О проведении приписки граждан 1991 года рождения к призывному участку отдела по делам обороны Аршалынского района Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аршалы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің әскерге шақыру учаскесіне 1991 жылы туылған азаматтарды есепке алуды өткізу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 33 бабының 2 бөліміне, Қазақстан Республикасының «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабының 3 бөліміне сәйкес әскерге дейінгі жастарды әскери есепке алу үшін, аудан әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Аршалы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне 2008 жылдың қаңтары мен наурызында, шақыру жылында 17 жасқа толған 1991 жылы туылған азаматтарды шақыру участкесіне есепке алуды ұсыну.
Тармақ 2
2. Аршалы кенті және ауылдық округ әкімдері, мекемелер, кәсіпорындар, ұйымдар, білім ұйымдары жетекшілері меншік түріне қарамай, 1991 жылы туылған азаматтарды Аршалы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру пунктіне көрсетілген мерзімде, алғашқы әскери дайындықты ұйымдастырушы-мұғалімнің жетекшілігімен жеткізілсін.
Тармақ 3
3. Аршалы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің қарамағына, Аршалы аудандық орталық емханасы қажетті дәрігер-мамандар және орта медицина қызметкерлерін қажетті медициналық құрал-жабдықтармен және шаруашылық мүліктерін бөлсін. Есепке алу комиссиясы бойынша жолдамамен жіберілгендерге қосымша тексерулер жүргізу үшін, аурухана бөлімдерінде бос төсек орындар болуы керек. Есепке алынған барлық азаматтардың ауыз қуыстарын санциялау, тексеру анализдерін жасау, кеуде клеткасына флюрографиялық тексерулерді өткізу аудандық емдеу-сауықтыру мекемелері арқылы қамтамасыз етілсін. Аршалы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде, әскери есепке алу өткізіліп болғаннан кейін, 1991 жылы туылған жастардың тізімі жасалып, емдеуді қажет ететіндерді жедел әскери қызметке шақырылуға дейін, емдеу мекемелеріне бекітіп, олардың емделуі қамтамасыз етілсін.
Тармақ 4
4. Мекемелер, кәсіпорындар, ұйымдар, білім ұйымдары жетекшілері меншік түріне қарамай, Аршалы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру пунктіне азаматтарды жеткізу кезінде барлық қауіпсіздік шаралары сақталсын. Жеткізу алдында азаматтардың шақыру құжаттарында көрсетілген қүжаттардың барлығы тексерілсін. Есепке алуға жататын, 1991 жылы туылған жастарды оқудан және жұмыстан босатып, іс сапарға жіберілгендерді шақырып алып Аршалы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі тағайындаған мерзімде келуін міндеттесін.
Тармақ 5
5. Аршалы аудандық ішкі істер бөлімінің бастығына, шақыру участкесіндегі тәртіпті және есепке алудан жалтарған тұлғаларды іздеуді қамтамасыз ету.
Тармақ 6
6. Аршалы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығына, азаматтарды есепке алу аяқталғаннан кейін 10 күн ішіндегі мерзімде есепке алудың нәтижесі туралы ақпарат беру.
Тармақ 7
7. Азаматтарды әскери есепке алу науқанына байланысты шығындарды жергілікті бюджет есебінен берілсін.
Тармақ 8
8. Осы шешім Аршалы аудандық әділет басқармасында тіркелген және жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Тармақ 9
9. Осы шешімнің орындалуын бақылау Аршалы ауданы әкімінің орынбасары Мәмбетов Талғат Жаңабергенұлына жүктелсін. КЕЛІСІЛГЕН: Аршалы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы капитан Н. Асылбеков 24.12.2007 Аршалы аудандық орталық емханасының бас дәрігері В. Биджиев 24.12.2007 Аршалы аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Е. Мұқанов 24.12.2007