О проведении приписки граждан 1991 года рождения к призывному участку Отдела по делам обороны района имени Габита Мусрепова Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.01.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1991 жылы туылған азаматтарды Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскерге шақырушылар учаскесіне тіркеу туралы «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 08 шілдегі № 74 - III Заңы, «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысы негізінде, 1991 жылы туылған азаматтарды Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскерге шақырылушылар учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне 1991 жылы туылған азаматтарды тіркеуге шақыру 2008 жылдың қаңтарынан наурыз айы аралығында жургізілсін.
Тармақ 2
2. «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінде шақыру учаскесі ұйымдастырылсын, тіркеу жөніндегі персоналдық комиссия мүшелері келесі құрамда бекітілсін: Мусин Шайдолла Сапарұлы - «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығы, комиссия төрағасы; Горбченко Евгений Витальевич - «Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі ұйымдастыру бақылау және кадрлар жұмысы бөлімінің (азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар) бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары. Комиссия мүшелері: Журавлев Юрий Григореьвич - «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ішкі істері бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары; Селезень Алексей Николаевич - Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның «Аудандық емхана» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын емханалық жұмысы бойынша бас дәрігер орынбасарының міндетін уақытша атқарушы, дәрігерлік комиссия төрағасы; Бейкель Светлана Николаевна - аға медбике, комиссия хатшысы. Тіркеу комиссияның мұшелері сырқаттанып немесе басқа да себептермен келмей қалған жағдайда келесі көмекшілер бекітілсін: Асқаров Мұрат Манапұлы - «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары, комиссия төрағасы; Тайшабаева Алтыншаш Жұлдызбекқызы - Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің әлеуметтік сұрақтар бойынша орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары. Комиссия мүшелері: Ақтаев Ибрагим Салыкұлы - «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары; Бижанов Қаныш Болатұлы - Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның «Аудандық емхана» мемлекеттік коммуналдық қазналық кәсіпорынның бас дәрігері, дәрігерлік комиссияның төрағасы; Сергеева Любовь Андреевна - медбике, комиссия хатшысы.
Тармақ 3
3. «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығы Ш. С. Мусинге 2008 жылдың қаңтар айынан бастап тіркеуге жататын азаматтарды шақыру жүргізу ұсынылсын (келісім бойынша).
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның «Аудандық емхана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның бас дәрігері Қ.Б. Бижановқа келесі міндеттер ұсынылсын (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) азаматтарды дәрігерлік куәландырудан өткізу үшін қажетті құрамда тәжірибелі дәрігер мамандары және орта дәрігерлер қызметімен қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) аудандық емдеу мекемелері арқылы көкірек клеткасына флюрография (рентгеноскопия) жасау, аяқ табандарын тексеру, электрокардиограмма, анализдер өткізуі барлық азаматтарға 2008 жылдың каңтарынан «Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің есеп жоспарына сәйкес қамтамасыз етілсін;
Тармақша 3
3) дәрігерлік комиссияны қажетті мөлшерде дәрігерлік және шаруашылық мүлікпен қамтамасыз етілсін;
Тармақша 4
4) «Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің берген тізімге сәйкес тіркеуден өткенен соң емдеу қажет етілетін азаматтарды емдеу мекемесінің қарамағына алып келіп, кезекті әскери шақыруға дейін емдеу жүргізілсін.
Тармақ 5
5. Барлық ауылдық округтердің әкімдеріне жүктелсін:
Тармақша 1
1) тіркеуге жататын барлық азаматтарға қолма қол шақыру қағазы беріліп, оралдың толық комиссиядан «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі белгілеген мерзімге сәйкес әскерге шақыру учаскесіне келіп өтуін қадағаласын;
Тармақша 2
2) азаматтарды әскерге шақырушылар учаскесіне жеткізу үшін қажет көлік пен жетекші бөлу қамтамасыз етілсін, азаматтарды тасымалдауда апат жағдайлардан сақтап қалу үшін шаралар қабылдансын;
Тармақша 3
3) әскерге шақыру учаскесіне азаматтарды жіберер бұрын шақыру қағазында көрсетілген қажетті құжаттарының толық екендігі тексерілсін.
Тармақ 6
6. «Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығы Н.Г.Дышкант тіркеу жасау учаскесіне бюджетте қаралған қажетті ақша бөлінсін.
Тармақ 7
7. «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығы Ш. С. Мусинге 1991 жылы туылған азаматтардың әскери шақыру учаскесіне тіркеуінің қорытындысын Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкіміне 2008 жылдың сәуір айында хабарласын.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Алтыншаш Жұлдызбекқызы Тайшабаеваға және Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Шайдолла Сапарұлы Мусинға жүктелсін.
Тармақ 9
9. Осы қаулы ресми түрде жарияланған кеиін он күн күнтізбелік өткенен кейн қолданысқа еңгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығы Ш.С.Мусин 2008 жылы 09 қаңтар Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның «Аудандық емхана» мемлекеттік коммуналдық қазналық кәсіпорынның бас дәрігері Қ.Б.Бижанов 2008 жылы 09 қаңтар