1991 жылы туған азаматтарды тіркеуді жүргізу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1991 жылы туған азаматтарды тіркеуді жүргізу туралы Жарма ауданының шақыру учаскесіне 1991 жылы туған азаматтарды тіркеуді жүргізу мақсатымен. Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17, 18 және 44 бабтарын. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағы 8 тармақшасын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» қаулысын басшылыққа ала отырып, Жарма ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жарма ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы (М. А. Ахметкалиев) 1991 жыльі туған азаматтарды тіркеуді жүргізуді ұйымдастырсын (келісім бойынша ).
Тармақ 2
2. 1991 жылы туған азаматтарды тіркеуді жүргізу жөнінде аудандық комиссияның құрамы бекітілсін (қосымша 1).
Тармақ 3
3. Шақыру учаскесіне тіркелетін 1991 жылы туған азаматтарды медициналык куәландыру 2008 жылдын 22 каңтарынан 2008 жылдын 31 наурызы аралығында жүргізілсін.
Тармақ 4
4. «Жарма ауданының орталық ауруханасы» КҚМК бас дәрігері (Т.В. Брынзова) (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) медициналық куәландыруды өткізу ушін қажетті мөлшерде маман-дәрігерлер мен орта буын медициналық қызметкерлерді бөлсін;
Тармақша 2
2) жатып емделетін орындарда емдеу-сауықтыру мекемелерінде тіркеу жөніндегі комиссияның жолдамалары бойынша азаматтарды қосымша тексеру үшін бос орындар ұстасын;
Тармақша 3
3) тіркеу жөніндегі комиссияны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 16 наурыздағы № 117 және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2005 жылғы 4 наурыздағы № 100 бірлескен бұйрығымен бекітілген ережеге сәйкес қажетті мөлшерде медициналық аспаптармен, мүлікпен қамтамасыз етсін;
Тармақша 4
4) тіркеу учаскесіне тіркеу жүргізіліп, емделуге мұктаж шақырылушылардың тізімдері тапсырылған соң, оларды емдеу мекемелеріне бекітіп, толық емделіп шығуын қамтамасыз етсін;
Тармақша 5
Тармақ 5
5. Селолық округтер, кенттер және Шар қаласының әкімдері тіркелуге тиісті азаматтарды ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөліміне шақырылғандығы туралы хабардар етуге және олардың дер кезінде келуін қамтамасыз етсін;
Тармақ 6
6. «Жарма ауданының жұмыспен камту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (А.А. Өмірзақов) мүгедек деп танылған барлық адамдар туралы мәлімет берсін.
Тармақ 7
7. «Жарма ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі (М.М. Ахметова) және «Жарма ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» (М.А. Ахметқалиев) (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеу және білім деңгейін тексерсін;
Тармақша 2
2) әскери техникалық мамандық бойынша даярлауға үміткерлер іріктелсін.
Тармақ 8
8. Жарма ауданының ішкі істер бөлімі (Ж.Т. Жүрсінбаев) (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) бұрын сотталған немесе жазасын өтеп жүрген, қоғамға жат әрекеттері мен басқадай қылмыстары үшін тергеуде жүрген, тіркелуге тиісті азаматтар туралы қорғаныс істері жөніндегі бөлімге хабарласын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери кызмет туралы» Заңын орындаудан жалтарып жүргендерді іздестіруді және ұстауды оз құзыреті шегінде жүзеге асырсын.
Тармақ 9
9. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С.М. Брынзовка жүктелсін. Келісілді: Жарма ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы М.А. Ахметқалиев Жарма ауданының ішкі істер бөлімінің бастығы Ж. Т. Жүрсінбаев Жарма ауданының орталық ауруханасы коммуналды қазыналық мемлекеттік кәсіпорнының бас дәрігері Т.В. Брынзова
Басқа 19. Аудандық аурухананың дәрігер мамандарының әскери тіркеуге және әскерге шақыру комиссияның штаттан тыс
Жарма ауданы әкімдігінің 2007 жылғы «06» желтоқсандағы № 362 қаулысына 1-қосымша Аудандық аурухананың дәрігер мамандарының әскери тіркеуге және әскерге шақыру комиссияның штаттан тыс құрамы Жарма ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы М. A. Ахметқалиев