О проведении приписки граждан 1991 года рождения к призывному участку и старших возрастов, ранее не прошедших приписку Қолданыста
Басқа 0
1991 жылы туған және алдында тіркеуді өтпеген ересек жастағы азаматтардың әскерге шақыру учаскесінде тіркеуін жүргізу туралы
Қазақстан Республикасы «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңының 17, 18 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларға әскери есеп жүргізу Ережелерін бекіту туралы» 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2008 жылдың қаңтары-наурызында 1991 жылы туған, тіркеу жылы 17 жаска толатын және алдында тіркеуді өтпеген ересек жастағы ер азаматтардың әскерге шақыру учаскесінде тіркеуін жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Азаматтардың әскерге шақырту учаскесінде тіркеуін жүргізу үшін ендегі құрамда комиссия құрылсын:
комиссия төрағасы - қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы (келісім бойынша);
комиссия төрағасының орынбасары - аудан әкімінің орынбасары;
комиссия мүшелері:
ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша);
орталық аудандық емхана бас дәрігерінің орынбасары - медициналык комиссия төрағасы (келісім бойынша);
хатшы.
Тармақ 3
3. Қорғаныс істері жөніндегі бөлімге шакырту пунктіне бөлме бөлсін және қажет температуралық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша шаралар қолдансын.
Тармақ 4
4. Орталық аудандық емхананың бас дәрігері Т.И.Кузинаға:
Тармақша 1
1) медициналық комиссияны білікті дәрігер-мамандармен, медициналық құраммен жинақтасын;
Тармақша 2
2) шакырту пунктін кажет дәрі-дәрмекпен, кұралдармен, медициналық және шаруашылық мүлікпен қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) тіркеу бойынша медициналық комиссия құрамын емхана бойынша бұйрықпен бекітсін.
Тармақ 5
5. Орталық аудандық аурухананың бас дәрігері М.Г. Коробковаға (келісім бойынша) әскерге шақырушыларды стационарлық тексеру үшін қажет кереует орындарының санын бөлуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Қаржы бөлімінің бастығы А.П. Яковенкоға аудан бюджетінде азаматтарды әскерге шақырту учаскесінде тіркеу бойынша іс-шараларды орындау мақсатына қарастырылған сомаға сәйкес шығыстарды өз уақытында қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Ішкі істер бөлімінің бастығы Т.М. Тұғүнбаевқа азаматтарды тіркеу мезгілінде шақырту учаскесінде қоғамдық тәртіпті қолдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. Селолық округтердің әкімдеріне алыс жерде тұратын әскерге дейін шақырылатындарды әскерге тіркеу комиссиясына қорғаныс істері жөніндегі бөлімге уақытында жеткізуді және тұратын жеріне осы жұмысқа жауапты тұлғаның жетекшілігімен кері жеткізуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 9
9. Аудан әкімі аппаратының басшысы С.Ғ.Кәрімоваға осы мақсаттарға бөлінген қаржы бөлу шегінде жергілікті бюджет есебінде әскерге шақырту учаскесінде азаматтарды тіркеу бойынша іс-шараларға шығыстардың өз уақытында орындалуын қамтамасыз етсін.
Тіркеуді материалдық-техникалык қамтамасыз ету үшін 2 бірлік санымен техникалық жұмысшыларды (іс жүргізушілерді) жұмысқа қабылдасын. Нағыз қаулының 8, 10 тармактарында көрсетілген іс-шаралар үшін көлікті жалға алу жүргізілсін.
Тармақ 10
10. Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы С.Ә.Сүлейменовке әскерге дейінгі тіркеуге жататын азаматтармен, ата-анасымен немесе тәрбиелеп отырған тұлғалармен, тіркеуге жататын азамат оқитын, білім ұйымының басшысымен, тұратын орны бойынша учаскелік полиция инспекторымен, таныстармен (көршілері, достары) жеке кездесіп әңгіме өткізуге, жергілікті бюджет қаржы есебінен жалға алынған көлік қолданылсын.
Тармақ 11
11. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Г.С.Бүйрекбаевка жүктелсін.
Тармақ 12
12. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Келісілді
Мамлют аудандық орталық
емхананың бас дәрігері
Т.Кузина
07.12.2007 жыл
Мамлют аудандық орталық
аурухананың бас дәрігері
М.Коробкова
07.12.2007 жыл
Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданының қорғаныс
істері жөніндегі бөлімінің бастығы
С. Сүлейменов
07.12.2007 жыл
Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданының ішкі істер
бөлімінің бастығы
Т.Тұғұнбаев
07.12.2007 жыл