О проведении приписки к призывному участку юношей 1991 года рождения Қолданыста
Басқа 0
1991 жылы туған бозбалаларды әскерге шақырту учаскесіне есепке алу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеткерлік пан әскери қызмет туралы» Заңының 17-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысымен бекітілген әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды есепке қою тәртібі туралы Ережелеріне сәйкес, ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. 2008 жылдың қантар-наурыз айларында 1991 жылы туған, есепке алу мерзімінде 17 жасқа толған бозбалаларды және бұрын әскерде болмаған, жастары асқандарды (бұдан әрі - азаматтар) Железин ауданының әскерге шақырту учаскесіне (бұдан әрі – шақытру учаскесі) есепке алу жұмыстары жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Ауданның селолық округ әкімдеріне:
әскерге шақырушыларға уақытылы хабарлаумен қатар, Железин ауданы қорғаныс істері жөніндегі Бөліміне жеткізуді қамтамыз етсін;
қорғаныс істері жөніндегі Бөлімінің әскерге шақырушыларды есепке қою жұмысына көмек берсін;
азаматтарды әскерге шақыру учакесіне тіркеі жұмысы аяқталған соң, қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің тізіміне сәйкес, тексеріс жасасын.
Тармақ 3
3. Облыстың денсаулық сақтау департаментінің өкілі - «Железин аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорының бас дәрігеріне (келісім бойынша):
есепке тұратын ресурстарды мелициналық анықтаудан өткізу үшін өз бұйрығымен дәрігерлер – білікті мамандар мен медициналық қызметкерлерді тағайындап, медициналық комиссии кезінде мамандардың ауысыуына жол бермесін;
есепке тұратын азаматтарды талапқа сай тексерілуден өткізуге міндетті;
стационарда тексерілетіндерге аудандық ауруханадан қажетті жатын-орын беріліп, ем-шарамен қамтамасыз етілсін.
Железин ауданының әскерге шақырту учаскесіне есепке алуға 1991 жылғы түған толған бозбалаларды комиссиядан өткізу жұмысында дәрігерлік тексерілу мен диспансерлік бақылаудан өткен азаммардың денсаулығын сипаттайтын медициналық, амбулаторлық қарталарына қосымша парағымен қатысу үшін ауыл ауруханалырының аға дәрігерлерін жұмылдыру қажет;
Тармақ 4
4. Ауданның ішкі істер бөлімі (келісім бойынша) әскерге шақырту учаскесінде қоғамдық тәртіп орнатумен қатар, әскери тіркелі мен медициналық тексеруден өтуден бас тартушыларды іздеп және табуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (келісім бойынша): жастардың жергілікті тізімдемесі мен оқу орындарындағы ұсынылған тізімдерін қалыс қалдырмай қамтамасыз ету мақсатында, тіркеу басталғанша тексеріп алу жүктелсін.
Тармақ 6
6. 1, 2 қосымшаларға сәйкес , әкерге шақырту учаскесіне есепке алу комиссияларының негізгі және қосалқы құрамы бекітілсін.
Тармақ 7
7. Ауданның экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне (Доскереев Қ.Б) 2007 жылғы аудан бюджетінен есепке алу науқанын өткізу үшін қаржы бөлу тапсырылсын.
Тармақ 8
8. Ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөліміне (келісім бойынша) есепке алу барысы бойынша аудан әкімін апта сайын ақпараттандырып, қорытындысында есепке алу жұмысының нәтижесі туралы ақпарат дайындап, ұсынсын.
Тармақ 9
9. Железин ауданы әкімінің 2006 жылғы 25 желтоқсандағы «1990 жылы туған бозбалаларды әскерге шақырту учаскесіне есепке алуды өткізу туралы» № 13 шешімі (МТН 12-6-34. 2007 жылғы 19 қантардан) күшін жойылды деп танылсын.
Тармақ 10
10. Осы шешімінің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.М. Каппасовқа жүктелсін.
Тармақ 11
11. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді.
Келісілді
Железин ауданы қорғаныс
Істері жөніндегі бөлімінің бастығы С. Сүлейменов
2007 ж. «25» желтоқсан
Келісілді
Железин ауданы ішкі істер
Бөлімінің бастығы
Қ. Серікбаев
2007 ж. «25» желтоқсан
Келісілді
ОДД өкілі –Железин аудандық
Ауруханасының бас дәрігері Г. Оспанова
2007 ж. «25» желтоқсан
Басқа 12. Железин ауданының азаматтарды әскерге шақырту учаскесіне есепке салу комиссиясының ҚҰРАМЫ
Железин ауданы әкімінің
2007 жылғы «25» желтоқсан
№ 29 шешіміне 1-қосымша
Железин ауданының азаматтарды әскерге шақырту учаскесіне есепке салу комиссиясының ҚҰРАМЫ
Сүлейменов
Сұңқар Айдарханұлы – ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша)
Қаппасов Балтабай Мәдениұлы – аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы орынбасары
Махметова Мұңғайын Әйтімқызы – шақыру комиссиясының хатшысы (келісім бойынша)
Симиновский Анатолий Иванович – ауданның ішкі істер бөлімінің өкілі (келісім бойынша)
Төлеуов Бектемір Кәкімұлы – АОА емханасының меңгерушісі медициналық комиссия төрағасы (келісім бойынша)
Басқа 13. Железин ауданының азаматтарды әскерге шақырту учаскесіне есепке алу комиссиясының қосалық ҚҰРАМЫ
Железин ауданы әкімінің
2007 жылғы «25» желтоқсан
№ 29 шешіміне 2-қосымша
Железин ауданының азаматтарды әскерге шақырту учаскесіне есепке алу комиссиясының қосалық ҚҰРАМЫ
Гринев Александр Сергеевич – ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығының орынбасары, аймақтыұ қорғаныс және жаппай жұмылдыру бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша)
Ақанов Уәлтолла Қабиболлаұлы – ауданның ішкі істер бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы орынбасары
Шәріпова Гүлнар Балпақызы – шақыру комиссиясының хатшысы (келісім бойынша)
Қозкин Қайролла Жұматайұлы – ауданның ішкі істер бөлімінің өкілі (келісім бойынша)
Шнайдер Владимир Богданович – дәрігер, медициналық комиссия төрағасы (келісім бойынша)