О проведении приписки граждан 1991 года рождения к призывному участку отдела по делам обороны Осакаровского района Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Осакаров ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесінде 1991 жылы туған азаматтарға тіркеу өткізу туралы «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17 және 44 баптарына сәйкес «Қазақстан Республикасынның жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 8 тармағына, 2006 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» қаулысының 13 тармағына 2006 жылғы 31 наурыздағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарында әскери - дәрігерлік сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы» қаулысының бөліміне сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарға Осакаров ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру учаскелерінде 2008 жылдың қаңтар - наурыз айларында тіркеу жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Тіркеу комиссиясы келесі құрамда құрылсын: Назымбеков Серік Назымбекұлы - Ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша) Көбжанов Нүркен Сайфиддинұлы - Аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары; Комиссия мүшелері: Нұрмағамбетов Гайдар Игітайұлы - Ауданның қызметтер жөніндегі ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары, (келісім бойынша); Голикова Елена Владимировна - «Аудандық медициналық бірлестігі коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорнының дәрігер - терапевті (бұдан әрі -«АМБ» КМҚК), медициналық комиссия төрағасы (келісім бойынша); Тимащук Светлана Александровна - «АМБ», КМҚК медбикесі, медициналық комиссияның хатшысы (келісім бойынша)
Тармақ 3
3. Тіркеуге алу комиссиясының мүшелері сырқат бойынша немесе басқа да себептермен жоқ болған жағдайда резервтіккомиссия құрама бекітілсін: Кизкин Айдар Сәулебекұлы - Осакаров ауданының қорғаныс істері жөніндегі келісім -шартты әскери қызметшілерін жинақтау бөлімшесінің бастығы (бұдан әрі - ҚІБ), комиссия төрағасы, (келісім бойынга); Абильдин Нұржан Шәймерденұлы - Аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары; Ан Виктор Олегович - Ауданның ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары тергеу бөлімшесінің бастығы (келісім бойынша); Буркин Иван Павлович - «АМБ» КМҚК жәрігер хирургі (келісім бойынша); Рукавишникова Анна Владимировна - «АМБ» КМҚК Осакаровка кенті емханасының учаскелік медбикесі (келісім бойынша)
Тармақ 4
4. Шақыру учаскелері мен жиын пункттерінде жұмыс істеу үшін іссапарларға жіберілген, азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу жөніндегі комиссиялардың, шақыру комиссияларының мүшелеріне, медициналық, техникалық қызметкерлерге, сондай- ақ қызмет көрсету персоналы адамдарына осы міндеттерді атқару уақытына жұмыс орны, атқаратын қызметі және жалақысы сақталады.
Тармақ 5
5. «АМБ» КМҚК директоры Сәдуақасов Қанат Ерекеұлына (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) тіркеуге алу комиссиясының өкіміне қажетті білімі мен жұмыс тәжірибесі бар, неғұрлым білікті дәрігер- мамандарды, сондай -ақ медициналық куәландыру жүргізу үшін орта медициналық персоналдар бөлсін;
Тармақша 2
2) «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарында әскери- дәрігерлік сараптама жүргәзу ережесі» талабына сәйкес тіркеуге алу комиссиясын қажетті медициналық құрал -жабдықтармен және шаруашылық мүлікпен қамтамасз етсін;
Тармақша 3
3) аудандық шақыру комиссиясының жолдамасы бойынша әскер жасына дейінгі азаматтардың денсаулығына байланысты қосымша тексеруден өтуі үшін стационарда бос орын ұстасын;
Тармақша 4
4) әскер жасына дейінгі азаматтарға кеуде клеткесының флюорограмма, электрокардиограммалар және басқа да қажетті анализдер жүргізу қамтамасыз етсін;
Тармақша 5
5) әскерге шақырылушыларды тексеру үшін резервте электрокардиограммалар, рентгенопленкалар лентасы болсын;
Тармақша 6
6) ҚІБ ұсынымы бойынша әскери есепке алынған 1991 жылы туған жасқспірімдердің жедел қызметке шақырылғандарына дейін оларға емдеу жүргізу ұйымдастырсын;
Тармақша 7
7) тіс емдеуін қажет ететін әскер жасына азаматтардың ауыз құысының сауықтырылуы қамтамасыз етсін;
Тармақ 6
6. Кенттер мен селолық округтерінің әкімдері, ұйымдар басшыларына:
Тармақша 1
1) тіркеуге жататын жасөспірімдерді тіркеуге алуға белгіленген бес күн мерзім ішінде ҚІБ шақыру учаскесіне келуі туралы шақыру қағазын бере отырып, хабарлар етсін;
Тармақша 2
2) әскер жасына дейінгі азаматтарды қабылдау үшін ҚІБ көмек көрсетсін;
Тармақша 3
3) төтенше жағдайлар мен апатты жағдайдың алдын алу мақсатында тұрақты тұратын жергілікті жерден (оқудан) шақыру комиссиямына жеткізгенде және қайта қайқанда кенттер мен селолық округі әкімі аппаратының (ұйымдардын) санынан бір маманды жауапты етіп тағайындасын;
Тармақ 7
7. ҚІБ бастығы - Назымбеков Серік Назымбекұлына (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) тіркеуге алу комиссиясының жұмыс кестесіне сәйкес әскер жасына дейінгі азаматтарды тіркеуге алу комиссиясына тұрақты тұратын жергілікті жерден (оқудан) жеткізу мен қайда қайтуға орталықтандырылған жеткізу ұйымдастырсын;
Тармақша 2
2) тіркеуге алу қорытындысы бойынша ақпаратты аудан әкіміне он бес күннің ішінде ұсынысын.
Тармақ 8
8. Осакаров ауданының ішкі істер бөлімінің бастығы Жакупбаев Алпысбай Рахметұлына (келісім бойынша);
Тармақша 1
1) ҚІБ бұрын сотталған, жазасын, қоғамға қарсы әрекет жасаған қылығы және басқа да өылмыстары үшін тергеуде отырған әскер жасына дейінгі азаматтар туралы тұрақты хабардар етсін;
Тармақша 2
2) ҚІБ шақыру учаскемінде қоғамдық тәртіп сақтау үшін жіберілген ауданның ішкі істер бөлімі қызметкерлерінің тізімін ұсынсын;
Тармақша 3
3) әскер жасына дейінгі азаматтарды тұрақтын жерден шақыру учаскесіне жеткізгенде және қайта қайтқанда арнайы автокөлікке еріп жүру үшін жол полициясы қызметкерлерінен наряд бөлсін;
Тармақша 4
4) қоғамдық тәртіп сақтау мақсатында әскер жасына дейінгі азаматтарды тіркеуге алу комиссиясына жеткізгенде және қайта қайтқанда Осакаров ауданының ішкі істер бөлімінің учаскелік полициясы еріп жүруді жүзеге асырсын.
Тармақ 9
9. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Көбжанов Нүркен Сайфиддинұлына жүктелсін.
Тармақ 10
10. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ Ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы С.Н. Назымбеков 2007 жыл 12 желтоқсан КЕЛІСІЛДІ «Аудандық медициналық бірлестігі» коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорнының директоры Қ.Е. Сәдуақасов 2007 жыл 20 желтоқсан КЕЛІСІЛДІ Ауданның ішкі істер бөлімінің бастығы А.Р. Жакупбаев 2007 жыл 12 желтоқсан