегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес Қорғаныс істер жөніндегі бөліміне алдын ала анықтауға немесе алдын ала тергеуге тартылған азаматтар туралы мәлеметтерді жеті күн ішінде берсін;
Тармақша 2
2) Степногорск қаласының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің өтініші бойынша тіркеу кезінде шақыру пунктінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) әскери міндеттен бас тартып жүрген азаматтарға іздеу салсын.
Тармақ 12
12. Осы шешім мемлекеттік тіркеу күнінен бастап алғашқы ресми жарияланған кейін он күнтізбелік күн өтккен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 13
13. Осы шешімнің орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Г. Ә. Сәдуақасоваға жүктелсін.
Басқа 24
Степногорск қаласы әкімінің 2008 жылғы 9 қаңтардағы № 1 шешіміне Шақыру комиссиясының құрамы Қатышев Төлеген Саттарұлы - комиссия төрағасы, Степногорск қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Боцман Николай Яковлевич - комиссия төрағасының орынбасары, «Степногорск қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы Вернигора Наталья Ивановна - комиссия хатшысы, «Степногорск қалалық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының мейірбикесі Комиссия мүшелері: Есжанов Қанат Рахметоллаұлы - «Ақмола облысы ішкі істер Департаментінің Степногорск қаласының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының тәрбие және кадрлар жұмысы бойынша орынбасары (келісім бойынша) Жұмабекова Алмагүл Тельманқызы - медициналық комиссия төрайымы, «Степногорск қалалық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның учаскелік терапевт-дәрігері