«1991 жылғы туған азаматтарды Қаркаралы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тізімге алу туралы» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«1991 жылғы туған азаматтарды Қаркаралы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тізімге алу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылдың 8 шілдесіндегі «Әскери міндеттілік және эскери қызмет туралы» Заңын (бұдан эрі - Заң), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» №371 қаулысын орындау үшін және Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 каңтарындағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес жасы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды, сондай - ақ бұрын тіркеуден өтпеген, жасы асқан азаматтарды, олардың санын, әскери қызметке жарамдылығын және денсаулық жағдайын аныктау, жалпы білім денгейін және мамандығын белгілеу, дене даярлығын деңгейін анықтау, әскерге шақырушыларды алдын - ала белгілеу, әскери - техникалық мамандықтар бойынша даярлау және әскери оқу орындарына түсу үшін кандидаттарды іріктеу мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қала, кент, селолық округ әкімдеріне, Қарқаралы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне (Әбдіқашев Е.Қ. - келісім бойынша) 2008 жылдың қаңтар - наурыз айларында жасы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды, сондай - ақ бұрын тіркеуден өтпеген, жасы асқан азаматтарды Қаркаралы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесінде тіркеу өткізілсін, ол үшін Заңның 17 - бабына сәйкес комиссия құрылсын жәнс оның жұмысы қамтамасыз етілсін (№ 1 қосымша).
Тармақ 2
2. 1991 жылы туған азаматтарды Қарқаралы аудандық қорғаныс істері жөніңдегі бөлімінің шақыру учаскесіне тізімге алу кезінде автокөліктерді жанар-жағармаймен қамтамасыз етуге жұмсалатын қаржының есебі жасалсын (№ 2 қосымша).
Тармақ 3
3. 1991 жылы туған азаматтарды Қарқаралы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тізімге алуының іс-шаралар жоспары бекітілсін (№ 3 қосымша).
Тармақ 4
4. Аудандық медицина бірлестігінен (Жекеев С.Ж. - келісім бойынша):
Тармақша 1
1) медициналық комиссияны қызметкерлермен қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) медициналық комиссияны тиісті мүлікпен, құрал - саймандармен және жабдыкпен қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) қажетті жағдайда азаматтардың стационарлық зерттелуін қамтамасыз ету сұралсын.
Тармақ 5
5. Аудандық білім беру бөлімі (Т.Сәдуақасов):
Тармақша 1
1) тіркеуге жататын азаматтардың шақыру пункітіне келуін, әскер жасына дейінгі азаматтардың әскери есепке тұруына байланысты міндеттерді орындау үшін қажетті уақытқа оларды оқудан босатуды;
Тармақша 2
2) тіркеуге жататын азаматтарды Қарқаралы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне шақыру туралы хабарлауды және осы шақыру бойынша олардың уақытында келуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) шақыру учаскелеріне келетін азаматтарды тасымалдауда жол — қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету, жауапты адамдар бекіту тапсырылсын.
Тармақ 6
6. Аудандық ішкі істер бөлімі (С.Дюсетаев - келісім бойынша):
Тармақша 1
1) әскери міндеттілікті орындаудан жалтарған тұлғаларды іздестіріп, ұстауды жүргізу;
Тармақша 2
2) азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу жөніндегі комиссияның жұмысы кезінде тіркеудің барлық кезеңіне (қаңтар - наурыз) қызметкер бөлу және шақыру пункітінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) шақыру учаскелеріне келетін азаматтарды тасымалдауда жол - қауіпсіздік ережелерінің сақталуын, тасымалдайтын көліктің техникалық ахуалының дұрыс болуын қадағалау сұралсын.
Тармақ 7
7. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Б.Жұманбаев) «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2008 жылдың 1 қаңтары мен 31 наурызы арапығында тіркеуге жататын азаматтарға хабарлау, техникалык жұмыстарды орындау үшін 3 адам, жұмыссыз азаматтарды аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне жіберу арқылы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырсын.
Тармақ 8
8. Аудандық қаржы бөлімі (Ахметжанов Б.Қ) азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеумен байланысты шараларды «Тіркеу және әскери қызметке шақыру жөніндегі шаралар» бағдарламасы бойынша бюджетте көзделген каржылар шегінде қаржыландырылсын.
Тармақ 9
9. «1990 жылғы түған азаматтарды Қарқаралы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тізімге алу туралы» Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2007 жылдың 5 қаңтарындағы №3 қаулысының күші жойылсын (Қарқаралы ауданының әділет басқармасында 2007 жылдың 30 қаңтардағы №8 13-27 болып тіркелген, «Қарқаралы» газетінде 2007 жылдың 3 ақпанындағы №9-10 нөмірінде жарияланған).
Тармақ 10
10. Осы қаулы Қарқаралы ауданының әділет басқармасына мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылсын.
Тармақ 11
11. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.С.Дюсетаевқа жүктелсін.
Тармақ 12
12. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін 10 күн өткен уақыттан бастап күшіне енеді. «Келісілді» Аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі Б. Ахметжанов «25» желтоқсан 2007 ж. «Келісілді» Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі Б. Жұманбаев «25» желтоқсан 2007 ж. «Келісілді» Аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің бастығы Е. Әбдіқашев «25» желтоқсан 2007 ж. «Келісілді» Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы С. Дюсетаев «25» желтоқсан 2007 ж. «Келісілді» Аудандық медицина бірлестігінің директоры С. Жекеев «25» желтоқсан 2007 ж.
