Түпқараған аудандық қорғаныс
істері жөніндегі бөлімінің шақыру
учаскесіне 1991 жылы туған
азаматтарды тіркеуге алуды
дайындау және өткізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 23.01.2001 жылғы, Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 08.07.2005 жылғы Заңдарын басшылыққа ала отырып аудан әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Түпқараған аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1991 жылы туған азаматтарды тіркеуге алуды дайындау және өткізу туралы от 03.12.2007 г. № 513 (Түпқараған аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1991 жылы туған азаматтарды тіркеуге алуды дайындау және өткізу туралы)
1. Түпқараған аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1991жылы туған жастарды тіркеуге алу 2008 жылдың 01 қаңтарынан 30 наурызына дейінгі кезеңде өткізілсін.
2. Таушық, Қызылөзен, Ақшұқыр және Баутин ауыл әкімдері (Қ.Серікбаев, Ө.Ермекбаев, А.Нұғыманов, Д.Меңдіханов);
1) Түпқараған аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне әскерге шақырылуға дейінгілердің уақытылы келуін қамтамасыз етсін;
2) Шақыру учаскесіне тіркелуге тиісті жұмыс жасайтын 1991 жылы туылған азаматтарды қажетті құжаттармен, анықтамалармен қаматамасыз ету сұралсын.
3. Аудандық емхананың бас дәрігері Г.Шалабаева:
1) 2008 жылдың 01 қаңтарынан 30 наурызына дейінгі кезеңде 1991 жылы туылған жастарды дәрігерлік куәландырудан және бақылаудан өткізу үшін білікті маман дәрігерлер бөлінсін. (Жалғама №1)
2) Комиссияның маман дәрігерлері қажетті құрал-жабдықтармен, дәрі-дәрмектермен, шаруашылық құралдарымен қамтамасыз етілсін;
3) Тіркеуге алу жөніндегі комиссия кезінде шақыру учаскесіне тіркеуге жататын 1991 жылғы жастардың қан, ұлы және кіші дәрет, электрокардиографиясы қорытындыларын тапсыруларын жүргізуді қамтамасыз етсін;
4) 2008 жылдың қаңтарына қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жүйке ауруларымен , трахомамен, іш құрылысы ауруларымен, сүйек, бұлшық ет, буын ауруларымен ауыратындағы жөнінде диспансерлік бақылау жөніндегі денсаулық жағдайын баяндайтын анықтамалар жеткізілсін;
5) 1991 жылы туылған жастардың дәрігерлік амбулаторлық карталарын тіркеу беттерімен бірге 2008 жылдың қаңтарына қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жеткізілсін;
6) Комиссия жолдаған жастардың кезектен тыс амбулаторлық бақылауын қамтамасыз ету үшін қажетті төсек-орындар бөлінсін;
7) Тіркеуге алу жөніндегі комиссия кезінде 1991 жылы туған іскерге шақырылғанға дейінгілерге егу жұмыстары жүргізілсін.
4. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жетекшісі аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне 2008 жылдың қаңтарына мүгедек болып табылатын 1991 жылы туылған жастардың тізімі және қоғамдық жұмыстар есебінен адамдармен қамтамасыз етілсін. (Шүкірбаева.Д.)
5. Аудандық әділет басқармасының бастығы (Мұқанов.М) келісім бойынша аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне аты- жөнінің өзгергендігі жөнінде, азаматтардың хал актілерін жазуына туған жері, уақыты өзгергендігі тіркелген, сонымен қатар әскерге шақырылғанға дейінгілердің қайтыс болғандығы туралы мәліметтермен қамтамасыз ету ұсынылсын.
6. Дәрігерлік санитарлық сараптау комиссиясының төрайымы Г.Шалабаева 7 күн ішінде аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне мүгедек деп танылған барлық әскерге шақырылғанға дейінгілер туралы мәліметтер жеткізу ұсынылсын.
7. Аудандық ішкі істер бөлімі бастығы Құрымбаев –келісім бойынша алдын-ала тергеу жүргізіліп және қылмыстық іс-қозғалып , ісі сотқа берілген жерге шақырылғанға дейінгілер туралы мәліметтерді уақтылы қорғаныс істері жөніндегі бөліміне хабарлау ұсынылсын.
8. Түпқараған аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімі аудандық ішкі істер бөлімімен бірлесе отырып, шақыру учаскесіне тіркелуден бас тартқандарды ұстап, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне жеткізу үшін іздеу тобын құрсын. Шұғыл жұмыстар қажеттілігі туындаған кезде бөлімнің кезекші автомашинасы бөлінсін. Жалғама № 2
9. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі шешімнің орындалуы жөнінде аудан әкімі аппаратына 2008 жылдың 30 наурызына ақпарат берсін.
10. Осы шешімнің орындалысын бақылау аудан әкімі орынбасары М.Ниязовқа жүктелсін.
11. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.
Аудан әкімінің
«Түпқараған аудандық қорғаныс
істері жөніндегі бөлімінің шақыру
учаскесін 1991 жылы туылған
азаматтарды тіркеуге алуды
дайындау және өткізу туралы»
13.12.2007 жылғы
№ 513 шешіміне Қосымша 1
Түпқараған аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөліміне тіркелетін азаматтарды дәрігерлік сараптамадан өткізуге таратылатын дәрігер мамандардың тізімі:
1. Терапевт-Мусин Ерлан Сақтағанұлы
2. Тері-мерез ауруларының маманы – Ерманова Гүлшат Ақбердіқызы
3. Тіс дәрігері- Боқаева Айтөре Нұрғалиқызы
4. Оташы- Бөгерова Сәлімжан Нұрбаулықызы
5. Психиатр-
6. Фтизиатр-Қани Кенжеғали Тәжіғалиұлы
7. Лор-Өрбісінова Гүлжихан Мекеқызы
8. Көз дәрігері-Мұрынов Жұмабек Көшкінбайұлы
Аудан әкімінің
«Түпқараған аудандық қорғаныс
істері жөніндегі бөлімінің шақыру
учаскесін 1991 жылы туылған
азаматтарды тіркеуге алуды
дайындау және өткізу туралы»
13.12.2007 жылғы
№ 513 шешіміне Қосымша 2
Түпқараған аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне тіркелетін азаматтарды тіркеу бөліміне келуін қамтамасыз ететін іздестіру тобы:
№
Аты-жөні
Мекеме аты
Ескертпе
1
Гулдманова Гүлмира Владимировна
Қорғаныс істер бөлімі
2
Елеусинов Нұрлан Серкебайұлы
Ішкі істер бөлімі