О проведении приписки юношей 1991 года рождения к призывному участку Буландынского района Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.01.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бұланды ауданының шақыру учаскесінде 1991 жылы туған жасөспірімдерге тіркеу жүргізу туралы “Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы” Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасында Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» 2006 жылғы 5 мамырдағы №371 қаулысының негіздерінде аудан әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Тіркеу Бұланды ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесінде мына мекен-жайда жүргізілсін: Макинск қаласы, С.Сейфуллин көшесі, 3.
Тармақ 2
2. “Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес 1991 жылы туған азаматтарды Бұланды ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесінде тіркеу 2008 жылғы қаңтардан бастап наурыздың соңына дейін жүргізілсін.
Тармақ 3
3. Бұланды ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Шәкерханов Руслан Нүсіпханұлына (келісімі бойынша) тіркеуге жататын шақыру жасына дейінгі азаматтарды шақыруды ұйымдастыру ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру учаскесінде жасөспірімдерді тіркеу жөніндегі комиссияның жеке құрамы бекітілсін.
Тармақ 5
5. Аудандағы ауылдық округтердің әкімдеріне, меншік түріне қарамастан кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың және оқу орындарының басшыларына (келісімдері бойынша):
Тармақша 1
1) тіркеу үшін жасөспірімдердің шақыру учаскесіне комиссияға келуін қамтамасыз етсін, іссапардағы және демалыстағы адамдарды шақырту және қорғаныс істері жөніндегі бөлімге келуін міндеттесін;
Тармақша 2
2) комиссия өту, стационарлық тексеру, сондай-ақ амбулаториялық анализ тапсыру кезінде тіркелушілерді жұмыстан және оқудан босатсын.
Тармақ 6
6. Ауылдық округ әкімдері Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңына сәйкес:
Тармақша 1
1) барлық әскерге шақырылушыларға жеке шақыру қағаздарын табыс етсін;
Тармақша 2
2) әскерге шақырылушыларды шақыру учаскесіне дейін және кейін қарай тасымалдау кезінде ілесіп баратын арнайы адам бөлсін, адамдарды тасымалдау кезінде бақытсыз жағдайларды болдырмау үшін барлық шараларды қолдансын;
Тармақша 3
3) шақырылушыларды шақыру учаскесіне атқарардың алдында оларда шақыру қағазында көрсетілген құжаттардың толықтығын тексерсін;
Тармақ 7
7. Бұланды ауданының әділет басқармасында 2007 жылғы 29 қаңтарда №1-7-39 тіркелген, «Вести Бұланды жаршысы» аудандық газетінің 2007 жылғы 9 ақпандағы №6 санында жарияланған, «Бұланды ауданының шақыру учаскесінде 1990 жылы туған жасөспірімдерге тіркеу жүргізу туралы» Бұланды ауданы әкімінің 2007 жылғы 15 қаңтардағы №2 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 8
8. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қ.Есләмоваға жүктелсін.
Тармақ 9
9. Осы шешім Бұланды ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен соң күшіне енеді және аудандық газетте ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ Қорғаныс істері жөніндегі Бөлімінің бастығы Шәкерханов Р.Н. 01.01.08 ж. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Изимов С.А. 01.01.08 ж. Бұланды орталық аудандық аурухана бас дәрігерінің м.а. А.Ж.Нұрсадықова 01.01.08 ж. Аудандық емхананың бас дәрігерінің м.а. К.Р.Мәуленбергенов
Басқа 15. Комиссия мүшелері:
Аудан әкімінің 2008 жылғы 10 қазандағы № 1 шешімімен бекітілген Қорғаныс істері бөлімінің шақыру учаскесінде жасөспірімдерді тіркеу жөніндегі комиссияның ҚҰРАМЫ Шәкерханов Руслан Нүсіпханұлы - Бұланды ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы (келісімі бойынша) Салий Владимир Иванович - Бұланды ауданы әкімі аппаратының азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары Комиссия мүшелері: Апсаметов Еркеш Қосманұлы - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының қызмет жөніндегі орынбасары (келісімі бойынша) Садуақасов Тайбасар Төлегенұлы - аудандық аурухананың хирургия бөлімшесінің дәрігер-хирургі, медициналық комиссияның төрағасы (келісімі бойынша) Қанаева Таңжарық Ғалымжанқызы - аудандық емхананың медициналық статисі, комиссия хатшысы (келісімі бойынша)