О проведении приписки граждан 1991 года рождения к призывному участку Қолданыста
Басқа 0
1991 жылы туған азаматтарды әскерге шақыру учаскелерінің тізіміне алу туралы
2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 33 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 226 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу Ережесінің 22 тармағына сәйкес, әскерге шақырылатындарды әскери есепке алу үшін, аудан әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Ақмола облысы Астрахан ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (келісім бойынша) 2008 жылдың қаңтар-наурыз айларында аудан аумағында 1991 жылы туған, сондай-ақ оны бұрын өтпеген одан жасы жоғары азаматтарды әскерге шақыру учаскелерінің тізіміне алуды өткізу ұсынылсын.
Тармақ 2
2. «Ақмола облысы Астрахан ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жанынан (бұдан әрі ҚІББ) шақыру учаскесі құрылсын.
Тармақ 3
3. Ауылдық округ әкімдері:
Тармақша 1
1) тізімге алынушы барлық азаматтарға шақыру қағазын тапсырсын;
Тармақша 2
2) шақыру учаскелеріне уақытымен келулерін қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) азаматтарды шақыру учаскелеріне жеткізу үшін шығарып салушылар және қажетті көлік бөлсін, адамдарды тасымалдау кезінде бақытсыздық жағдайлардың алдын алу үшін шаралар қабылдасын;
Тармақша 4
4) ҚІББ өзара әрекет ете отырып, 2008 жылдың 31 наурызына дейін әскерге шақырушыларды алғашқы есепке алуды ұйымдастырсын.
Тармақ 4
4. Кәсіпорындар мен ұйымдар, оқу орындарының басшылары тізімге алынушы азаматтарды комиссиядан өту, стационарлық тексеру және амбулаториялық анализ тапсыру кезінде жұмыстан және оқудан босатсын.
Тармақ 5
5. «Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрлігінің Ақмола облысы ішкі істер Департаментінің Астрахан ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (келісім бойынша) ҚІББ бірлесе әрекет етуді ұйымдастыра отырып, әскерге шақыру учаскелерінде тәртіп сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 6
6. Азаматтарды тізімге алу іс-шараларын орындауға байланысты шыққан шығындар жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылсын.
Тармақ 7
7. ҚІББ бастығына (келісім бойынша) 1991 жылы туған азаматтарды әскерге шақыру учаскелерінде тізімге алу жұмыстарының нәтижелері бойынша, азаматтарды әскери учаскелерде тізімге алу аяқталғаннан кейін, 10 күндік мерзімнің ішінде аудан әкіміне ақпарат тапсыру ұсынылсын.
Тармақ 8
8. Осы шешімнің орындалу барысын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Қожахметке жүктелсін.
Тармақ 9
9. Осы шешім Астрахан ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және «Маяк» газетінде жарияланғаннан кейін әрекет етуге кіріседі.