Басқа 22. 1991 жылы туған азаматтарды Қарқаралы аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне тізімге алу жөніндегі шақыру учаскесінің комиссия құрамы
Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2007 жылдың 25 желтоқсандағы № 344 қаулысына № 1 қосымша 1991 жылы туған азаматтарды Қарқаралы аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне тізімге алу жөніндегі шақыру учаскесінің комиссия құрамы 1. Әбдіқашев Ержан Қайдарұлы - Аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша) 2. Әлиұлы Сайлау - Аудан әкімі аппаратының үйлестіру бөлімінің бастығы комиссия төрағасының орынбасары; Комиссия мүшелері: 3. Хасенов Амантай Хасенович - Аудандық ішкі істер бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімі бастығының орынбасары, комиссия мүшесі (келісім бойынша) 4. Абеуова Мағира Райымбекқызы - медицина комиссиясының төрайымы (келісім бойынша) 5. Жумажанов Меруерт Төкенқызы - комиссия хатшысы (келісім бойынша)
Басқа 23. 1991 жылы туған азаматтарды Қарқаралы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тізімге алуға жұмсалатын қаржының есебі
Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2007 жылдың 25 желтоқсандағы № 344 қаулысына № 2 қосымша 1991 жылы туған азаматтарды Қарқаралы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тізімге алуға жұмсалатын қаржының есебі Рет саны Қала, поселке, селолық округтар Тіркеуге жататын азаматтар саны Келіп-қайту арақашықтығы (бөлімшемен есептегенде) Жанар-жағар май өлшемі (лимит) 1. Қаршығалы 23 130км 100л 2. Бесоба 15 346км 140л 3 Угар 6 150км 80л 4. Тегісшілдік 14 100км 100л 5. Ақжол 16 100км 100л 6. Еңбек 21 100км 120л 7. Жанатоған 9 185км 140л 8. Қайнарбұлақ 23 190км 130л 9. Аманжолова 29 170км 150л 10. Бүркітті 20 130км 140л 11. Ынталы 11 260км 100л 12. Бахты 13 240км 120л 13. Томар 8 300км 100л 14. Темірші 10 380км 120л 15. Қарағайлы 30 50км 120л 16. Егіндібұлақ 29 170км 150л 17. Балқантау 22 160км 140л 18. Қаракөл 5 170км 100л 19. Қоянды 10 280км 100л 20. Шарықты 9 280км 90л 21. Сартау 12 260км 80л 22. Абай 10 320км 100л 23. Арқалық 7 320км 100л 24. Айрық 11 410км 150л 25. Қарқаралы 105 - - Барлығы 468 5201км 2540
Басқа 24. 1991 жылы туған азаматтарды Қарқаралы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тізімге алуының іс-шаралар жоспары
Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2007 жылдың 25 желтоқсандағы № 344 қаулысына № 3 қосымша 1991 жылы туған азаматтарды Қарқаралы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тізімге алуының іс-шаралар жоспары № Іс-шаралар Жауаптылар 1 1991 жылы туған азаматтарды тізімге алу жөнінде аудандық білім беру, медицина, ішкі істер, қаржы, жұмыспен қамту, қорғаныс істер жөніндегі бөлімі, селолық округ әкімдердің қатысуымен кеес өткізу Аудан әкімінің орынбасары С.Дюсетаев 2 Тізімге алынатын азаматтарды тұрып жатқан жерінен шақыру учаскелеріне жеткізуді және қайтару кезіндегі жол қауіпсіздігінің қамтамасыз ету Қала, кент, селолық округ әкімдері 3 Тізімге алынатын азаматтарды тұрып жатқан жерінен шақыру учаскелеріне жеткізуді және қайтару кезіндегі жол қауіпсіздігінің қамтамасыз ету АІІБ-нің бастығы С.Дюсетаев (келісім бойынша) Қала, кент, селолық округ әкімдері 4 1991 жылы туған азаматтарды тізімге алу кезіндегі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету АІІБ-нің бастығы С.Дюсетаев (келісім бойынша) Қала, кент, селолық округ әкімдері 5 Тізімге алу мерзіміне Қарқаралы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне жұмыссыздар арасынан ақылы қоғамдық жұмысқа 3 техникалық қызметкер жолдау Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Б. Жұманбаев 6 Мәди, Абай, Сарытау, Арқалық, Шарықты, Балқантау, Қаракөл селолық округтерінде тұратын 1991 жылы туған азаматтарға медициналық сараптама Егіндібұлақ селосындағы учаскелік медицина бөлімшесінде өткізу және қажетті дәрігер мамандармен, дәрі дәрмекпен қамтамасыз ету Аудандық медицина бірлестігі С.Ж.Жекеев (келісім бойынша) 7 1991 жылы туған азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркелу үшін сабақтардан босату Аудандық білім беру бөлімі Т.Садуақасов 8 Шақыру учаскелерінің жылулығын қамтамасыз ету Е.Қ.Әбдіқашев (келісім бойынша) 9 1991 жылы туған азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркелудің қорытындылары туралы ақпаратты әзірлеу Е.Қ.Әбдіқашев (келісім бойынша)